Зәр түзудің 3 кезеңі бар:
1.Ультрасүзілу.
Ультрасүзілу процестерінде бірінші ретті зәр түзіледі. Қан бүйрек
каналшарынан шайылып арнайы сүзгіш 3 қабатты дәнекер ұлпалы
капсуладан өтеді де Мальпиги шумағында сүзіле бастайды. Бірінші қабат
қан капилярларының эндотелиі. Ол үлкен өлшемді саңылаулардан тұрады.
Екінші қабат коллаген талшықтарынан тұратын базальдық мембрана.
Оның саңылауларының диаметрі 4нм. Базальдық мембрана молекулалық
массасы 30 кДа артық белоктарды өткізбейді. Үшінші қабат капсуланың
эпителиалды жасушалары. Мембрана беткейі теріс зарядталған,
сондықтан қан плазмасының теріс зарядталған альбуминдері,
макромолекулалық белоктар, пішінді элементтерді бірінші реттік зәрге
өткізбейді. Үшінші қабаттағы саңылаулар қүрылысы жағынан қүрделі
және өте кіші болады, сондықтан үлкен белоктар олардан өте алмайды.
Егер белоктың құрылысы, заряды өзгеретін болса, немесе аномальды
белок болса, ол сүзгіш арқылы өтіп бірінші ретті зәрдің құрамына өтеді.
Бұл қан плазмасын ақаулы белоктардан тазарту механизмдерінің бірі
болып табылады. Ультрасүзілу АТФ энергиясын қажет етпейді. Бірінші
ретті зәр ары қарай проксимальдық түтікшеде реабсорбцияға түседі.
Несеп түзілуінің биохимиясы
•
Бүйректегі жұмыс істеу алаңы 50 м2 дейін жетеді. Тәулігіне
180л-ге жуық сұйықтықты сүзгіден өткізіді. Сонымен,
тәулігіне бүйректің эпителий түтікшелерінен 179 л Н2О , 1кг
NaCL,500г NaHCO3, 250г глюкоза, 100г бос амин
қышқылдары өтеді. Бүйрек ультра-сүзгілеу принципімен
жұмыс істейді. Клиренсі 125мл/мин.
1. Бірінші реттік несеп, құрамы жөнінен плазмаға жақын ,
ақуызы жоқ, өйткені ақуыздар коллоидты-дисперсті жүйе
болғандықтан, мембраналары өткізбейді.
2. Соңғы несеп немесе екінші реттік несеп. Бұл судың
глюкозаның, АҚ,Na,Ca және т.б заттардың қанға қайта оралуы
нәтижесінде концентрлеу арқылы түзіледі. Бұл процесс
физиологиялық , биохимияық және эндокриндік жүйелер
арқылы реттеледі.
Реабсорбция.
Реабсорбция
— бұл заттың бүйрек түтікшесінен қанға қайта өтуі.
Ультрасүзінді құрамындағы барлық белоктар реабсорбцияға түседі. Оның
85% -ы түтікшенің проксимальдық бөлігінде реабсорбцияланады. Мұнда
судың 99%, ағзаға қажетті қоректік заттар (глюкоза, аминоқышқылдар),
минералдық заттар және кейбір азоттық алмасудың өнімдері (мочевина)
реабсорбцияланады.
Натрий насосы болатын мембраналық фермент АТФ-азаның қатысуымен
Na
+
ионы реабсорбцияланады. Бұл АТФ-азаның екі байланыстырушы
орталығы болады: Na
+
және К
+
иондарына арналған. Na
+
, К
+
иондарымен
байланысқаннан кейін АТФ-аза өзінің конформациясын өзгертеді де
бүйрек түтікшелерінің жасушаларының мембранасы арқылы иондардың
тасымалдануын жүргізеді. Ол үшін АТФ энергиясын пайдаланады.
Көптеген заттар, мысалы, глюкоза, аминоқышқылдар комплекстегі
Na
+
иондарымен бірге реабсорбцияланады және бұл комплекстердің
тасымалдануы да АТФ-аза қатысуымен өтеді. АТФ-аза қатысуымен
Са
2+
және Мg
2+
иондары да реабсорбцияланады. Активті тасымалдану
процессіне АТФ-азадан басқа арнайы тасымалдаушы белоктар -
транслоказалар да қатысады. Тәулігіне: 179 л су,1 кг NаСІ, 340 г NaНСО
3
,
170 г глюкоза және т.б. заттар реабсорбцияланады.
Секреция.
Жинақтаушы түтікшелердің секрециясы реабсорбцияға ұқсас, бірақ бұл
процесс қарама-қарсы жүреді, немесе заттардың өту бағыты қаннан
түтікшелерге қарай бағытгалады. Негізгінен, секреция түтікшелердің
дистальдық бөлігінде өтеді.
Секреция процессінде реабсорбция тәріздес көп мөлшерде АТФ энергиясы
жұмсалады (активті тасымалдану) және бұл процесте тасымалдаушы
белоктар маңызды қызмет атқарады.
Реабсорбция және секреция процестері жиі жағдайда бірдей өтеді, мысалы:
К
+
ионының секрециясы Nа
+
/К
+
тәуелді АТФ-азаның қатысуымен жүреді.
Сондықтан, К
+
бөлінген кезде Na
+
реабсорбцияланады. Секреция
нәтижесінде зәр мөлшері тәулігіне 1000-2000 мл-дей болады. Оның
қүрамында:12-36 г дейін мочевина,1 г креатинин,1г аммоний тұзы, 0,5-1 г
азоттық өнімдер (креатин, гиппур қышқылы, индикан), 5-7 г минералдық
тұздар, токсикалық қосылыстардың залалсызданаған өнімдері.
|