Өңеш және асқазан Орындаған: Жапар Аяжан



бет9/14
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#93102
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Өңеш және асқазан

Асқазан мен шұңқырлардың шырышты қабықшасының бетін жауып тұрған эпителий – бір қабатты призмалық. Бұл эпителийдің өзгешелігі – оның бездік сипатында, асқазанның барлық үстіңгі эпителиоциттері үнемі мукоидты секрет бөледі. Әр безді жасуша айқын екі: базальді және апикальды бөліктерге бөлінеді. Базальді мембранаға жанамалас базальды бөлікте – сопақша пішінді ядро, ал оның үстінде Гольджи комплексі орналасады. Жасушаның апикальді бөлігі мукоидты секреттің түйіршіктері немесе тамшыларымен толтырылған. Адамдар мен жануарлардағы үстіңгі эпителиоциттерінің өнімнің ерекшелігі көмірсулық компонентінің құрамымен анықталады, ал белокты бөлік болса, гистологиялық белгілерінің ортақтығымен сипатталады. Көмірсу компоненті асқазанның шырышты қабықшасының асқазан сөлінің зақымдаушы әсеріне қарсы қорғаныш реакциясында елеулі қызмет атқарады. Асқазанның үстіңгі эпителиоциттерінің маңызы шырыш түзеуден көрінеді. Ол ас түйіршіктерінң механикалық әсерінен ғана емес, сонымен қатар асқазан сөлінің химиялық ықпалынан қорғайды. Асқазандағы шырышты мөлшері оған тітіркендіруші заттар (алкоголь, қышқыл, қыша, т.б.) түскен жағдайда күрт көбейеді. Шырышты қабықшаның меншікті табақшасында араларында борпылдақ талшықты дәнекер ұлпаның жұқа қабатшалары жатқан асқазан бездері орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет