Оқыту әдістері



бет2/2
Дата25.01.2023
өлшемі19,56 Kb.
#166446
1   2
Байланысты:
Дене тәрбиесі, ырғақ БМ-22
срс рус
Оқыту әдістерін жіктеу
Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И.Архангельский, С.И. Зиновев, Н.В. Кузьмина, Т.А. Ильина, Н.Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
1.Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер):
-түсіндірмелі хабарлау әдісі; -репродуктивтік әдіс; -проблемалық баяндау әдісі; -эвристикалық әдіс.
2.Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Даниалов, Б.П. Есипов, Т.А. Ильина):
-жаңа білім беру әдісі; -біліктілер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі; -Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі; -Өзіндік жұмыс істеу әдісі; -білімді тексеру әдісі; -проблемалық, програмаланған оқыту әдісі.
3.Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К. Бабанский):
-оқу -танымдық әрекеттерді ұйымдастыру; -оқуға ынталандыру; -оқытудағы бақылау және өзін–өзі бақылау әдістері.

4.Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг):


-ауызша баяндау әдісі; -есеп шығау әдісі; -өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5.Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):
-жаңа білімді игеру әдәсі; -өзіндік білім әдісі; -проблемалық әдіс; -көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең көп тарағаны - білім берудің көздеріне сәйкес
(И.Т. Огородников, С.И. Перовский, Е.Я. Голант):
-сөздік немесе ауызша баяндау әдісі; -көрнекілік әдістер; -тәжірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептеледі т.с.с.
Оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.Алайда, оқыту әдісін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді.


  1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің еркшеліктеріне сай қолдану.

  2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескерту.

  3. Мектептің географиялық орналасуын ескерту. Мысалы, оқытудың қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орынддарында экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.

  4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.

Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық - мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет