Оқыту міндеттері: қазақ, орыс және әлем әдебиеті мен мәдениеті негізінде әлеуметтік тұрғыда табысты бейімделуіне ықпал жасайтын білімдерді, қабілеттерді, дағдыларды қалыптастыру



бет1/2
Дата22.09.2022
өлшемі137,37 Kb.
#150335
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Оқу және тіл дамыту
Стандарт, 6 с қазақ т 22.09.2022ж, Ата аналар жиналысы, 6 с қазақ т 20.09.2022ж, 9 с әдебиет 09.09.2022ж, Ата аналар жиналысы баяндама, 135 ЖОББМ Эссе. Бауыржан М.Б.


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 469 бұйрығына 74-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 514-қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
5-10 сыныптары үшін «Оқу және тіл дамыту» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер


1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
5-10 сыныптары үшін «Оқу және тіл дамыту» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. «Оқу және тіл дамыту» пәнінің негізгі мақсаты – оқыған материалды дұрыс, жылдам, саналы түрде түсініп және мәнерлеп оқуға дағдыландыру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, көркем шағармаларды қабылдау мен талдау негізінде білім алушылардың коммуникативті дағдыларын жетілдіру және рухани құндылықтарын қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
1) қазақ, орыс және әлем әдебиеті мен мәдениеті негізінде әлеуметтік тұрғыда табысты бейімделуіне ықпал жасайтын білімдерді, қабілеттерді, дағдыларды қалыптастыру;
2) білім алушылар көркем әдебиет шығармаларының авторлық түпкі ойын терең түсінулері үшін әдебиеттанушылық түсініктердің меңгерілуіне ықпал жасау;
3) білім алушылардың ұғымына лайықты мәтіндерді дауыстап және іштей оқу, оқыған шығармаларды саналы түрде түсіну дағдыларын қалыптастырып жетілдіру;
4) түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды терең түсіну мен саралау негізінде коммуникативтік дағдыларды дамыту;
5) білім алушылардың байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойына тұжырымдама жасай білу, ұқсастық пен себептік-нәтижелік байланысты анықтау дағдыларын қалыптастыру;
6) оқуға деген қажеттілікті қалыптастыру, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып оқу дағдыларын жетілдіру;
7) білім алушыларда адамгершілік қасиеттерін, еңбекке, Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
4. Бағдарламаның мазмұны заттық нәтижелерге қол жеткізуден басқа, түзету міндеттерін жүзеге асыру бойынша жүйелік жұмыстарды қарастырады: есту, есту-көру қабылдауын дамыту; еңжар және белсенді сөздік қорын өсіру; тілдің семантикалық жағымен жұмыс; тілдің грамматикалық және фонетикалық құрылымының бұзылыстарын түзеу; дислексияны, дисграфияны и дизорфографияны алдын алу және жеңу.
2-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

5. Оқу процесін ұйымдастыруға арналған педагогикалық тәсілдердің іске асырылуы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың арнайы оқу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған арнайы білім беру принциптеріне негізделген:


1) білім беру жүйесін жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың даму ерекшеліктері мен деңгейіне және дайындығына сәйкес бейімдеу принципі;
2) оқытудың түзете-дамыта оқыту қағидасы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып арнайы тәсілдері және әдістері арқылы жүзеге асырылады;
3) оқытудың әлеуметтік-бейімдеушілік бағыты тұлғаның әлеуметтік бейімделмеушілігін жеңу немесе азайтуды қарастырады. Білім алушылардың әлеуметтік өмірге қатысулары үшін қажетті тәртіп пен өмірлік нормаларының меңгерілуі бойынша арнайы жұмыстар қарастырылады;
4) білім берудегі әрекеттік ықпал ету ақыл-ой кемістігі бар білім алушының тұлғасын дамыту ерекшелігін ескере отырып білім берудің негізгі заңдылықтары мен құрылымын айқындайтын психологиялық ғылымның теориялық қағидаларына негізделеді. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушының тұлғасын дамыту олар жасай алатын әрекетті (заттық-практикалық және оқу) ұйымдастыру сипатымен анықталатындығын мойындауға құрылады;;
5) оқытудың практикалық бағыттылығы оқылатын материал мен білім алушылардың практикалық әрекетімен арасындағы өзара тығыз байланысты анықтауды, практикалық-бағдарлық міндеттерді шешу үшін маңызды білім мен икемділіктерді қалыптастыруды білдіреді;
6) ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға саралап және даралап ықпал ету бағдарлама мазмұнын меңгеру мүмкіндіктерінің әркелкілігінен, әр түрлі типологиялық ерекшеліктері оқу материалын меңгеруде және алынатын білім, білік және дағдылардың сапасынан көрінетін ерекше білім беруге қажеттіліктерін есепке алуды қарастырады. Зерде бұзылыстары бар білім алушылар үшін білім беру процесі 4 типологиялық топты құрайтын педагогикалық жіктелу негізінде іске асырылады (В.В.Воронкова бойынша): әрбір типологиялық топ үшін педагог олардың мүмкіндіктеріне сәйкес, қолжетімді күрделілік пен көлемін ескере отырып, оқу материалының мазмұнын таңдап алады; оқу жұмысының қарқыны, оқушылардың дербестігі, оқыту тәсілдері мен әдістері түрлендіріледі. Білім алушылардың топтарға бөлінуі шартты және қозғалмалы. Жіктемелі тәсіл оқытудың жекеленуімен толықтырылады;
7) оқу және практикалық әрекетті арнайы педагогикалық басшылық ету қажеттілігі жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың төмен танымдық белсенділігі мен ойлаудың талдау және жалпылау қызметінің әлсіздігіне байланысты болады. Мұғалім білім алушылардың танымдық-оқу әрекетін олардың жеке білім алу мүмкіндіктеріне сәйкес ұйымдастырып бағыттайды.
6. «Оқу және тіл дамыту» оқу пәнін оқыту процесінде «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Айналадағы әлем», «Математика», «Жаратылыстану», «География», «Қазақстан тарихы», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлдау», «Бейнелеу өнері», «Музыка және ән», «Дене тәрбиесі» сабақтарымен пәнаралық байланыс орнатылады.
7. Сынып бөлмесіндегі жиһаз жеке, жұп немесе топ ішіндегі жұмыс түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қозғалмалы болады.
8. Бағдарламаны меңгеру барысында көрнекілік пен техникалық құралдарды ұтымды пайдалану білім алушылардың тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, материалды жеңіл меңгеруіне ықпал етеді, сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
9. Сыныптан тыс оқу сабақтары айына 1 рет жүргізіледі. Сабақтан тыс оқу сабақтарында білімалушылар олардың түсінуіне қол жетімді балалар әдебиетімен танысады.Оқуға деген қызығушылығын арттыру, қызығушылық тудыратын кітаптарды таңдауға, балаларға арналған кітаптардағы, газеттер мен журналдардағы әңгіме, ертегілерді, мақалаларды өз бетімен оқу әдетін қалыптастыру.
10. Сыныптағы білім алушылардың мүмкіндіктерімен ерекше оқыту қажеттілігіне байланысты тақырыпты меңгеруге қажет сағат санын мұғалім өзі анықтап, жоспарлайды; өткен материалды қайталау және бекіту барысында мұғалім білім алушыларға топтық және жеке жұмыстарды ұйымдастырады.
3-тарау. «Оқу және тіл дамыту» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

11. «Оқу және тіл дамыту» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағатты;
2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағатты;
3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағатты;
4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты;
5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты;
6) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
12. «Оқу және тіл дамыту» пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) 1-бөлім «Тыңдалым және айтылым»;
2) 2-бөлім «Оқылым»;
3) 3-бөлім «Тілдесу».
13. «Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннен ақпаратты анықтау;
3) негізгі ойды анықтау;
4) сахналау және драмалау.
14. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) оқылым стратегияларын қолдану;
2) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
3) сыныптан тыс оқу;
4) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
15. «Тілдесу» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) қарым-қатынастық дағдыларын дамыту;
2) жағдаятты болжау.
16. Пәнді оқыту барысында келесі тақырыптар қамтылады: қазақ халқының өмірі мен еңбегі, саяси-қоғамдық оқиғалар, кең-байтақ Ұлы Отанымыз, адамдардың достық қарым-қатынасы, бейбітшілік жолындағы қызметі; табиғат, оны қорғау; Тәуелсіздік күні, Президент күні, Астана күні, Конституция күні, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Жеңіс күні, Балалар күні, Наурыз, Білім күні. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктер жөнінде жазылған әңгімелер, мақалалар, өлеңдер. Осы тақырыптар сыныптан сыныпқа қайталанып, күрделеніп, толықтырылып оқытылады.
17. «Оқу және тіл дамыту» пәнін оқыту лексикалық тақырыптар және жазушылар мен ақындардың шығармаларымен білім алушыларды таныстыруды көздейді (таңдау бойынша).
18. 5-сыныпқа арналған «Оқу және тіл дамыту» пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым: жеңіл мәтіндердің жалпы мазмұнын; аудио таспаға жазылған шағын шығармаларды түсіну; мәтіннің мазмұны бойынша негізгі сұрақтарға жауап беру; мәтінде түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді табу; астарлы сөздерді қолдану; кейіпкерлерді, оқиғаларды, табиғат көріністерін сипаттайтын сөздер мен сөйлемдерді іріктеу; мұғалімнің көмегімен көркем шығарманың негізгі ойын анықтау; мұғалімнің көмегімен әдеби шығарманың кейіпкерін бейнелеу; ертегілерді сахналауға қатысу;
2) оқылым: тұтас сөздермен дауыстап дұрыс оқу; мәнерлеп оқу: мәтіннің мазмұны мен мағынасына сәйкес интонация мен сөз қарқынын сақтау (кідіріс, логикалық ойлау дауыс сарыны); рөлге бөлініп оқу ( «драматизация»); қойылған сұраққа жауап табу; тақпақтар жаттау; мұғалімнің көмегімен шығарманың түрін анықтау;
3) тілдесу: мәтін, суреттердің мазмұыны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; тақырыптық диалогтар құру, құрастырған диалогтың мағынасын дұрыс түсіну; мәтіндегі суреттер арқылы жағдаятты әрі қарай болжау.
19. 5-cынып бойынша оқылатын шығармалар:
1) халық ауыз әдебиеті: «Әлди, әлди бөпешім» (бесік жыры); мақал- мәтелдер; жұмбақтар; жанылтпаштар; санамақтар; ертегілер: «Қыз бен аю» «Ақымақ қасқыр», «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?»; «Жүзім жегісі келген қасқыр»; «Мақтаншақ қоян»;
2) туған табиғат көріністері (күз): «Күз айлары» А.Мусина; «Күз келді» М.Әлімбаева; «Бидай мен шырмауық» Әдина Жүсіп; «Отынға барғанда» Ә.Шынбатыров; «Нан» Е.Елубаев; «Нан қадірі»;
3) менің достарым: «Дос» Қ.Ыбыраев; «Баға» Г.Бірімжанова; «Адал дос» М.Төрежанов; «Шың достық» Қ.Көпішев; «Игілік» Е.Өтетілеу ұлы; «Сәкенің жеңісі» Д.Төлебаев; «Үш жолдас» Д.Көбеева; «Жүз теңген болғанша» О.Жұматаева; «Достық» А.Әбутәліп; «Бірлік» Е.Ететілеуов; «Досым және мен» М.Әлімбаев; «Садақ жебесі»Ә.Қосанов; «Үш дос» М.Төрежанов;
4) менің Қазақстаным: «Отаным» К.Тұяқбай; «Біздің ту. Елтаңба.Әңұран»; «Отан деген» А.Ілиясова; «Сенің Отаның»Б.Ысқақов; «Астана»Д.Төлепбек; «Елбасы» Д.Өтепберген; «Тәуелсіздәк деген не?» Ш.Күмісбайұлы; «Тәуелсіздік» Нұрлан Қалқа; «Киіз үй мен ағаш үй»Ы.Алтынсарин; «Жайлау» А.Нұрмаханов; «Жайлаудағы той»А.Мусина; «Армысын ауыл» Сұлтан Калиұлы; «Ана тілі»; Әлдібай Тобылды; «Заңды білсең, адаспайсың» Б.Әділден; «Отан тобасы» «Ұлан» газетінен; Отаным менің Э.Жәрімова;
5) туған табиғат көріністері (қыс): «Қыс айлары»А.Мусина; «Қар жауған күн» Г.Мұқышева; «Қыз қызығы» Бекен Датұлы; «Қар тоқтату»; «Суықторғай» Қ. Баянбаев; «Жаңа жыл» Ә.Асылбеков; «Шыршада» Р. Мұқанова; «Терезедегі өрнек»; «Қар жауғанда» Алмат Исәділ; «Төбешік» Н.Носов; «Аяз» Қ.Толыбаев;
6) жануарлар әлемі: «Төлдерді қалай шақырады» О.Тұрманжанов; «Ақ ешкі»С.Сауытбековтан; «Бота мен бұзау»Қ.Толыбаевтан; «Кішкентай кірпі» Қуанышбек Қожахмет; «Саққұлақ» Бердібек Сопақбаев; «Бұғының мүйізі»Т.Жексенбайдан; «Түлкі мен ешкі» Ы.Алтынсарин; «Тиін мен қасқыр» Л.Н.Толстой; «Әдемі тиін» Т. Жексенбай; «Керік» Б.Үсенбаевтан; «Ақылды күшігім»А.Мұхитова; «Қоян мен қарақұстар» І.Қожабаевтан; «Балапан» «Ұлан»газетінен; «Қаңғыбас көжек»Т.Әдебиет;
7) туған табиғат көріністері (көктем): «Көктем айлары»А.Мусина; «Тәтті сәбіз» Б.Мұстафин; «Көктем келді» Зура Мейірханова; «Ең жақсы маусым» С.Оспанов «Құс ұясын бұзбайық» Ө.Тұрманжанов; «Кім бұрын өсер екен» С.Баруздиннен Аударған Л.Әсенова; «Көктем» Даулет Жетпіс; «Табиғатты қорға»Қ.Аймағамбетова; «Қызыл гүл» Ж.Әлмешов; «Сегізінші наурыз күні» С.Оспанов, «Сыйлық» Т.Әбдірайым; «Сарышымшық» М.Төрежанов; «Наурыз жыры» О.Асқар «Наурыз көже»; «Бата»; «Маржан мен жауқазын» З.Мейірхановадан; «Күміс жаңбыр төгілді» М.Әлімбаев; «Көк шыбық»;
8) жақсылыққа асығындар: «Еңбек» Н.Жанаев; «Еңбек жемісі» Б.Әділ; «Жанар қалай кір жуды» Т.Әбдірайым; «Қолғанат» Н.Қадырбаев; «Асыл шөп» Ы.Алтынсарин; «Бақыт деген не?» Жәнібек Кәрбозин; «Кішентай көмекшілер» А.Хасенова; «Сақманшы» М.Құрманалин; «Тілазар» С.Аймаханқызы; «Дүкенде» М.Гумеров; «Қатқан нан» В.Сухомлинский; «Жалқау» Д.Қасенов; «Екі қыздың оқиғасы» А. К. Кусниденова; «Дәмді сорпа» Мәдіхат Төрежанов; «Манаттың кемшілігі» Әдина Жүсіптен;
9) туған табиғат көріністері (жаз): «Жаз айлары» А.Мусина;«Жаз келді»М.Амандықова; «Лагерьде» А.Мусина; «Көңілді жаз» Ө. Ақыпбеков; «Жаздың бір аптасы» Ш.Мамасерікова; «Балаларды қорғау күні» Е.Өтетілеуов.
20. 6-сыныпқа арналған «Оқу және тіл дамыту» пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым: аудио таспаға жазылған әртүрлі жанырдағы шағын мәтінді естіп, мазмұнын түсіну; мәтіндегі жаңа сөздерді тауып, мағынасын түсіну; мағынасы ұқсас және қарама-қармы мәндес сөздерді іріктеу; шығарманың және оның бөліктерінің негізгі ойын анықтау; мұғалімнің көмегімен әдеби шығарманың кейіпкерін бейнелеу; шағын шығармаларды сахналауға қатысу;
2) оқылым: шағын ертегі, тақпақ, мәтіндерді мәнерлеп, дұрыс, интонациясын сақтап, тыныс белгілеріне тоқтап оқып, негізгі мазмұнын түсіну; әдеби сөздің нормаларын сақтай отырып саналы түрде дауыстап дұрыс оқу; іштей оқу; тақпақтарды жатқа айту; мұғалімнің көмегімен шығарманың түрін анықтау және өз таңдауын дәлелдеу; сыныптан тыс оқу; мұғалімнің көмегімен балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты алу;
3) тілдесу: мәтін, сурет, ертегі, іс-әрекеттер бойынша; таныс заттардың басты белгілерін анықтап, сипаттау; сұраққа толық жауап беру, жауапты кеңейту, өздігінен сұрақ қою; диалогке даярлықсыз қатысу.
21. 6-cынып бойынша оқытылатын шығармалар:
1) халық ауыз әдебиеті: «Қарға, қарға қарғалар...».; тұрмыс-салт жырлары: «Әлди бөпем, әлди ау!» (бесік жыры), «Қаз-қаз балам, қаз балам» (тұсау кесер жыры), «Наурыз жыры», «Арыстан мен кісі», «Аю, түлкі және қойшы» «Күшік пен мысық» ертегілері; мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар;
2) туған табиғат көріністері (жаз, күз):А. Құнанбаев «Жаз», «Күз», С. Торайғыров «Шілде».Қ. Мырза Әлі «Жаз», «Табиғат- жаратылыс пернесі». Е.Өтетілеуов «Күз», К. Г. Паустовский «Жазбен қоштасу», Ғ. Қожахмет «Күз әуені»; табиғат құбылыстарытуралы әңгімелер, мақал-мәтелдер;
3) менің достарым: С.Қалиұлы «Сәлем саған, мектебім», О.Асқар «Достық», С. Михалков «Достар өлеңі»,Ж.Өтегенова «Бізде оқитын Алшабек»;

4) менің Қазақстаным:Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем», О. Асқар «Үйрен ана тіліңді», «Өз туым», Бақытбек Бәмішұлы «Ту», «Әнұран»;


5) туған табиғат көріністері (қыс): А.Құнанбаев «Қыс», Е.Елубаев «Шаңғы жол», М.Пришвин «Соңғы аяз», «Қар астындағы құстар». С. Есенин «Қыс»;
6) жақсылыққа асығындар: Зейнел-Ғаби Иманбаев «Достар», Л.Н.Толстой «Дәнек (сүйек)», А. К. Кусниденова«Екі қыздың оқиғасы І- бөлім - Іскергүл», «Екі қыздың оқиғасы. І бөлім - Жалқаугүл»; В.Сухомлинский«Қатқан нан»; Е.Елубай «Ерлік мәңгі есте»;
7) туған табиғат көріністері (көктем): Б.Қозыкеев «Құс келеді». Д.Қанатбаев «Күлімде күн күлімде», Ө.Тұрманжанов «Көктем келді гүл алып», Нұрхан Жанаев «Гүл өсірсең, терлеп...», М.Пришвин « Көбелек»;

8) жануарлар әлемі: Ө. Тұрманжанов «Ай мүйізді ақ қошқар», Зейнел-Ғаби Иманбаев «Айқас», «Мақтаншақ маса» мысал, «Жекпе жек», «Түлкі мен қоян», Хайуанаттар жайындағы ертегілер: «Арыстан мен түлкі», «Батыл есек», С.Боранбаев «Қайсысы қалай ішеді?», С. Оспанұлы «Тырна», «Көкек», «Қырғауыл», «Бөдене». Л.Н.Толстой «Қорқақ қояндар», «Құмырсқалар туралы».


22. 7- сыныпқа арналған «Оқу және тіл дамыту» пәнінің базалық мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым: карапайым әдеби мәтіндерді тындау, түсіну; аудио және видео таспаға жазылған сөйлемдердің түрін интонациясына байланысты ажырату; мағынасы ұқсас және қарама-қармы мәндес сөздерді іріктеу; шығарманың негізгі ойын анықтау; әдеби шығарманың кейіпкерін бейнелеу;
2) оқылым: әдеби шығармаларынан қысқа үзінділерді интонацияларын сақтап, мәнерлеп саналы түрде оқу; тақпақтарды жатқа айту, мұғалімнің көмегімен шығарманың түрін анықтау және өз таңдауын дәлелдеу; жазушылардың өмірінен негізгі ақпараттарды білу; балаларға арналған газет, журналдардан шағын мақалаларды өзбетімен оқу; кейіпкерлердің қылықтарын бағалау;
3) тілдесу: көрнекілік, рөлдік ойындар, жағдаяттар бойынша: сұрақтарға, үлгілерге сүйеніп, диалогтік сөйлеуге қатысу; шағын мазмұндама, құрастыру (тірек сөздер, ретсіз сөйлемдер, сурет бойынша); тақырыптарға сай тақпақ, жұмбақ жаттау, мазмұнын ауызша айтып беру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет