«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша таныстырылымға баяндама



бет4/4
Дата22.04.2022
өлшемі21,84 Kb.
#140523
1   2   3   4
Байланысты:
00089920-9f896d01
Abaikyzy Aliya
Формативті бағалаудың мақсаты – аралық нәтижелер негізінде оқыту үдерісінде оқушы мен мұғалімнің әрекетін түзету деп қарастырдым.
Соңғы 4-ші сабағымда «Ата айтады» тақырыбы бойынша мұнда да формативті бағалаудың рөлін іске асырдым. Әр топтың тапсырма орындау кезеңіне байланысты бағаладым. Сабақ бойында өзін-өзі бағалау және өзара бағалауда тапсырманы орындауда нені жасау қажет? Мақсат қандай болды? Тапсырма дұрыс орындалды ма? Сұраққа толық жауап берді ме? деген сияқты алгоритмдер ұсынылып отырды. Соның нәтижесінде балл бойынша есептелді, соңында барлық тапсырма бойынша қанша балл алды, қорытынды баға бағанына жазып, топты бағаладым.
Және сонымен қатар, сабақ кезеңдері бойынша сұрақ-жауап, үй тапсырмасын тексергенде кері байланыста жалпы бағалау болды. Оны оқушылар сабақта шапалақ ұру арқылы бірін-бірі бағалап отырды.
«Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деп 2001 жылы Александер атап көрсеткен.
Олай болса, оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту үшін, бағалау арқылы оқытуды жақсарту, сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану «қара жәшік» ішіндегі жұмыс ретінде белгілі болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет