Одан кейін келіп, тағы бір уыс тұз салып, ол да шығып кетеді



Дата12.09.2020
өлшемі26,49 Kb.
#63845

Тапсырма

  1. Төмендегі әңгімені бөліктерге бөліп, оларға ат қой. Әңгіме неліктен «Бір уыс тұз» деп аталған. Үй ішінің тәртібі, әдеті туралы не айтуға болады, түсінгенің бойынша айтып бер.

Бір уыс тұз

Бір үйге қонақ келіп отыр екен. Бәйбіше қазанға ет салады. Әлгі үйдің адамдары көп екен: бірі кіріп, бірі шығады. Қонақ сол орында отыра береді.

Қазан қайнаған кезде бәйбіше келіп, қазанға бір уыс тұз салып, далаға шығып кетеді.

Одан кейін келіп, тағы бір уыс тұз салып, ол да шығып кетеді.

Ең соңынан келіні келіп, қазанның қақпағын ашып көреді де, көбігін қалқып тастап, бір уыс тұз салып, о да шығып кетеді.

Қонақ бұлардың бәрін таңырқап көріп, байқап отырады да, үй иелері шығып кеткен кезде ол да қазанға бір уыс тұз салып қояды.

Үй адамдары жиналып, асты түсіріп, алға ала бергенде, бәйбіше тамақтың дәмін татса, удай ащы екен.

-Ибай – ай, мынаған не болған, удай ғой, мен бір – ақ уыс тұз салып ем ғой! – дейді.

Шешей – ау, сіз салмаған шығар деп, мен де бір уыс тұз салғанмын, - дейді тоқал.

-Сіздер ұмытқан шығар деп, мен де бір уыс тұз салып едім, - дейді келіні. Сол кезде қонақ отырып:

- Бір үйдің кісі басы бір уыс тұзы салу әдеті шығар деп, мен де бір уыс тұз салып едім, - депті.

2. Төмендегі мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қой. Ән неліктен «Зәуреш» деп аталғанын түсіндір.

«Зәуреш» әні қалай шықты?

Ел ішінде Медет деген кісі жөнінде аңыз тарайды. Ол аңызда Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады.

Елге келген ауру – апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей өліп, жалғыз Зәуре деген қызы қалады.

Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенде, Зәуре де өліп, тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңірінеді.

Міне, осы трагедия Мұхитты қатты тебіренеді. Ол домбырасын алып, Медет айтыпты деген сөздерге ән шығарады.

Әннің аты халық арасында «Зәуреш» болып тарайды.

(«Замана бұлбұлдары» кітабынан)


Тапсырма


  1. Әңгімені бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қой. Ақынның атын, бас киімін, үстіндегі киімдерін суреттеген жерлерін тауып оқы. Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт, тойдың көркі, оқшау отырады, боз атқа мініп, қара атқа мініп, торыға мініп, бұлғақтаған үкі, бәрі балуан, бәрі әнші, аты бірге шығады деген тіркестердің мазмұнын түсіндір. Сұлу, алғыр сөздерінің синонимін тап.

Ақан

Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда болады.

Ауылдағы ойын – тойдың көркі – Ақан. Ол ауылдың 15- 20 жігітін өзі тәрбиелеп, нөкер қылып алады. Ол жүргенде, сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау жүріп отырады.

Ол біресе боз атқа мініп, ақ киген, біресе қара атқа мініп, қара киген. Біресе торыға мініп, күрең киген. Басында – бұлғақтаған үкі. Қолында – домбыра. Аузында – ән.

Жігіттердің бәрі балуан, бәрі әнші. Бірақ ақынның әні өзгеше. Ақынның Құлагер деген аты болады. Енді елге Ақан мен Құлагердің аты бірге шығады.

(«Замана бұлбұлдары» кітабынан)



  1. Төмендегі әңгімені оқып, түсінгеніңді айт. Құмыраны тұншықтырамын деп жүріп, өзі суға кетеді деген сөйлемнің мағынасын түсіндір.

Түлкі мен құмыра

Тамақ іздеп жүрген түлкі бір құмыраға тап болды. Құмыраның ішінде сүті бар екен. Түлкі құмырадағы сүтті ішіп алады. Енді басын құмырадан шығарайын десе, шығара алмайды.

Түлкі:

-Құмыра, құмыра, біраз ойнадың ғой, енді жібер, - дейді.



Құмыра түлкінің басын босататын емес.

Түлкі енді ашуланып:

-Егер басымды босатпайтын болсаң, мен сені суға тұншықтырамын, - дейді.

Түлкі өзенге келеді. Ол құмыраны тұншықтырамын деп жүріп, өзі суға кетеді.

(Ертегіден)

Тапсырма



  1. Төмендегі мәтіннен қазақтың ұлттық киім киген қыздарды суреттейтін жерін тауып, дауыстап оқы. Алтыбақанды және абайдың үстіндегі киімін суреттеген жерлерін тауып оқы.

Алтыбақан

Алтыбақан Сүйіндік ауылынан қашықтау жерде, кең алаңда екен. Ойынға жиналған жастар қалың көрінеді.Кәмшат бөрік, мақпал шапан, жібек шапан киген қыздар көп. Араларында қынай бел, әсем кемзал ғана киген қыздар да жүр. Шолпылары тоқтаусыз шылдырлап, көп үнге салады. Ақ шаршы, кестелі кимешектерін әсем ғып салған күлкеші келіншектер де көп. Балалар да мол екен. Жигіт жағы сиректеу көрінеді.

Мықты ғып қурылған биік алтыбақанға сүңғақ бойлы екі қыз әткеншек теуіп отырып , ән шырқап жатыр. Абайлап тоғай ішінен шығып, сумаңдаған аянмен, дәл қастарына жеткенше, сауықшы топ байқамапты. Алтыбақанның қасына келе бере, екі жігіт:



  • Ойнар көбейсін!

  • Сауық молайсын! – десті. Қыздар іркіліп қалды. Алысырақ ауылдың сыйлы жігіті келгенде, бұл топ бөгелеңдеп қалған.

  • Ал, ойынымыздын үстіне келіпсіңдер. Аттарыңнан түсіп, алтыбақан тебіңдер! – деді.

  • Аттан түсіңдер!

  • Біз бастаңғы істеп жатырмыз...

Абайдың үстінде желбегей киген жеңіл сұрғылт шапан бар. Ішінде ақ көйлектің сыртынан киген қара желеткесі көрінеді. Басында көкшіл сұрғылт жібекпентыстаған жұқа қара елтірі тымағы байқалады. Айға қарсы қарап тұрған ақшыл жүзінде жүдеулік бар. Ұнамды, ықшам киім киіп, күміс ер – тоқымды сұлу ат мініп, ойда жокта келген әсем жігіт қазірде Тоғжан көзіне аса ыстық көрінді.

(М. Әуезов)

Тапсырма


  1. Мүшел жас деген тіркестің мағынасын түсіндір. Әңгімеде Абайдың түрінде болған өзгерістерді көрсететін және Абайдың мінезіндегі өзгерістерді суреттейтін жерлерін тауып оқы.



Мүшел жас

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол – аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан горі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, өңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.

Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір, бозғылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қалыңданып көрінеді. О да – ауырғандық пен күн көзіне болмағандық белгісі.

Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті.

Ол атқа мініп жүруге жарағаны мен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы, әсіресе, әжесі. Одан қала берсе шешесі.

(М. Әуезов)




  1. Саятшылық, аңшылық кәсіп туралы білетініңді ортаға салып, сыныптастарыңмен ой бөлісіңдер.

Аяққап


Бұл жабдықты қыстың үскірік аязды күндерінде бүркіттің аяғына кигізеді.Түзде, ат үстінде жүрген бүркітші қолындағы құстың аяғы үсімей, жылы боуын қамдаған. Аяққапты кұстың аяғынын үлкен – кішілігіне карай төрт саусағына (жембасар, сығым, шеңгел, тегеурініне) өлшеп істейді.

Оның сыртқы тысын көбінде суға қатпай, жылылық сақтайтын бұғының иленген жұқа, жұмсақ терісінен,т.б.жарғақ, қырымдардан пішеді.Ішін жылы сөкіне, помази, помбарқыт сияқты жылылық маталарымен астарлайды.

Жиектерін жіппен торлайды. Ішкі жағын қуыстап тігеді. Саусақтарының ұшынан тұмақ шығып тұратын тесік шығады. Саусақ саиын орта тұсынан бірлікке дейін өте нәзік айылбасты, бес бірдей бау өткізеді. Айылбасты белдеулерімен саусақтарын ортасын бір – бір буып тоқтатады. Аяққаптың алақаны, табан жағы ашық болады.
Тапсырма


  1. Ақанның атының, тазысының, бүркіттің аттары қалай, оларды кімнен, қалай алғаны туралы айтып бер. Ақынның қандай өлеңін білесіңдер?

Сері


Ақан он алты, он жеті жасынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады. Шілдехана, алтыбақан, ойын – той болса, Ақан сонда жүреді. Ол Құлагер деген атты бір ат, бір сиыр, жиырма бес сом ақшаға сатып алады.

Әлібек деген кісі Ақанға өзінің Қараторғай деген бүркітін сыйлайды. Күшік күнінде Базарала атты тазы сатып алады. Тағы біреуден Көкжендет деген қаршығаны қалап алады.

Енді Ақан тек әнші, ақын емес, даланың жігіт басына керекті барлық қызығын жинайды. Өзі ақын, өзі әнші, өзі аңшы сұлу жігіттің халық арасына атағы тез жайылды.


  1. Бетін ашпай, өрі тағам, әрі сусын, ұйытқы қосып, қан жылым қалыпқа түскенше, ыдыс тұмшаланып жабылады, сарымай шайқайды, қаймағы алынбаған сүт, қатық ұйытылмайды, әзірлеу үшін, ұйытқы құйып араластырады, еш нәрсе қоспай ішеді деген тірекстердің мағынасын өз сөзіңмен түсіндір.

Салқын сусындар

Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы ұйытылған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ашыта беруге болады. Ол үшін 5 – 10 минут сақырлатып қайнатылып, қанжылым қалыпқа түскенше суытылады. Сонан соң ұйытқы қосып араластырады да, ыдыс тұмшаланып тасталады. Ол 1 – 2 сағат аралағында ұйып болады.

Айранды пісіріп, сарымай шайқайды. Қатық қой, ешкі, сиыр түліктерінің қаймағы алынбаған сүттен ұйытылады. Жылқы мен түйе сүтінен қатық ұйытылмайды. Қатық әзірлеу үшін, сүт пісіріледі сөйтіп, қанжылымболғанша суытылады. Сонан соң ұйытқы құйылып , араластырылады да, ол құйылған ыдыс тұмшаланып жабылады, 2 – 3 сағатта ұйиды. Содан кейін бетін ашып, салқындауға болады. Қатыққа еш нәрсе қоспай ішеді. Ол – әрі тағам, әрі сусын.

Тапсырма


  1. Ақын неліктен «Жаяу Мұса »атанған, соны түсіндір. Мұса көбінесе қай аспапта ойнауды жақсы көрген, соны айт. Ат, батыр сөздеріне омонимдес сөздер тап.

Жаяу Мұса

А. Затаевич өзінің «Қазақтың 1000 әні» деген кітабында былай дейді: « Мұсаның «жаяу» атанған себебі – өзінің өнерін жаюда ауыл арасында жүрген. Ал оның өзі – аттан түспейтін, ат қадірлейтін халық үшін үлкен кемшілік. Солай бола тұра, оның аты халыққа тез жайылады.

Мұса қазақ ақындарының әдетін құмай, көбіне домбырада емес, татар әншілері сияқты скрипкада ойнаған».

Мұса құс салып, өлең шығарып, ән айтумен ғана шұғылданған жоқ. Ол кезде шығып тұратын газет, журнал, кітаптармен таныс болған.

Ол – халықтың өміріндегі белгілі жағдайларға, тарихи адамдарға, әдебиет өнер қайраткерлеріне арнап поэмалар, өлеңдер жазып кеткен адам.

Оның «Олжабай батыр» деген дастаны, «Күз», «Баянауыл дауылында», «Жұлдыз», «Бүркіт», «Қаршыға», «Жақсы мылтық», «Қақпан», т.б. өлеңдері бар.



  1. Мәтінен көптік жалғауын қабылдап тұрған зат есімдерді тауып, мазмұнына мән бер.

Қазақтың еркектері мен әйелдеріне ортақ бағалы бұйымның бірі – ер – тұрман. Әсіресе әйелдің ер – тұрманы көркем де қымбат келеді. Оны күмістеп, ою – өрнекпен әшекейлеп, сырлап жасаған. Ердің алтындаған, күмістеген, жезбен өрнектеген түрлері болған. Ол көбінесе қалыңдыққа баратын жігітке немесе ұзатылатын қызға арналып жасалады. Осындай көркем ердің бағасы он ірі қараға жеткен.

Ұлдар атқа мінер кезде, арнайы ер – тұрман істеп, нағашы жұрты сыиға тартатын болған. Оны ашамай ер деп атайды.

Қорытып айтқанда, қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата – бабамыздың ан саусағынан өнері тамған, өздері сері, жандары сұлу болғаннан паш етіп, ерекше дәлелдей түседі.

Тапсырма


  1. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есім қатысқан бір сөйлем құра және оған морфологиялық талдау жаса.



  1. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдері бар өлең шумақтарынан мысал тауып айт.

Үлгі: Қазақтың ірілері,

Абайдың інілері -

Сәкен, Ілияс, Бейімбет


  1. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт – дәстүріне байланысты шағын шығарма жазыңдар.



  1. Төмендегі мәтіннен оңаша тәуелдеуді тауы, морфологиялық талдау жаса.

Бақыт

Абай аз тоқтап, күз желінің суылдай соққан лебінен әлдебір суық сарын есіткендей болды. Аласа төбенің селеу мен көдесі қалтырай түсіп, бас шұлғып, баяғы бір ескі зардың болғанына куәлік айтқандай. Абай қара сөзбен көне бір баллада сазын шертіп тұрғандай.



  • Еңілік пен Кебек қуығыннан қашып, аңдай боп, мына Орда тауын паналап, азғантай ғана дәурен сүрген – ді. Сол бұйырмаған махаббат, достықтан біткен екеуінің баласы, жөргектегі нәрестесі – жас ұлан, әкесі мен шешесінен айрылған күні жөргегінде жылаған күйінде, мынау шеткі Ақшоқының есіз биігінің басына апарып тасталды. Дәл сол қаза күні байып батқанша ішегі қатып, жылап жатты. Суық дүние, тылтым дүние ортасында, тас бауыр адамнан алыс, жалғыздықта... үні өшті. Мәңгі өшті!.. – деді де, Абай сөзін бітірді.

  • Жастар үріккендей боп түйілген қабақпен, шошынған жүзбен қарасады. Ең алғаш шапшаң үн қатқан Дәрмен еді.

Тапсырма

  1. Төмендегі мәтіндердің мазмұнына мән бер. Ортақ тәуелденген зат есімдерді тап.

«Жақыныңды жаттай сыйла –

Жат жанынан түңілсін»

Өзіміздің адамдар ғой деп жақын туыстарға көңіл бөлмей қарау – тәрбиелік емес. Бір анадан туса да, аға бауырына, қарындасына, інісі мен қарындасы әпке – ағаларына жанашыл болуы тиіс. Бауырмалдық, жанашырлық сезім жоқ жерде туысқандық сыйластық, ауызбірлік те болмайды.Ал өзінің ең жақын адамдарын – үй ішіндегі туыстарын қадір тұтпаған адам басқа жұртты да сыйлап жарытпайды.

Бұл мақал татулыққа, сыйластыққа, жаңашырлық пен мейірімділікке тәрбиелейді.



  1. Төмендегі өлең шумағынан жай септеулерді тап.

Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.



(Н. Баймұхамедов)


Каталог: uploads -> doc -> 026a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
026a -> Сабақ түрі : Жаңа сабақ. Сабақ жоспары: Ұйымдастыру бөлімі. (Ауызша жаттығулар) Жаңа сабақ
026a -> Күні: 09. 2014ж Тексерген: Сыныбы: 10


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет