Нұсқаулары «Білім берудегі менеджмент»



бет26/35
Дата25.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#164317
түріНұсқаулар
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»
2. Атыгаев Н.А. 13-18, көрнекілік, 6-СЫНЫП 1-3 ТАҚЫРЫПТАР (БАЗА), 27-30, инклюзивтен кітап, КТП 7 сынып 72 сағат Маржан, чек лист
Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкiн:
1. Жоспарластырған мерзiмдегi мектептiк мiндеттерi.
2. Оқушылар контингентiнiң жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту
мүмкiндiгiнiң перспективасы.
3. Оқу-тәрбие процесiн жаңалаудың, педагогикалық инновация еңгiзудiң
перспективасы.
4. Мектептiң педагог кадрларға деген сұранымы.
5. Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру (МБЖИ, курстар, семинарлар,
тренингтер және т.б.)
6. Мектептiң материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдiстемелiк
жарақтандырылуын дамыту (құрылыс жұмыстары, ЭЕТ және компьютер
жабдықтары, кiтап қорын толықтыру, кабинет безендiру).
7. Оқушылар мен мұғалiмдердi әлеуметтiк қорғау, олардың тұрмысын, еңбек
және демалыс жағдайын жақсарту.
Педагогикалық ұжымның және мектеп әкімшілігінің барлық жұмысбағыттарын қамтитын негізгі жоспарлау түрі – жылдық жұмыс жоспары.
Ұйымның жылдық жұмыс жоспарын жасауда білім менеджері мынадаймәселелерді ескеруі тиіс:
- Ұйым мақсатына қол жеткізу үшін не істеу керек?
- Оны қашан және қандай мерзімде істеу керек?
- Орындаушы кім?
- Қандай ресурстар бар?
- Іс-шараларды орындау тәсілдері қандай?
- Орындаушы кімдермен қатынаста болуы керек?
- Іс-шараға қатысты әрекеттерді кім басқарады?
- Орындау барысы мен нәтижесін кім бақылауды?
- Міндеттердің орындалу өлшемдері қандай?
Мектептiң жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады дабiрнеше кезеңдi қамтиды. Бiрiншi кезеңде (бiрiншi оқу тоқсаны) мектепдиректоры, оның орынбасарлары дамыту мен бiлiм беру, соның iшiндежоспарластыруға да қатысты теория-лық және әдiстемелiк, нормативтiк жәненұсқау сипатындағы құжаттармен танысады. Екiншi кезеңде (екiншi оқутоқсаны) директордың басшылығымен жоспар, жобасы-ның құрылымын жасау,қажеттi мағлұмат көздерiн тауып, мәлiмет жинақтайтын бастамашыл топқұрылады. Үшiншi кезеңде (үшiншi оқу тоқсаны) жинақталған мәлiметтерталданады, комиссия мүшелерiнiң есептерi талданады, қалыптасқанқиындылықтардың себебi айқындалып, оларды жоюдың жолдарықарастырылады. Төртiншi кезеңде (төртiншi тоқсанның соңы) жоспар жобасыдайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесiнде
мектептiң жұмыс жоспары бекiтiледi.
Мектептiң жылдық жұмыс жоспарының үлгi мазмұны
Мектептердiң жылдық жоспарларының түрлi нұсқаларын жинақтай келiп, жоғарыда жоспарластыруға қойылған талаптарды ескерiп, жылдық жоспардыңмынадай үлгi жоспарын көрсетуге болады:
1. Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және
жаңа оқу жылының мiндеттерi.
2. Мектеп ұжымының жалпы бiлiм қорының жұмысын атқаруы.
Жұмыс жоспарының бұл бөлiгiнде мектеп мөлтек ауданы анықталады, нақты
мектептанту мүмкiндiгi ескерiледi. Мектеп оқушылардың жалпы орта бiлiм
алуына бағытталған шараларды жоспарластырады. ҚР ''Бiлiм туралы'' заңның
баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру
балаларға материалдық көмек ұйымдастырады. Бұл жоспар бойынша баланың
құқын қорғау, оларды үйде оқыту, тәрбиесi қиын оқушыларға көмек көрсету
мәселелерi де қамтылады. Педұжым мен ата-аналардың жұмыс жоспарында
балалардың дербес-шығармашылық дамуына жағдай жасау да қарастырылуы
тиiс.
3. Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесiнiң сапасын көтеру қызметi
Оқушы мен мұғалiм қызметiнiң барлық саласын қамтитын болғандықтан
жоспардың бұл бөлiмiнiң көлемi барынша мол болады. Бұл, әсiресе, бiлiмнiң,
дағдының iскерлiктiң сапасын қамтамасыз ету, ол үшiн оқу процесiн
ұйымдастырудың жаңа түрлерiн қолдану, оқытуды дербестендiру және жiктеу
болып табылады. Сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру,
оқушы тұлғасының мәдени базасын қалыптастырудағы мектеп қызметiнiң
алуан түрлiлiгi оқушылардың өзiн-өзi басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық
ұйымдарын қолдаудың «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясына
сәйкестiгi.
4. Мектептiң, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар
тәрбиесiндегi бiрлескен жұмыстары. Мектептiң ата-аналардың педагогикалық
бiлiмiн көтерудегi жұмыстары. Бұл жұмыстың мазмұны отбасы мен қоғамдық
орталық бiрлескен әрекетiндегi мектептiң ұйымдастырушы орталық ретiндегi
рөлiн нығайтуға бағытталады. Ол мазмұнға ата-аналар ұжымы мен мектеп
кеңесiнiң жұмысы, педагогикалық лекторийлер, жалпы мектептiк
педагогикалық конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар
үшiн ашық есiк күндерi енедi. Ата-аналарды үйiрме, секция, студия және т.б.
қоғамдық жұмыстарды жетекшiсi ретiнде оқушылардың тәрбие жұмыстарына
тарту, сол сияқты ата-аналармен дербес жұмыс жүргiзу де осы бағыттың
мазмұнын құрайды.
5. Педагог кадрлармен жұмыс. Педагог кадрларды аттестациялау, олардың
кәсiптiк дайындығының деңгейiне баға беруде информатика мен ЭЕТ
құралдарын пайдалану, мектеп ұжымының жалпы мектептiк ғылыми-
әдiстемелiк мәселелермен - семинар, конференция, педоқу, әдiстемелiк кеңес
отырыстары, педагогикалық кеңес өткiзу. Озық педагогикалық тәжiрибе
мектебiнiң жұмысын жолға қою. Пән мұғалiмдерi мен сынып жетекшiлерiнiң
әдiстемелiк бiрлестiктерi қызметiнiң мазмұнын айқындау. Педагогикалық
тәжiрибенi зерттеу, жинақтау және таратуға басшылық жасау. Мектепте
инновациялық орта қалыптастыру, педагогикалық инновацияны бағалау және
енгiзу.
6. Мектепiшiлiк бақылау жүйесi. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы iс-
әрекет бағдарламасы қарастырылады.
7. Мектептiң оқу-материалдық базасын нығайту мектептiң материалдық
құндылықтары, оқытудың техникалық құралдары, оқу құралдарын түгендеп
отыру жыл бойына жоспарластырылады. Оқу кабинеттерiн безендiру және
қайта жабдықтау. Ұзартылған күн тобы мен 6 жасар балалармен жүргiзiлетiн
сабақ жұмыстарын жетiлдiру. Спорт, туризм, техникалық шығармашылықпен
айналысудың материалдық-техникалық базасын нығайту. Мектеп
кiтапханасының қорын толықтыру. Мектептi ағымдағы және күрделi
жөндеуден өткiзудiң бағдарламасы.
8. Ұйымдық-педагогикалық iс-шаралар. Жоспардың бұл бөлiмiнде мектеп
кеңесi отырысының, педагогикалық кеңестiң,өндiрiстiк жиынның тақырыптары
жазылады. Мектеп басшылары арасында мiндет бөлiсiледi, мектептiң бiртұтас
жұмыс тәртiбi, кезекшiлiк кестесi анықталады, оқу жүктемесi, сынып
жетекшiлiгi, кабинет меңгерушiлiгi және т.б. бөлiнiп берiледi.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептiк жоспарды нақтылау үшiн оқутоқсанында жасалады. Оларға сабақ кестесі, мектепішілік бақылау жұмысыныңжоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, орындалу мерзімі бір айданартық іс-шаралардың жоспары (ҰБТ-ға, МАБ-қа дайындық, т.б.); сабақжоспарлары жатады.
Осылайша жоспарлардың негiзгi түрлерi педагог, оқушы және ата-аналарұжымдарының әрекетiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi. Бұл жоспарлармұғалiмдер мен сынып жетекшiлерiнiң жұмысы үшiн стратегиялық жоспарболып табылады. Бiртұтас басқару циклында жоспарластыру қызметiн iскеасыру мектеп қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет