НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет64/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Спорт: тұңғыш чемпиондар
Тәуелсіз Қазақстандағы спорттық ахуал бірден қызу қарқынмен дамыды: 
жекелеген спортшылар мен командалар федерацияларға, ассоциация лар 
мен одақтарға бірігіп, ұлттық біріншіліктерде және спорттың әртүрлі түрі-
нен өткен жарыстарға қатысты.
1992 жылғы Барселонадағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстан-
дық спортшылар ТМД-ның біріккен құрамасы құрамында өнер көрсетті. 
Ирина Герлиц әйелдер баскетбол құрамасымен Олимпиада алтынын, во-
лейболшылар Елена Чебукина мен Татьяна Меньшова күміс медаль, грек-
рим күресінен Дәулет Тұрлыханов, мылтық атудан Владимир Вохмянин 
қола жүлде ұтып алды.
1994 жылғы Норвегияның Лиллехаммер қаласындағы Қысқы олимпиа-
да ойындарында қазақстандықтар тұңғыш рет өз мемлекеттік туы астында 
өнер көрсетті. Сол жолы тұңғыш рет Владимир Смирновтың жеңісі құрметі-
не олимпиада тарихында Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалды. 
Біздің көрнекті шаңғышымыз 50 шақырым қашықтықтағы алтын жүлдемен 
қоса, 10 және 15 шақырымда екі күміс медаль иемденді.
Жапонияның Хиросима қаласында 1994 жылдың қазан айында өткізіл-
ген Азия ойындары қазақстандық спортшылар үшін жеңіспен аяқталды. 
Ресми емес командалық есепте біздің құрама 25 алтын, 26 күміс және 26 
қола медаль жеңіп алып, төртінші орыннан көрінді.
Халықаралық жарыстарға қатысып, жеке және командалық табыстарға 
кенелген Қазақстанның үздік спортшылары өз елінің мәртебесін абырой-
мен қорғады. Олардың жеңістері бүкіл әлемнің назарын саясатта ғана 
емес, сондай-ақ әлемнің спорттық картасында да елеулі орынға көтерілген 
жаңа тәуелсіз елге аударды.


87
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   293




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет