Облыс џстаздарыныѓ газетi білім саласының үздіктері Соңы 4-бетте



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата08.02.2022
өлшемі18,99 Mb.
#97935
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Сыр мектебі пдф 2
7 қатынас ыдыстар ФО, Сабырхан Карина ктарих
Соңы 2-бетте.


2
 1 қыркүйек 2016 жыл
Соңы. Басы 1-бетте.
ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ -
ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ -
ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ -
ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ -
ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕ -
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Ұстаз - ұлағатты есім.
Шәкірттерін білімге баулып тәрбие
беруде, жақсы қасиеттерді бойына
дарытуда, адамгершілік рухта бағыт-
бағдар көрсетуде ұстаздың еңбегі
зор. Сондықтан да ол әрдайым
қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе
жатқан ұстаздар қауымына құрмет
еселеп арта бермек. Облыстағы
біртұтас үздіксіз білім беру жүйе-
сіндегі атқарылып жатқан жұмыс-
тардың жалпы бағдары, оның
жетістіктері, білім беру жүйесін
заман талабына сай одан әрі
жетілдірудің мақсат-міндеттері
жайлы баяндамалар оқылып, пікірлер
алмасты. Алқалы кеңесте аудан-
дармен телекөпір арқылы байланыс
орнатылып, білім саласында жеткен
жетістіктер мен тың жобалар, озат
тәжірибелер тыңдалды. Соңында білім
беру саласын жетілдіру мақсатында
ұсынымдар жобасы қабылданып,
ұстаздар қауымына таратылды.
Кеңес барысында аудандармен
орнатылған телекөпір нәтижесінде
Қармақшы ауданының әкімі С.Мақа-
шев, Жаңақорған аудандық білім
бөлімінің басшысы Б.Ибрагимов,
аралдық ұстаз Р.Сисенов, шиелілік
А.Әбділдаевалар қойылған сауалдарға
нақты жауап қайтарды, бүгінгі білім
саласында атқарылып жатқан іргелі
істерге өз ризашылықтарын білдірді.
М.Мәметова атындағы педагогикалық
колледж директоры Ә.Әбдіхалықова,
Мәскеу технологиялық зерттеу
институтының І-курс студенті
Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың
тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі
тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі
тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі
тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі
тамыз кеңесінде сөйлеген сөзі
5-тен 14 жасқа дейінгі
жасөспірімдер арасындағы суицид,
яғни өзіне өзі қол салу көрсеткіші
бойынша Қазақстан әлемдегі ең нашар
ондыққа кіреді: Бурунди, Мозамбик,
Боливия, Зимбабве, Оңтүстік Судан,
Уганда, Танзания, Оңтүстік Корея,
Қазақстан. Байқасаңыздар, аталған
топта негізінен әлемдегі ең артта қалған
Африка мемлекеттері. Солардың
қатарында Қазақстан да тұр.
Ал 15-тен 29 жасқа дейінгі жастар
арасындағы суицид бойынша
Қазақстан әлемдегі 4 орында (Үндістан,
Оңтүстік Корея, Зимбабве және
Қазақстан).
Осыған орай өткен жылы
Қызылорда облысы мен ЮНИСЕФ-тің
бірлесіп іске асырған суицидтің алдын
алуға арналған пилоттық жобасы
аясында облыстағы 35 мыңға тарта
жоғары сынып оқушылары арнайы
сауалнамаға қатысты. Аталған зерттеу
қорытындысы бойынша, суицидтік
мінез-құлық танытатын тәуекел
тобындағы бала саны 10 есе өсіп, 1200-
ден асты. Соның үштен бірі өздерінің
суицидтік ұмтылысқа барғандарын
алғаш рет мойындаған. Мұндай жағдай
Қазақстанның басқа да өңірлеріне тән
болуы заңды. Сондықтан елдегі білім
беру саласының дамуына жауапты
әріптестерді осы жағдайға назар
аударуға шақырамыз. Айта кету керек,
аталған пилоттық жобаның арқасында
облыстағы жасөспірімдер арасындағы
суицидтік ахуал оңалып келеді, бірақ
бұл жұмыстың сапалы жалғасуына
ерекше назар аудару керек. Бұл - білім
беру және денсаулық сақтау
басқармалары мен қала және аудан
әкімдерінің ортақ жұмысы. Ынтымақ-
тасқан жұмысты күшейтіп, қатаң
қадағалауды қамтамасыз етіңіздер,
әріптестер.
Елімізде жасөспірімдер арасында
жыныстық жолмен берілетін аурулар
дендеп келеді, мектеп жасындағы
қыздар арасындағы жүктілік бей-
берекет таралуда, жасөспірімдер
арасындағы бұзақылық, топтық
төбелес пен қылмыс та ауыздықталар
емес.
Түлектеріміздің үштен бірі
өздерінің мектептен кейін не істеп, не
қоятындарын білмей, бағдарсыз
шығады. Жыл сайын түлектердің 30
пайызы ұлттық бірыңғай тестке
қатыспауы осыған дәлел. Болашақ
мамандық таңдап, кәсіп анықтаудан
қалыс қалған түлектер не оқуда, не
жұмыста жоқ жастар санатына
қосылып, қоғамда өз орнын, өмірде
жол таппағандар қатарын көбейтіп
жатыр.
Нәтижесінде, айналасына наразы,
қоғам мен мемлекетке өкпелі, ата-
анасына қайырылмайтын, ұлт пен ел
ұғымдарынан алыс - бүтіндей қауым
пайда болады. Түрлі қылмыстық
топтар мен алаяқтар, діни экстремистер
мен басқа да пейілі бұзылғандар
осындай жастарды арбап, өз
қатарларын толтырады. Мұның
барлығы соңғы екі-үш айда елімізде
болған қоғамдық-саяси оқиғалардан
анық көрініп отыр.
Біздіңше, елге қауіп төндіретін заң-
сыздық пен қылмыстың, саяси ради-
кализм мен діни экстремизмнің
тамыры мектептегі тәрбие ісінің
ақсауы мен әлеуметтік қолдау
шараларының жетіспеушілігінен.
Қоғамға түйсікті тұлға, мемлекетке
жауапкершілігі жоғары азамат
тәрбиелеу - білім беру жүйесінің аса
маңызды міндеті екендігін естен
шығаруға болмайды. Сондықтан да,
кез-келген елде, қай заманда болмасын,
мектеп - қоғам тұрақтылығы мен
мемлекет мүддесін қорғау жүйесінің
алтын тұғыры болған. Білім беру
жүйесінің басы-қасында жүрген
әріптестер осыны терең түсініп, тиісті
қорытынды жасауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет