О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Қазақ ресми ісқағаздарының қалыптасу кезеңі



Pdf көрінісі
бет9/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

Қазақ ресми ісқағаздарының қалыптасу кезеңі
Қазақ ресми ісқағаздарының тарихына келетін болсақ, ресми іс- 
қағаздар стилі осы хан жарлықтарынан бастау алады. Осыған байланыс- 
ты тарихқа аздап тоқтала кететін болсақ, Жоңғар шапқыншылығының 
салдарынан халықты, елдік дербестікті сақтау мақсатында қазақ елі 
біртіндеп Ресей патшалығының қол астына ене бастады. ХІХ ғасырдың 
ІІ жартысында Қазақстанның Ресейге қосылу үдерісі толық аяқталды.
1868-69 жылдардағы патша өкіметінің қыр облыстарын басқару 
жөніндегі ережелері Қазақстанда ел билеу, әкімшілік жүйесінің жаңа 
түрін енгізді. 
Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторға бағынған 6 облысқа бөлінді. 
Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторына, Ақмола 
және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторына, Жетісу және 


10
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторына қарады. Патша 
өкіметі бұл кезде татар тілмаштарының «көмегінен» бас тартты. 
Патша әкімшілігінің бұйрық-жарлықтарын жергілікті әкімдерге 
өз тілінде жеткізу, отаршылдық саясатты күшейте түсу, өкілеттік 
құжаттарды жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орын-
даттыру, патша өкіметінің ресми көзқарастарын халық арасына кең та-
рату мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп, алғашқы 
газеттер жергілікті әкімдердің қазақ елін басқару ісін жеңілдету ниетімен 
шығарыла бастады.
1. Ташкентте 1870-1882 жылдары «Түркістан уәлаятының газеті»; 
2. Омбыда 1882-1902 жылдары «Дала уәлаятының газеті»;
3. 1895 жылдан бастап Троицкіде «Торғай газеті» шығып тұрды. 
Бұл газеттер ресми орган болуына қарамастан, қазақ әдеби тілін да-
мытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, оның бір тармағы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   244




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет