НұСҚаулар мамандық: 5В130100-«Жалпы медицина»



бет5/6
Дата27.04.2020
өлшемі137 Kb.
#64898
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сабақ 14 ТҚАжТ
o-ponyatiyah-vektora-i-vektornoy-velichin-v-shkolnoy-matematike-i-fizike, икт 14 апта, русский язык. Презентация, тест 3 сынып, Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия-emirsaba.org
Жағдайлық есептер:

1 есеп

Емханаға 45 жастағы науқас екі қолының білезік, саусақ буындарындағы орташа ауыру сезіміне, олардың ісінуіне және таңертең қозғалыстың шектелуіне шағымданып келді. Ауыру сезімі көбіне қимылдағанда пайда болады. Сонымен қатар кешкі уақыттарда науқастың дене температурасының 37,5-38,0ºС-қа дейін көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық күш түскенде ентігу, әлсіздік, селқостық, арықтау мазалайды. Науқастың анамнезінен (сыртартқысынан) оның буындарындағы ауыру сезімі жедел тыныстық вирустық жұқпаны басынан өткізгеннен 3 айдан бері мазалайтындығы белгілі. Соңғы 1 айда дене қызымының көтерілуін, жүрек қағуын, арықтауын байқаған. Сол кезде тағы саусақ буындарының ісінуі мен қозғалыстың шектелуін байқаған. Ем қабылдамаған. Науқастың ата-анасы қартайған шағында өлген, бірақ ол анасының аяқ-қолдарындағы буындарының ауыратындығына жиі шағымданғанын айтады.

Зерттеу мәліметтері: бойы – 168 см, салмағы - 48 кг, дене қызымы– 37,6, АҚ – 90/60 мм.с.б.,

Пульсі (ТСЖ -тамыр соғу жиілігі) - 100/мин, ТЖ-20/мин. Бұлшық ет-сүйек жүйесі: екі қолының үстіңгі жақтық бунақ аралық алақан бунақтық және білезік буындары ісінген, пішіні шамалы жойылған, терісі қызарған, ауыру сезіміне байланысты қимылы біраз шектелген. Қол саусақтары ұршық тәрізді. Шынтақ буындарының сыртқы бетінде теріастылық түйіндер және саусақ бұлшық еттерінің шамалы семуі байқалады .

Қан талданымы:

Эритроциттер 3,0 х1012 Ретикулоциттер 5 ‰

Гемоглобин 100 г/л

Түстік көрсеткіш 0,8

Лейкоциттер 10,0 х 109

Эозинофилдер 3, 0 %

Таяқша ядролы лейкоциттер 8 % ; б/я - 67 %

Лимфоциттер 14 %; Моноциттер - 4 %

Тромбоциттер 240 х109

ЭШЖ 35 мм/сағ.

Қан жағындысында - гипохромия - ++;

Қанның биохимиялық талданымы: С-әсерлі нәруыз (СӘН) +++

Протеинограмма

Қалыпты жағдайда

Жалпы нәруыз 50 г/л 65 – 85 г/л

Әлбуминдер 30 г/л 40 - 50 г/л

Глобулиндер 42 г/л 30 - 40 г/л

Фибриноген 6 г/л 2 - 4 г/л





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет