Оқыту бағдарламасы (силлабус) Орал 2020 ж. ДӘрістер кешені


Тақырып: Девианттық мінез-құлық және оның негізгі формалары



бет30/36
Дата25.01.2022
өлшемі321,67 Kb.
#114309
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1)
Дефектология ЛЕКЦИЯ (1), дефекталогия, пс.прак.билет, психака туралы түсінік
Тақырып: Девианттық мінез-құлық және оның негізгі формалары

Дәріс мазмұны:

1. Девианттық мінез-құлықтың мәні және пайда болу себептері.

2. Девианттық мінез-құлықтың негізгі формалары.

3. Күрделі ақаулық құрылымы туралы түсінік.

4. Күрделі бұзылыстағы ақаулық құрылымының топтары.
Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте «девианттық мінез-құлық» термині қолданылады (латын тілінен аударғанда «deviato»-ауытқушылық). Девианттық мінез-құлық –қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары.

Жасөспірімдік шақ – 11-12 жастан 15 жасқа дейінгі даму кезеңі, бұл 6-9 класс оқушыларының орта жасына сәйкес келетін кезең. 12-15 жас аралығы – кіші және орта жасөспірімдік кезең, 16-17 жас аралығы – үлкен жасөспірімдік шақ. Жасөспірімдік шақ – психологиялық дағдарыс кезеңі – патология, бейімделмеушілік.

Ш. Бюллер жасөспірімнің психикалық дамуының екі сатысын бөліп көрсетті: жағымсыз және жағымды. Жағымсыз саты қыздарда 11-13 жасты және ер балаларда 14-16 жасты қамтиды. Бұл кезеңде «қанағаттанбаушылық, мазасыздық, денелік және психикалық нашар күй» көрінеді. Осының негізінде қан аздық және шаршаушылық пайда болады.

Жасөспірімдік шақ – генитальді кезең. Жасөспірімдердің негізгі мақсаттарының бірі – жоғары жыныстық сезімталдық пен ұмтылысқа бейімделу. Сексуальды белсенділіктің маңызды формасы – мастурбация. Оның көмегімен сексуальды қозуларды реттейді және өзінің денесіне объект ретінде қарап, үйреніп кетеді. Жасөспірімнің эмоциялық деңгейі жыныстық жетілуімен байланысты. Ата-аналарымен, құрдастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасы нашарлайды.Жасөспірімдер оларды сынайды, шыншыл емес адамдар деп ойлайды. Бұл процесс – сепарация - оқшаулану, кінәлілік сезімін тудырады. Жасөспірім өзін құрдастарымен және жасөспірімдік топтағы көшбасшылармен салыстырады.

Жыныстық жетілуден кейін жағымды саты келеді. Жасөспірімдерде логикалық және абстрактілі ойлауы дамиды, формальды операциялар көмегімен ойлау қабілеті пайда болады. Ой операциялары шығармашылық сипатқа ие. Жасөспірімдерде күшінің көбеюінен, рухани және денелік – шығармашылық энергиясының артуынан қуаныш сезімі пайда болады. Осы кезеңде табиғатты қабылдау қалыптасады, рухани құндылықтар пайда болады. Бұл кезеңнің негізгі мәселелері – мамандық таңдау және сексуальды қарым-қатынаста әріптесін табу.

Балалық жастан ересектік кезеңге өту кезіндегі жасөспірімдік дағдарыс туралы мәселелер талас тудырады. Жасөспірімдік дағдарысты кейде қалыпты патология деп те атайды. «Дағдарыстық кезең» ұғымы дамудың жалпы барысындағы маңыздылығын анықтау үшін қолданылады. Л.С. Выготский өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін көрсете отырып, дамудың сәйкес келмеуінің үш нүктесін бөліп көрсетті - әлеуметтік-мәдени, жалпы-органикалық және жыныстық.

Дағдарыстың негізгі себептерінің бірі – жыныстық жетілу – адамның психологиялық және психофизиологиялық дамуына әсер етіп, қызметтік күйін анықтайды (жоғары қозғыштық, тұрақсыздық, шаршау, ашушаңдық), жыныстық ұмтылысты тудырады және осылармен байланысты жаңа қайғырулар, қажеттіліктер, қызығушылықтар пайда болады. Дағдарыстың

тағы бір себебі, тұлға жаңа жастық кезеңде пайда болатын мәселелермен күресе алмайды. Осы кезеңдегі өзін ересектерге қарсы қою, жаңа позицияны

жаулап алуға белсенді ұмтылыс – заңды ғана емес, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуы үшін өнімді процесс. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, дағдарыстың әр түрлі жағымсыз белгілерінің негізінде «жаңа және жоғары формаға ауысуының жағымды мазмұны жасырылып тұр» [8;253б.], ал 3 жастағы дағдарыстың мәнін түсіндіре келе, егер осы дағдарыс «белгілі бір себептерге байланысты енжар және көріксіз өтетін болса, онда баланың тұлғасының аффективті және еріктік сферасы содан кейінгі жас кезеңдерінде де кейін қалушылыққа ұшырайды». Бұл тұжырымдама жасөспірімдік кезеңдегі дағдарысқа да сәйкес келеді.

Дамудың күрделі де маңызды кезеңі болып есептелетін жасөспірімдік жастағы дағдарысты қарастыра отырып, даму дағдарысын 3 кезеңге бөлеміз:

1)жағымсыз, немесе сын алды кезеңі, мұнда ескі дағдылар мен стереотиптердің өзгеруі жүзеге асады, ертеде қалыптасқан құрылымдардың бұзылуы жүреді.

2) дағдарыстың кульминациялық нүктесі (жасөспірімдік шақта бұл – 13 жас)

3) сын арты кезеңі, яғни жаңа құрылымдардың қалыптасуы, жаңа қарым-қатынастардың құрылуы, т.б.

Дағдарыстың өтуінің екі жолы бар:

Біріншісінің белгілері – бұл балалық шақтағы дағдарыстың классикалық белгілері: қырсықтық, өте еркіндік, ересектердің талаптарына жағымсыз қарым-қатынас көрсету, қарсы шығу, ересектерді бағаламау. Дағдарыстың бұл түрі әдебиеттерде кеңінен айтылған және бұл кезеңді «тәуелсіздік дағдарысы» деп атайды. Шынында да, әрбір жас кезеңіндегі дағдарыста бұл белгілер жастық ерекшеліктерге сәйкес пайда болады. Бұл кезеңде жасөспірімдер өзгелердің өзінің «жан дүниесіне енбеуін сұрайды».

Екінші жол біріншісіне қарама-қарсы. Бұл шамадан тыс тыңдаушылық, ескі қызығушылықтары мен мінез-құлық формаларына қайта оралу. Б.Л. Ланда зерттей келе, бұл кезеңді «тәуелділік дағдарысы» деп атады. Бұл дағдарыс түрі жасөспірімдердің тек 10-12%-де кездеседі.

Егер «тәуелсіздік дағдарысы» - бұл алға ұмтылыс, ескі нормалар мен ережелерден шығу болса, «тәуелділік дағдарысы» - кері кету, эмоциональды сәтті, сенімділік және қорғаныштық сезіміне кепілдік беретін қарым-қатынастар жүйесі мен позициясына қайта оралу. Екеуі де - өзін-өзі анықтаудың варианттары. Бірінші жағдайда: «Мен кішкентай бала емеспін», екінші жағдайда: «Мен кішкентай баламын және солай болып қалғым келеді» деген принциптер ұстанады.

Мінез-құлық ауытқушылығының пайда болу себебін анықтайтын биологиялық факторлар.

XIX ғасыр мінез-құлықтағы ауытқушылыққа әкелетін ауруларды анықтаумен әйгілі ғасыр. Олар: корея, меланхолия, невроз, әлеуметтік-аффективтік психоз.

Э. Кречмер, У. Шелдон пікірлерінше дененің айқын құрылысы тұлғалық қасиеттерді анықтайды. Эндоморф – орташа толық, жұмсақ және дөңгеленген денелі адам, оған қарым-қатынасшылдық, адамдармен тез тіл табыса алу іскерлігі мен өзінің тілектерін қоштау тән. Эктоморф – жіңішке және нәзік дене құрылысы бар адам, өзін-өзі талдауға бейім, жоғары сезімталдық пен ашушаңдық тән. Шелдонның қорытындысы бойынша, девиантты мінез-құлыққа ең бейімді адам – мезоморф, оның денесі күш пен сымбаттылыққа толы, ол мазасыздануға бейім, белсенді және өте сезімтал адам.

C.Уиткин және оның әріптестері жыныс хромосомаларының бұзылыстарына үлкен көңіл аударды, дат қылмыскерлерін зерттей келе ХУУ хромосомасы бар ер адамдардың заң бұзушылығы жоғары деңгейде болатынын байқады. Биологиялық түсіндірушілер адамның генетикалық негіздерін, зат алмасу процестерінің ерекшеліктерін, жоғары жүйке жүйесі қызметін, соматикалық және жүйкелік-психикалық дамуының ауытқушылықтары мен патологиясын есепке ала отырып, мүмкін ауытқушылықтарды «куәландыратын» денелік белгілерді, жекелік жағдайларды есепке алмайды. Психофизиологиялық тұжырымдаманың авторлары генетикалық, психофизиологиялық сипаттармен байланысты тұрақты мінез-құлықтық компоненттерге үлкен мәне береді, мінез-құлықтың өзгергіштігі мен жағдайына, индивидтің еріктік, тұлғалық ерекшеліктеріне мән бермейді. Сондықтан, XX-ғасырда танымал болған биологиялық тұжырымдамаларды мінез-құлық ауытқушылығының пайда болуы туралы теориялар ығыстырып шығарды.

Э.Марш, Э. Уилсон секілді қазіргі гендік инженерияның өкілдері адамның мінез-құлқына жауапты арнайы гендерді бөліп және сипаттауға әрекет жасады. Биология және медицина саласындағы технологиялық жетістіктер адамдардың қабілеттері мен іс-әрекеттерін физиология мен миға тікелей әсер ету жолы арқылы бақылау жасап, өзгертуге болатынын айтады. А. Нидлман организмдегі қорғасынның жоғары деңгейі – қоғамға қарсы мінез-құлықтың пайда болуына тәуелді фактор болып табылады дейді.

Әлеуметтік түсіндіру.

Егер ауытқушылықты биологиялық түсіндіру девиантты тұлғаның табиғатын талдаумен байланысты болса, әлеуметтік түсіндіру мінез-құлықтағы ауытқушылықты анықтайтын әлеуметік және мәдени факторларға сүйенеді.

Мінез-құлықтағы ауытқушылықты алғаш рет әлеуметтік түсіндіру аномия теориясы негізінде жүзеге асты. Мұның негізін Эмилем Дюркгейм салды. Бұл құбылысты түсіндіре отырып, әлеуметтік ережелердің адамдардың өмірін реттеуде маңызды роль атқаратынын, нормалардың мінез-құлықты басқаратынын бөліп көрсетті. Әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыс кезіндеөмірлік тәжірибе идеалға сәйкес келмейді. Нәтижесінде адамдар шиеленісушілік пен бейімделмеушілік күйді кешеді де, өзін-өзі өлтіру деңгейіне жетеді, яғни «ұжымдық тәртіпті бұзушылық» мінез-құлық ауытқушылығына әкеледі.

Күрделі бұзылыстағы балалардың дамуына екі және одан да көп психологиялық-денелік бұзылыстар бір балада көрінуі жатады (көру, есту, сөйлеу, ақыл-ой дамуы т.б.). Мысалы: саңырау-нашар көру, ақыл-ойы баяу –соқыр (Соқыр), тірек –қимыл аппараты бұзылған және сөйлейуі бұзылған. Күрделі бұзылыс термині күрделі ақаулық күрделі ақаулықтың дамуы, бұзылыстардың байланыстылығы, қиыса байланысу деген мағынаны білдіреді. Мұның бәрі соңғы кезде күрделі ақаулық құрылымы болып есептеледі. Күрделі ақаулықтары бар балалар құрылымына байланысты 3 негізгі топқа бөлінеді:



  1. Екі психологиялық-денелік бұзылыс жатады. Дамуында ақаушылықтың болуы, соқыр –естімейтін балалар, ақыл-ойы кеміс –саңырау, нашар еститін психикалық дамуы тежелген болуы.

  2. Бір ғана белгіленген психо-денелік ақаулық бастаушы болып көріне отырып, оның өзге бұзылысты серіктестік етуі, оның өз денгейінде анықталуы бірақта дамуға әсер етуі ақыл ойы болу әрі естуінің төмен болуы.

  3. Көптеген бұзылыстардың екеуі жатады, яғни 3 және одан да көп бұзылыстар (алғашқы) әртүрлі денгейде анықталынуы балалардың дамуына белгілі бір бұзылыстарды туғызады, ақыл-ойы болу нашар көретін саңырау балалар, яғни бір балада бұзылыстық бірнешеуі қосарланып келуі моторикасының бұзылуы, көруі естуінің бұзылуы оның сөйлеу тілінің мүкістігімен анықталынады.

Арнайы педагогикада күрделі ақаулықтағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу өз зерттелген және қиын мәселерге жатады. Күні нешеге дейін мұндай топтағы балаларға шынайы педагогикалық көмек беру қиын болып келді, олар оқытуға жатпайды деп есептелді.(ақыл ойы кеміс –көруі және естуі терең түрде бұзылған) Бірақта соңғы 10 жылдықта жағдай біркелкі өзгере түсті. Қазіргі арнайы педагогикада негізгі мәселелер ретінде қарастырылуда. Бұл балалардың аталған ақаушылықтарын жүйелі зерттеу өзіндік жағдайларын анықтау, дамуының барысындағы өзгерістерді білуге арналды. Олардағы міндеттердің біріне-күрделі ақаулыққа ерте диагностика жүргізу жатады. Кеш жүргізілген диагностика –практикада мұндай балалармен кездесуге қиындыққа әкелетіндігі байқалды. Бала арнайы оқытуға кеш түседі оған кешігіп көніл бөлінеді. Көбінесе дәрігерге қаратумен шектеліп, педагог-психологтарға обьективті зерттеулерден өтпейді. Ерте диагностикадағы нейрофизиологиялық әдістер маныздылығы күшеюде. Қазіргі ғылым мен техника баланы ерте танып білуге 1 жасында сәбидің сенсорлық бұзылысының орта және үлкен деңгейін анықтау көзделуде.

Ақыл-ой ақаулығы олигофрендік белгілі байқата отырып көрініс береді. Мұндай бұзылыстағы балаларға дер кезінде көмекті мектептер тарапынан дұрыс тәрбие беру, олардың күнделікті жағдайдан әлеуметтік ортаға, еңбек ұжымына, тұрмысқа бейімделуіне жолдамады. Түрлі әсер ету факторлар биологиялық сипаттағы (қосымша инфекциялық аурулар, интоксикация, бас сүйек ми ының травма жарақаты және әлеуметтік жанұядағы конфликтілік ситуациялар, дұрыс емес тәрбие) әлеуметтік тұрғыдағы ауа райы қатынасы мұндай балаларға әсер етеді, әсіресе жасөспірім шақта кезеңіндегі жалпы ағзаның жетілу биологиялық және қолайсыз әлеуметтік жағдайлар әсер етеді, жасөспірім-олигофреннің мінез-құлқының бұзылуы жататында психотравмалық фактор, жиі күйзелістер, мектептерге үлгірімсіз қатысты, құрдастарына аяусыз қарауы, үлкендерді ренжітуі, көнілің қалдыру байқалады. Мінез-қулқы бұзылған типтегі жасөспірім олигофрен арасында көпшілігі психопатикалық бұзылушылық, әлеуметтік бейімделуде қиыншылыққа ұшырайтын, тәртіп бұзылушылық, бұзақылық жасаушылық байқалады. К.С. Лебединский ұсынғандай ақыл-ойы бұзылған жасөспірім мінез-құлқы бұзылғаның клиникалық-психологиялық құрылымына қарай 2 психопатологиялық нұсқаға бөледі:



  • невротикалық типтегі психикалық декомпенсация

  • социопсихотипті

Психопатотивтегі психикалық дескомпенсация: эмоциялық-ерік тұрақсыздығы, аффектілік қозғыштық, патологиялық елігу.

1. Ақыл-ой сапасының толық еместігімен өзіндік сезімнің күйзелуімен байланысты, жасөспірімдерде ауыр психикалық жарақаттану, өзіне сенімсіздік, болашақтан қорқыныш, сәтсіздіктерге күйзелу, уайымдау. Оқу қызметінде аса төмендеушілік байқалады. Ауызша жауап беруде қорқу, ойының шашырауы байқалады. Қорқынышты ойлар, қараңғыдан қорқу, ауыр түс көру болады. Жасөспірім өзінің кемшілігін (көзінің қылы, энурез) уайымдайды, класта қателік алу, тұйықтыққа әкеледі немесе тыныштансыздырады. Ал жекелей сабақта сапасы жоғарлау болып келеді. Өзін толықтай сезінбеуі жасөспірімдерді аутистикалық бейімділіктің пайда болуына әкеледі, қоршаған шынайы өмірден өзінің уайымға ұшырауы, пайдалы жақтары: балық аулау, сурет салу, оқу, коллекция жинау т.б.

2.Бұл әртүрлі нұсқада көрінеді эмоционалды-ерік тұрақсыздығы, аффектілік қозғыштық қозғалыстың шектеулілік, патологиялық елігу. Мектеп ішіндегі тәртіпке бағынбаушылық, мұғалімдермен оқушылармен конфликтілерге ұшырауы, ерте ішімдік ішу, ұрлық жасау, нашақорлыққа салыну т.б. Оқу сабақтарына қызығушылық танытпайды. Олар көбінесе кәмілеттік жасқа жетпеген комиссия есебінде тұрады. Олардың бәрінде эмоционалды-ерік тұрақсыздығы байқалады. Бұларды мінез-құлық мотиві-рахат, ләззат алу тапсырмаларды орындаудан бас тартады, жағымсыз жағдайларды ұйымдастуруға бейім келеді.

3.Өзіндік сипатта болып келеді, көмекші мектептерде олар бақылауды қажет етеді асқыну кезеңінде психоневрологиялық стационарға немесе психоневрологиялық ауруханаларға емделеді.

Анықталғандай, ақыл-ойы кеміс балалар түрлі қалыс қалушылық аурулармен ауырады. Дұрыс тәрбиелеу мен көмекші мектептердегі оқытудың нәтижесі олардың психикалық мүмкіндіктері мен қалыпты әлеуметтік жағдайға (тұрмыста, еңбектік ұжымда т.б.) бейімделуге ықпал етеді. Бірақ жағымсыз факторлар қатарында биологиялық (қосымша инфекциялық аурулар, интоксикация-ағзаның улануы), мидың бас сүйегі травмалары және әлеуметтік (отбасындағы конфликтілік ситуациялар, дұрыс емес тәрбие) әсер етуіне байланысты балада әлеуметтік жағдай төменгі дәрежеде болады.

Жасөспірімдік шақ, әсіресе, күрделі жыныстық жетілу кезеңі-баланың биологиялық және әлеуметтік жоспарда түрлі жағымсыз іс-әрекеттің тууының нағыз кезеңі. Олигофрен жасөспірімдердің мінез–құлық бұзылыстарындағы маңызды рөл атқарады: психотравмалық факторлар, жиі қайғыру, массалық мектепке үлгермеушілікпен келу, құрдастарымен және үлкендермен жеккөрушілік қарым-қатынас, өзіне тағылған мазақ ат және т.б. қатты әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет