О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет32/37
Дата21.06.2023
өлшемі4,58 Mb.
#179074
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Kewirdim x Asik
Школ атау, «1 мамыр – Халықтар бірлігі күні» ашық тәрбие сағаты 8 сыныптар, глоссарий, эссе, 11 билет, 12-срсп, мектеп психологиясы, философия, 10г, физика, 1 урок 02.09.2020
Кешірім қуаты
Қателігіңді мойындауға батылың жеткенде 
ғана, оған кешіріммен қарауға болады.
Брюс Ли
Б
із кешіру тақырыбы төңірегінде не айтсақ 
та, әрдайым кешірімге іс жүзінде жеткізетін 
тәсілдерді қажет етеміз. Бұл тәсілдер теорияны 
практикаға қолданатын шынайы құралға айналдыруға 
көмектеседі. 
Өмірлік ауыртпалықты қалай еңсеріп, кешірімді 
болуға дағдыланамыз? Бұл бір сәтте бола салатын 
нәрсе емес. Керісінше, тар әлемнен кең әлемге көшуіңе 
мол септігін тигізетін рухани практика арқылы жүзеге 
асады. 
Расында, кешірім әлеміне кіру үшін, күшті 
құлшынысты итермелейтін шынайы ниет қажет. Сол 
сияқты кешірімді болуға кесімді шешім керек. 
Сен кешірімді болуға шынайы ниет еткен бойда, 
өзің үйренсіп қалған ескі ойдан өзгеше көзқарастарға 
сүйеніп, жаңаша ойлана бастайсың. 


Өткеннен сабақ ал
140
Әуелі өзіңді үнемі біреудің қателігінің құрбаны 
ретінде сезінуіңе түрткі болатын ескі ой-пікірден 
арыл. Өміріңнің қожайыны өзің екеніңді, өміріңді өзің 
басқарып, оған өзің жауапты екеніңді ұғын. 
Қандай да бір тақырып туралы ұнамсыз әңгіме айта 
беруді доғар. Өзгелерге керексіз тақырыпты қайталап 
айта берме. Бұрынғы естеліктерді қайта-қайта еске 
түсіре берме. Осы айтылған нұсқаудың кері әсері
санаңда орнығып, оны ойлай беруден құтылуға мол 
септігін тигізеді.
Өзің кешіргің келіп жүрген адамдармен арадағы 
болған жағдайдан немесе басыңнан өткен келеңсіз 
оқиғадан ғибрат ал. Мұның бәрін параққа түсір де, өте 
бағалы қазынаң деп біл. 
Егер бұрынғы келеңсіз оқиға қайталанса қалай 
әрекет етесің, өткен оқиғадан жақсылап сабақ алдың 
ба, ол қандай тәжірибе сыйлады, соған қара. Өмірден 
сабақ алмайынша, сынақ көре беруің - өмір заңдылығы 
екенін түсін. Өткен сынақтар қайталанса, таң қалма. 
Өйткені мұнда сен әлі түсінбеген хикметтің бары анық. 
Егер сенің кеңшілігіңді іздеген адаммен бетпе-бет 
келіп, оны кешіре алмасаң, оның жақсы қасиеттерін 
іздеуге тырыс. Бар көңіліңді жақсылықтарына аудар. 
Немесе оған дұға тіле. Өйткені дұға жүрегіңде 
бауырмалдық сезімін оятады. Басында оған дұға 
тілегеніңде, бәлкім, жақтырмайтын шығарсың, алайда 
бірте-бірте оған жүрегің жібіп, ғафу ете аларсың.
Ал егер адамның жақсы жағын көре алмасaң, онда 
оны мүлдем есіңе алма. Мұндай жағдайда: «Алла, 


iqup
141
әділетсіздіктен ашынып сөйлеген адамның сөзін 
айтпағанда, ашық айтылып көңілге қаяу түсіретін 
сөзді ұнатпайды. Қандай да бір жақсылықты жария 
істесеңдер де, жасырын істесеңдер де немесе (өздеріңе 
істелген) жамандықты (есесін қайтаруға шамаларың 
жете тұра) кешетін болсаңдар, біліп қойыңдар, Алла өте 
ғафушыл, аса құдіретті», – деген аяттарды есіңе ал.
Ондай адамға, шамаң келгенше, махаббат пен кешірім 
қуатын бөлуге тырыс. Көзіңді жұмып, шын жүректен: 
«Бауырым, сені кештім», – деп айтуың жеткілікті. Ал 
егер онымен араласқың келмесе, онда оған жақсылық, 
есендік атаулының бәрін тілеп, Алладан өміріңде 
жолықпауын сұра. Кешірім ұғымы санаңа терең 
орнығып, пайдасын жақсылап ұғынғаныңша осылай 
істей бер. 
Өзгелер жайлы сыртынан ұнамсыз әңгіме айту, 
тіпті, адамдар оны білмесе де, араларында алауыздық 
тудырады. Адам өзге кісінің оған қарсы ішіне бүккен 
сезімдерін, айтпастан-ақ, ұғады. Мәселен, әйел 
кісілердің бір-бірлерімен бас қосқан жиындарындағы 
күйеулері, бала-шағалары туралы айтқан жағымсыз 
әңгімелері араларындағы қарым-қатынасқа кері 
әсерін тигізеді. Өйткені ондай әңгімеден пайда болған 
сезімдер бойға кіріп, сіңіп жатқан жағымсыз қуат 
қана. Мен ұйымдастырған курстардың бірінде курсқа 
қатысқан әйел кісілерді өмірде ұрсысып қалған 
адамдар туралы бір аптадай ондай әңгіме айтпауға 
шақырдық. Ең қызығы, олардың қарым-қатынастары 
өте керемет дәрежеде түзелген. Мәселен, мен де бұл 


Өткеннен сабақ ал
142
іс-тәжірибе арқылы өзімді сынап көрдім. Жұмыс 
орнымдағы жетекшімнің мінез-құлқын жақтырмай, 
іс-әрекеттерін жиі сынға алған кезімде, ол менімен 
араздасып, жұмыста жайсыз жайлар көбейді. Расында, 
ислам діні маңызды себептер болмаса, ғайбат айтуға 
тыйым салған. 
Істеген қателігіңнің көлеміне қарай өзің ренжіткен 
кісіден кешірім сұрай біл. Бұл тұрғыда ынсапты 
бол. Шынайы түрде кешірім сұра. Бір рет, екі рет, үш 
рет кешірім сұра. Үмітіңді үзбе. Ал егер ол сенің 
кешіріміңді қабыл алмаса, деміңді ішіңе терең ал да, 
оған ойлануға уақыт бер. Бұл аралықта оны мазалама. 
Оның саған ашулану себебін түсінуге тырыс. Келесі 
жолы оның ашуын тудыратын себептерге жол берме. 
Оған өзіңнің баяғы тұлға емес екеніңді, шынайы 
түзелгеніңді көрсет.
Бейбітшілікте күн кешуді қалаcаң, айналаңа 
кешірімді болуға күш-жігеріңді жұмса. Алайда 
өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Біз пенде 
болғандықтан, қателесеміз. Кейде бір-бірімізді 
ренжіткен кезде, қалай кешірім сұрау керектігін, 
кешіргенімізді қалай білдіруді білмей жататын 
кездеріміз де болады. 
Өткен олқылықтың орнын толықтыруға, бір 
жіберген қателікті екінші рет қайталамауға деген 
ниетіңмен қатар, сен алдыңғы тақырыптарда айтылған 
нұсқауларды осы мәселеде де қолдана аласың. Жағдай 
талап етсе, кешірімді бірнеше рет сұра. Ренжіген кісі 
сенің шынайы өкінгеніңді, өзгергеніңді көрсін.


iqup
143
Расында, бәрімізге көркем түрде кешірім сұрауды 
үйрену керек. Құр өкінішті білдіретін сөздерді айту, 
кешірім сұрау жеткіліксіз. Кешіріміңнің қабыл 
алынуына септігін тигізетін тәсілдер бар. 
Кейде адамдар біздің қателігімізді түсінбей, 
оны келесі жолы да қайталауымыздан немесе 
олардың көңіл-күйін сезіне алмауымыздан қорқып, 
кешірімімізді қабыл алмай жатады. Мұндай жағдайда 
олардың реніштен туған көңіл-күйлерін шынайы 
ұғынып, сезімдеріне құрметпен қарауымыз керек. 
Содан кейін олқылығымыздың орнын толтыратын, 
қателігімізді жуып-шаятын оң іс жасауымыз керек. Біз 
олар үшін мүлдем күтпеген қателікке барғанымызды 
мойындағанымыз жөн. 
Бұл мәселеге байланысты бәлкім көкейіңде «Егер 
мен татуласқым келіп жүрген кісі басқа жаққа кетіп 
қалса, яки мен оның қайда екенін білмей немесе, 
ол адам бұл дүниеден өтіп немесе сол сияқты т.б. 
себептерге байланысты оны таба алмай қалсам, қол 
қусырып отырамын ба, әлде бір әрекет етем бе?» деген 
сауал туған болар. Есіңде болсын! Қандай жағдай 
болмасын, оның шешімі табылады. Ал егер қалаған 
шешіміңді таба алмасаң, ол кісі үшін дұға тілеп, оған 
деген пейіл-ниетіңді жақсарт. Көңілін көншіту үшін 
оның атынан қайырымды іс, яғни, садақа бер. Ал егер 
ол өзінің атынан қайырымды іс істегеніңді білмесе
шүбәсіз, Алла сенің шынайы ниетіңді, жүрегіңнің 
тазалығын білетінін түсін.


Өткеннен сабақ ал
144


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет