Қоғамдық прогрестің мәні, утопиялық (Жерұйық) көзқарастың маңызы



Дата19.11.2022
өлшемі17,6 Kb.
#158885
түріУтопия
Байланысты:
СИБ-21-2 Серікжан Арайлым срсп
все формулы мат.сауат-1

Тапсырманың тақырыбы: "Қоғамдық прогрестің мәні, утопиялық (Жерұйық) көзқарастың маңызы" тақырыбына тоқаталып, Томас Мор мен Асан Қайғы дүниетанымына салыстырмалы анализ жасаңыз.

Қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. – ілгері қозғалу табыс деген сөзден аланған).


Прогресс – егер ол адамзат қоғамының сыртқы көрсеткіштеріне емес, адамның ішкі жағдайына қолданылса, одан да қайшылықты болады, өйткені қоғамның дамыған әлеуметтік-мәдени кезеңдеріндегі адам жеке басының бақытты бола бастайтындығы туралы тарихи сенімділікпен айту мүмкін емес. Бұл тұрғыда прогресс туралы адам өмірін жақсартатын фактор ретінде айту мүмкін емес. Бұл өткен тарихқа да қатысты (ежелгі эллиндер қазіргі уақытта Еуропа тұрғындарына қарағанда аз бақытты болды немесе Шумер халқы қазіргі американдықтарға қарағанда жеке өмір жолымен аз қанағаттанды деп айтуға болмайды) және адамзат қоғамының қазіргі даму кезеңіне ерекше күшпен тән.
Қоғамдық прогресс – күрделі процесс. Адамзат тарихының дамуы барысында қоғам өмірінің бір саласының жетілуі, кемелденуі басқа салаларының мешеулігімен, тіпті кері кетуімен (регреспен) қабаттаса жүріп орыратынын да көрсетеді.
Асан Қайғы – қазақтың жырауы, көрнекі тұлға және Қазақ хандығының құрылуының негізгі рухани концепциясына айналған “Жерұйық” ілімінің негізін қалаушы.
Негізінде, Асан Қайғы қазақтың бірінші философы ғана болып қоймай, сондай-ақ жерді пайдалануды ұйымдастыру туралы көптеген ұсыныс жасаған географ пен топограф та болған. Ол өз заманының біраз мәселесін шешуді қолға алып, өз философисының орындаушысы болды десек те қателеспейміз. Асан Қайғы келесідей мәселелерді қарастырған: аумақтарды айқындау, мемлекеттік басқару қағидалары мен қағидаттары және біртұтас ұлттың қалыптасу ерекшеліктері. Қазақтан шыққан алғашқы философ атағына лайықты болуының тағы бір себебі – есімінің “қайғы” сөзімен тіркесуі болып табылады. “Қайғы” сөзі терең мағыналы эпитет және екінің бірін сипаттау үшін қолданыла бермейі, бұл эпитетті көпті көретін, ыстық сезетін және ақылды тұлғаларға қатысты қолдану орынды.
Ол іздеген “Жерұйық” шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. А. Қ. осы тарихи ойларын хандармен, сұлтандармен, билермен, әсіресе, Жәнібек ханмен арпалысып жүріп, іске асырмақ болған. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық А. Қ. деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған. А. Қ. елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, “адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін” мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау “Жерұйық” деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың “Жерұйықты” (кейде “Жиделібайсын” делінеді) іздеуі атақты Томас Мор “Утопиясы” (1516 ж.) Томмазо мен Кампанелланың “Күн қаласы” шығармасындағы (1602 ж.) қиял-армандарымен ұштасып жатыр.
Жерұйық философиясына келетін болсақ: “Ол жерде аштық пен ешқандай ауру-сырқат жоқ, ешбір жаудың көзіне түспейді, сонымен қатар Жерұйық тұрғындары дұшпандық пен өшпенділіктің не екенін біле бермес. Онда тек теңқұқықты адамдар мен баршаға ортақ материалдық ахуалы жоғары тұлғалар тұрады. Бұл мемлекетте табиғи және экологиялық апаттар орын алмайды, өзендер мен көлдер таза суға толы, ал құнарға толы жерінде жап жасыл қалың шөп өседі. Бір сөзбен айтқанда “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман”.
Бірақ бұл ойдың негізі түбінде жатыр: “Жерұйыққа апарар тіке жол жоқ. Барлық мұхит-теңіз бен тау-қыраттарды кешіп өтсең де, оны таппассың. Тек адам жүрегін тәрбиелеген гуманистік сезімдер, материалдық тұрғыда артықшылықтардан бастарту, өз-өзіннің ішіндегі жануарлық құштарлықтарды баса білу іздеген жанды Жерұйыққа әкеле алады.” Яғни Жерұйық дегеніміз ол картадан көруге болатын, атпен шауып баратын жер емес, ол – адамдар өз беттерімен рухани жаңғырту жолына шығып, әділ қоғамды құруды бастаған жер.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет