О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет12/37
Дата21.06.2023
өлшемі4,58 Mb.
#179074
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Байланысты:
Kewirdim x Asik
Школ атау, «1 мамыр – Халықтар бірлігі күні» ашық тәрбие сағаты 8 сыныптар, глоссарий, эссе, 11 билет, 12-срсп, мектеп психологиясы, философия, 10г, физика, 1 урок 02.09.2020
Кешірімді болудың күші
«Ұзақ әрі өнімді өмірдің сыры – әр кеште
 ұйықтар алдында барлық адамдарды кешіру» 
Ландерс Э.
К
ешірімділік – ерекше бір күш. Ол жүректі 
тазалайды. Рухты көтереді. Тәнді сауықтырады. 
Ойға тыныштық сыйлайды. Алайда аталмыш күштің екі 
түрлі жолмен қалыптасатынын түсінген жөн.
Біріншісі, кешірімділікке жетелейтін жігерді қажет 
етеді. Бұл жігер «қозғаушы күш» деп аталады. Ол сені 
кешірімділікке итермелеп тұрады. 
Екіншісі, адам танытқан кешірімділігінен кейін оның 
жемісін сезінуі керек. Бұл “кешірімділік сыйлайтын 
күші” деп аталады. 
Бірінші, яғни “қозғаушы күшке” қатысты мәселе. 
Қолыңнан келетін істерге өзің қожа екеніңді, өз 
нәпсіңе және басқалар алдында да кешірімділік 
танытуға шамаң жететінін білуің керек. Өткен 
өміріңдегі оқиғаларға, өміріңде орын алып жатқан 


Кешірдім
46
түрлі жайттарға, өсіп-өнген ортаңа және т.б. көп дүниеге 
кеңшілікпен қара.
Негізінде, ұстамды болуға, бәрін жаңадан бастауға 
шамаң жетеді. Бұған тек айнымас сенім, шынайы ниет 
керек.
Өз жаныңа үңіліп, көзіңе тік қарап: «Мен өзіме, 
басқаларға, өмірімде өткен оқиғаларға кеңшілікпен 
қарауды қалаймын», – деп айт. Осы сөзді іштей бірнеше 
рет қайтала. Бұл сөздер жан дүниеңде қайта-қайта 
жаңғырсын. Қолыңды алқымыңа қойып, даусыңның 
шығуын қадағала. Бәлкім ұстамды бола алмаудан туған 
қорқыныштың немесе ұстамды болуға сенімсіздік 
дауысы үн қатар. Бірақ алған бетіңнен қайтпа!
Бәлкім, мұны соңына жеткізуге құлықсыздықты 
сезінуің де мүмкін. Өйткені бұл нәпсі рахатынан тыс 
әрекет. Алайда соған қарамастан бұл ұстанымыңа 
берік бол!
Кешірімді болуға бейімделу барысында жан 
дүниеңдегі кедергілер кеткенше, күн сайын осы 
ұстанымыңды жалғастыра бер. Егер қысылмаймын 
десең, жаныңа жақын адамға осы мақсатың жайлы айт! 
Сыннан өткізер мұндай жайттар мен жағдайлар 
болмағанда өмірден сабақ алып, дами алмайтыныңа 
сенуің керек. Кешірімшіл қасиетіңді шыңдайтын 
өмірдегі сынақтар бастан-аяқ сені тәрбиелеудің 
алғышарттары мен кіріспелері. Мұндай сынақпен сенің 
мазаңды қашыру мақсат етілмегенін түсін! 


iqup
47
Кешірімді болуға бейімделуге итермелейтін 
жағдайлар көп кездеседі. Бұл бойыңнан жұмсақтықтың
автоматты түрде көрініс табатын жайттар. Сен тек 
мұндай жағдайда ой жүгіртсең болды, кешірімді 
болудан келетін жан рақатын сезінесің. Сонымен қатар 
сын сәтте ұстамдылықтан бұйырар ұлы сыйды есіңе 
ал. «Нұр» сүресінің 22-аятында: «Алланың сендерді 
кешіргенін қаламайсыңдар ма?! Алла өте кешірімді, 
ерекше мейірімді», – делінген. Міне, осы ұғымның бәрі 
сені ұстамды болуға итермелейтін қозғаушы күш. 
Екінші: «кешірімді болудың сыйлайтын күшіне» 
қатысты.
Мына тақырыпты оқып отырып, ойыңда «өзіме, 
өзгелерге, өткен өмірімдегі оқиғаларға кешіріммен 
қарар болсам нендей нәтиже бермек? Кешірімді 
болсам, қандай пайда көрем?» деген сұрақ тууы мүмкін.
Кешірімді болуға, ұстамды болуға тырысар болсаң, 
түрлі жемісін көресің. Оның жемісі өміріңнің барлық 
жерінде көрініс табады. Аталмыш жақсы қасиеттердің 
оң 
нәтижесін 
жаныңнан, 
денсаулығыңнан, 
руханиятыңнан, жан дүниеңнен табасың. Оның 
пайдасын ісіңнің, әрекетіңнің алға басуынан, қарым-
қатынастарыңның жақсарғанынан байқайсың. 
Шын мәнінде, өміріңнің әр сәті шеңберге қатты 
ұқсайды. Қайсысынан бастауды оңайлықпен таба 
алмайсың. Шеңбердің ортасына дөп түсер болсаң, 
түбегейлі өзгеріске қадам бастың деген сөз. 


Кешірдім
48
Төменде «кешірімді болу ұстанымының» кеңшілікке, 
азаттыққа бастайтын оң нәтижелеріне тоқталайық.
• Кешірімді болу түнде ұйқыңнан айыратын, күндіз 
көңіліңе қаяу түсіретін, беліңді қайыстыра жүк болып 
жүрген, сені шаршап-шалдықтыратын жағымсыз 
сезімдерден азат етеді.
Басыңнан ұрыс-керіс өткен кездер есіңде ме? Сол 
кездері күні бойы не сезіндің? Келесі күні ұйқыдан 
тұрғаныңда өзіңді қалай сезіндің?
Адамдардың көбісі ұрыс-керістен соң шаршау
қалжырау, қимылдың ауырлығын сезінеді. Тіпті ол 
болмашы ұрыс-керіс болса да. Расында, ұрыс-керіс әл-
қуаттан айырады.
Енді елестетіп көрші, ал егер сезімдер мен ойлар 
материядан тұрса. Материалдық зақым келтіретін затқа 
айналса. Осылайша бүкіл жағымсыз сезіміңді дорбаңа 
салып үнемі арқалап жүрсең. Сезімің жағымсыз болған 
сайын, салмағы ауырлай берсе, сол жолдан шықпай 
жүре бересің бе? Бұл жай ғана мысал болғанмен, 
жағымсыз сезімдердің бізге берер әсері дәл осындай.
Кешірімді болу мен кеңшілікті ұстану жан дүниенің, 
тәніңнің, ақылыңның жетіле түсуіне көмектеседі. Ақыл 
деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Бұл сипаттың жасқа 
мүлдем қатысы жоқ. Рухани есею мен ақылды болудың 
жаспен байланысы жоқ. Мәселен, жиырма жастағы 
жігіттің ақылы қырық жастағы кісіден асып түсуі 
мүмкін. Керісінше де болып жатады.


iqup
49
Көп жағдайда кешірім мен кеңшілік секілді рухани 
азаттық сыйлайтын іспен ақыл мен кемелдіктің 
межесіне жеткен тұлға айналысады. Есесіне оның 
мұндай оң жолға түсуі оның ақылдылығын, кемелдігін 
одан сайын арттыра түседі. Нәтижесінде мұндай іс 
құдды рухани азық алмасу кезеңіне айналғандай 
болады. Яғни, мұндай сипат адамға жақсылық беріп, 
ол оны қабыл алып, өзгеге сыйлайды. Ал қатыгездік 
сезіміне, жағымсыз ойларға батқан жан қай жағынан 
болмасын жетілмей, ақылға жұтаң болады.
Мұндай тұлғаға көрегенділік пен кемелділіктің 
берер сыйы, міне, осындай. Бұл сипат оң өзгерістерге 
жетелеп, жетілдіріп, артынша жемісін береді. 
Нәтижесінде кешірімді адам өз ісінің жемісін 
жағымсыз сипаттан арыла алмаған жанға қарағанда 
көбірек көреді. 
Кешірімді болу адамға жан тыныштығын, есендік 
сыйлайды. Ондай адамның рухани тұрғыда күштірек 
екенін, 
құлшылықтың 
мақсаттарын 
тереңірек 
түсінетінін байқайсың. Ондай жанның жүрегі таза, ой-
санасы сау, көңілі тыныш. 
Кешірім танытуым жасалған жамандықты, ешнәрсе 
болмағандай ұмытуым керек дегенді білдірмейді. 
Менің кеңшілік қылуым біреудің жағымсыз әрекетін 
қабыл алып, оған қалағаныңды істей бер дегенді 
білдірмейді. Міне, кешірімді болуға қатысты кең 
тараған қате түсінік көп адамның кешірімді болудан 
бас тартуына итермелейді. 


Кешірдім
50
Атақты профессор, психиатр Томас Стивен Сас 
кешірімді болу мен кеңшілік туралы: «Ақымақ адам 
кешіре алмайды әрі өзіне жасалған жамандықты 
ұмытпайды. Аңғал адам кешірімді болады әрі өзіне 
істелген жамандықты лезде ұмытады. Ал данышпан 
адам кешіреді, алайда өзіне істелген жамандықтың, 
надандықтың себеп-салдарын ұмытпайды», – деген.
Шын мәнінде, ерекше кешірім таныту адамды азат 
етіп, келеңсіз жайттан құтқарады. Хадистегі «Барыңдар! 
Бәрің азатсыңдар!» деген сөзге ой жүгіртші. Бұл жерде 
мүшріктердің жазадан немесе қамаудан азат екендері 
меңзеліп қана қоймай, сонымен қатар, олардың 
өткен іс-әрекеттері ойға да алынбайтыны мақсат 
етілген. «Олар ішіміздегі жағымсыз сезімдерімізден 
азатсыңдар, сөздің астарындағы меңзелген барлық 
нәрседен азатсыңдар деген» мағынада айтылған. 
Кешірімді болу мәселесіне ой жүгірту деген өзімді, 
сезімдерімді, ой-пікірлерімді, уақытымды дұрыс 
басқару арқылы келеңсіз жайтқа немесе адамға 
кеңшілікпен қарауымды білдіреді. Міне, осыған 
тоқталғанымыз жөн. Ойымызды, сезімдерімізді, 
тіпті өмірімізді бәзбіреулердің басқаруынан немесе 
ойымыз бен сезіміміз келеңсіз жайттың ықпалына еріп 
кетуінен сақтануымыз қажет. 


iqup
51
«Біз Пайғамбарымызбен отырған едік. Бір 
кезде пайғамбарымыз еріксіз жымиды, тіпті 
тістері де көрінді. Сонда Хазрет Омар: 
Уа, Алланың елшісі! Ата-анам жолыңда 
құрбан болсын, не нәрсе сені күлдірген?», - 
дейді. Сонда Пайғамбарымыз: «Қияметте 
үмметімнен екі адам Алланың алдына 
тізерлеп келеді. Сонда біреуі: 
«Иә, Раббым! Бұл бауырымнан маған 
жасаған зұлымдығының ақысын алып бер», 
- дейді. Алла: 
«Бауырыңнан не аласың, оның ешбір 
сауабы қалмады ғой», - дейді. 
«Иә, 
Раббым! 
Олай 
болса 
менің 
күнәларымды 
арқаласын», 
-дейді. 
Осыны айтқанда Пайғамбарымыз көзіне 
жас алды. Кейін сөзін жалғастырып: «Ол 
күн - сондай ұлы күн, адамдар күнәларын 
біреудің арқалағанына мұқтаж болады. 
Сонда Алла Тағала ақысын талап етушіге: 
«Көзіңді көтер де, қара!» - дейді. Әлгі 
адам: 
«Иә, Раббым! Мен алтыннан болған зәулім 
үйлерді, алтыннан болған сарайларды 
олардың 
жақұт-маржандармен 
безендірілгенін көріп тұрмын. Бұл қай 
iqup


Кешірдім
52
Пайғамбардікі, не қай шыншылдікі не қай 
шәћидтікі?» - дейді. 
Алла Тағала: «Бұл ақысын бергендікі», - 
дейді. Ол: 
«Иә, Раббым! Ондай ақы иелері кімдер? 
деп сұрайды. 
Алла: «Оның иесі сенсің!» 
Ол: «Не нәрсеммен ие боламын?» - дейді. 
Алла Тағала: «Өз бауырыңа деген 
кешіріміңмен 
ие 
боласың», 
-дейді. 
Әлгі адам: «Иә, Раббым! Расында мен оны 
кешірдім!» -дейді. 
Алла Тағала: «Онда бауырыңды қолынан 
жетектеп жәннатқа кіргіз!» - дейді.


iqup
53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет