О. Ж. Таукебаев 1,2, К. Б. Зулпыхаров



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата08.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#190395
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
7-сурет
– 2019-2020 жж. Талас ауданындағы пайдаланылмаған суармалы жерлер үлесі, га
(Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы, 2018; 
Талас ауданы әкімшілігінің жер қатынастары басқармасының мәліметтері, 2021)
егіс а
лқа
пт
арының түрі


29
О.Ж. Таукебаев және т.б.
Талас өзені бойындағы Аққұм, Бостандық, С. 
Шәкіров ауылдық округі аумағындағы Жиембет, 
Қазақбай және Жұмабек су жүйелері аудандағы 
ең ескі жүйелердің бірі. Су жүйелеріне 5354 га 
ауылшаруашылығы мақсатындағы суармалы 
алқап тіркелген. Қазіргі кезде аталған үш ауыл-
дық округте пайдаланылмай отырғаны 2807 га, 
оның ішінде 181 га егістік босалқы жер есебінде 
(ҚР АШМ Су ресурстары комитеті «Оңтүстік 
Қа зақстан 
гидрогеологиялық-мелиоративтік 
экс пе ди циясы» РММ, 2019).
Ауданда соңғы жылдары суармалы жерлерде 
суды тиімді пайдалану мақсатында заманауи 
аг ротехнологияларды қолдану шаралары қар-
қын ды дамып келеді. 2018 жылы тамшылатып 
суа ру әдісін қолдану арқылы 130 га жерге көкө-
ніс, қант қызылшасы және мал азықтық да-
қыл дар өсірілсе, 2019 жылы 220 га өсірілген.
2019 жылы аудандағы озық технологияларды 
тәжірибе ретінде қолданған «Бекен» шаруа қо-
жа лығы қант қызылшасының гектарынан 250 
центнерден өнім алған. Ауданның географиялық 
орналасу ерекшелігіне, аумақтағы жауын-ша-
шын мөлшерінің өте аз мөлшерде болуы, сон-
дай-ақ шөлді аймақта орналасуына байланысты 
ауданда тамышлатып суару технологиясына қа-
жеттілігі өте жоғары болып саналады. Тамшы-
латып суару технологиясы дүние жүзінің көп-
теген шөлді зоналарда және су ресурста рына 
тап шы аймақтарында орналасқан елдерінде кеңі-
нен қолданылып келеді. Бұл технология су ды 
үнемдеп пайдаланумен қатар шөлді аймақ тар-
дағы суармалы жерлердегі топырақтың тұздану 
үрдістерінің алдын алып, ауыл шаруашылығы 
дақылдарынан жоғары өнім алуға мүмкіндік 
береді (Безбородов, 2016; Калашников, 2022; 
Kvan, 1997; Анзельм, 2019).
Талас өзені бойындағы Аққұм, Бостандық, 
С.Шәкіров ауылдық округі аумағындағы Жием-
бет, Қазақбай және Жұмабек су жүйелері 
аудандағы ең ескі жүйелердің бірі. Су жүйелеріне 
5354 га ауылшаруашылығы мақсатындағы суар-
ма лы алқап тіркелген. Қазіргі кезде аталған үш 
ауылдық округте пайдаланылмай отырғаны 
2807 га, оның ішінде 181 га егістік босалқы жер 
есебінде.
ҚР АШМ Су ресурстары комитеті «Оңтүстік 
Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экс-
пе дициясы» РММ 2015-2019 жж. ауданда жүр-
гізген зерттеулері бойынша өңірдегі суармалы 
жерлердің 2525 га тұздануға ұшыраған. Яғни, 
суармалы егістік жерлер еліміздегі барлық 
өсім дік шаруашылығы өнімдерінің 40% астам 
өнімін (Қазақстан Республикасы Стратегиялық 
жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық 
статистика бюросы, 2021) беретінін ескерсек
су ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалану 
бүгінгі таңда өзекті мәселелер қатарында қала 
бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет