Қоғамның даму кезеңдері және тәрбиенің рөлі



Дата07.02.2022
өлшемі20,25 Kb.
#82347
Байланысты:
Қоғамның даму кезеңдері және тәрбиенің рөлі
шешендік өнер

Қоғамның даму кезеңдері және тәрбиенің рөлі
Кіріспе
1.Қоғамның даму кезеңдері
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері.
4. Тәрбие процесінің мәні.
5. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
Қоғамның даму кезеңдерін әр түрлі көзқараста түсіндіруге болады. Экономика ғылы-мында экономикалық даму кезеңіне деген детерминистік көзқарас және индетерминистік көзқарастар бар. Қоғамның негізгі экономикалық жүйеден тұрады. Экономикалық жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе-материалдық игіліктермен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы реттелген байланыс жүйесі экономикалық жүйе көпфакторлы болып табылады. Негізгілері:
1. Мемлекеттегі шаруашылық шешімді қабылдау жүйесі;
2. Меншік құрылымы;
3. Информациамен қамтамасыз ету механизмі;
4. Адамды еңбекке тарту механизмі.
Детерминистік көзқарастан басқа қоғамдық кезеңдерге бөлудің формациалық және цивилизациалық көзқарастары бар. Бұлар қоғамның кезеңдерге өту себептерін өзінше түсіндіреді.
Детерминизм-материя және рухани әлемдегі құбылыстардың өзара байланысы мен олардың арасындағы шартты заңдылықтарды объективті түсіндіретін философиялық ой. Детерминизмнің негізін себеп-салдар түсіндіреді. Мұнда қандайда бір құбылыс аңықталған жағдайда 2-ші бір құбылысты (сандарды) туғызады. Детерминизмге қарама-қайшы индетерминизм ұғымы өмір сүреді. Ол себеп-салдар ұғымын және олардың тұтастығын жоққа шығарады. Географиялық етерминизм – ол маркстік емес концепция қоғамдық өмірдегі құбылыстарды табиғи жағдаймен, мемлекеттің географиялық орналасуымен түсіндіріледі. Орта және оның әлемдері қоғамың дамуын аңықтап фактор деп есептейді. Марксизм-ленинизм географиалық детерминизмді жоққа шығарады, қоғамның кезеңдерге өту заңдылығын аңықтады. Формациялық көзқарас – маркістік ілімге тән. Онда 1-ші формация алғашқы қауымдық құлиеленушілік пен азиялық өндірісті біріктіреді 2-ші формация құлиеленушілік, крепостнойлық және капитализмді біріктіреді. Бұлар жеке меншікпен байланысты. 3-ші формация коммунистік, онда жеке меншік айында және гуманизм кезеңі келеді деп есептеді.
Формациялық ілім: Қоғамдық, тарихи формациялық өзгерісін, табиғи-тарихи процесс деп түсіндіреді.
Материялық өмірдің рухани құңдылықтан жоғары болуы мүмкін екендігін білдіреді.
Қоғамдық өндірістік қатынастар базис болып табылады ал саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық қатынастар қондырма деп аталады. Қондырма базиске тәуелді және содан туындайды.
Қоғамдағы кластар оғамдық қатынастардың негізгі бірлігі және тарихи субъектісі болып табылады. Формациялық көзқарас бойынша қоғамның бір кезеңнең екінші кезеңге өтуі топтар арасындағы қарама-қайшылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл формациялық көзқарас.
Цивилизациялық көзқарас-әлемдік тарихты цивилизацияның ауысуымен түсіндіретін көзқарас болып табылады. Цивилизация (лат:«азаматтық, қоғамдық» деген мағынаны береді). Бұл термин мәдениет денгейін бағалау үшін қолданылады. Цивилизациялық ілім материялдық және рухани дамудың тұтастықын түсіндіретін ортақ формалар мен принциптерден тұрады. Цивилизациялық тұтастық функционалды ой қалыптастырушылық сипатта болады. Бұл көзқарастың негізін адамзаттағы өзара байланыс және өзара тәуелділік мәселелері құрайды. Цивилизациялық тұтастық функционалды және ой қалыптастырушылық сипатта болады. Бұл көзқарастын негізін адамзаттағы өзара байланыс және өзара тәуелділік мәселелері құрайды. Мұнда жалпы адамзаттық құңдылықтың ұлттық немесе кластық құндылықтардан жоғары болатындығы айтылады. Бұл теория экономика ғылымындағы жаңа ілім болып табылады. Алғашқы цивилизациялық революция 6-8 мың жыл бұрын болған деп есептеледі бұдан кейін өнеркәсіптік революция қазіргі уақыттан 300 жыл бұрын болған деп есептеледі. Ал ХХ ғасырдың ортасынан ғылыми-техникалық революция басталды. Келесі бір экономистердің көзқарасы бойынша 7 цивилизацияға бөліп қарастырады:
1. Неолиттік (30-35 ғ.)
2. Шығыс-құлиеленуші (Қола ғасыры 20-23 ғ.)
3. Антикалық (Темір дәуірі 12-13 ғ.)
4. Ертедегі-феодалдық (7 ғ.)
5. Индустрияға дейінгі (4-5 ғ.)
6. Индустриалды (2-3 ғ.)
7. Постиндустриалды (2-3 ғ.)
Цивилизациялық көзқарас қоғамды кластарға бөліп қарастырмайды
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардын сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік ортаның көзқарасын дамытады.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдың құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек”, "Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналардың көптігімен бақытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің” кіріспесінде өрбітеді.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:
адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
заттардың және өзінін қожасы ету - "адамгершілік";
қүдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
тән саулығы - "дене тәрбиесі
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, аңыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні - еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы" - деп жазды.
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс- тұрысын қалыптастырады.
Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі — тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.
Профессор С.Я.Долецкий айтқандай, біз өз қателігімізді ойша айтамыз да, өзімізге өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып кетеміз. Егер біз оны дауыстап айтатын болсақ, онда өзіне- өзі кешірім жасау қиынырақ болады, - дейді.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жаңсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам ”Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс.
Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мүның мәдениетсіздік, жексүрындың екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін. әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орнына қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оңушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып ңала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады.
Өзін-өзі тәрбиелеудід құрамды бөлімдері:
өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою.
өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау.
әдістерін анықтау.
аутотренинг - жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі.
өзін-өзі бақылау.
Тәжірибеде оқушы тәртібінде және мінез-құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу де үлкен орын алып, оқушы ауытқулардың алдын алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу тұлға құрылымын қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету - оқушы санасындағы және іс-әрекетіндегі жеке кемшіліктерді жеңу.
Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру.
Қайта тәрбиелеу тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық өзгеру процесі, қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.
Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс- әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдістер қолданылады.
Қайта ұғындыру - бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы қате көз- қарастарын өзгерту әдісі.
Қайта оқыту - бұл теріс қажеттіліктер мен дағдыларды түзету әдісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет