Оқыту техникалық құралдарының теориялык негiздерi


Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері



Pdf көрінісі
бет14/30
Дата05.06.2023
өлшемі1,87 Mb.
#178280
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Техникалық оқытудың мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтаудағы дидактикалық прринциптерінің маңызы (1)
реферат, bufernaya sistema chp 71, Оқыту әдістері., Doc1, Doc1
2.6
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері 
Импрессия және экспрессия. 
Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды 
түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге 
көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды 
оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс . 
Эвклидтің элементарлық геометриясы дедуктивтік әдіспен оқытылады. 
Бірақ оқушылардың дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір 
ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім оларды жеке зат және 
құбылыстарды меңгерту үшін қолданады. 
Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, 
ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу 
жазғанда қолданады. Мысалы, теңіз кемелерінің қанша тонна жүк 
көтеретінін білу үшін Архимед заңы қолданылады. Жазбаша жаттығу 
жазғанда 
белгілі 
грамматикалық 
ережелер 
қолданылады. 
Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір 
қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар 
түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі 
дедукциямен 
бірге 
қолданылады. 
Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық 
негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы 
индукция әдісін қолдануды талап етеді. Индукция әдісі бастауыш 
сыныптарда жиі қолданылады. Себебі Бұл жастағы балалар нақты жеке 
құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, 
қорытындылар жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. 
Осы 
кезден 
бастап 
дедукция 
әдісі 
қолданыла 
бастайды. 
Импрессивтік әдістер. Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі 
арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның авторы 
туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын айтады. 
Оқушы шығарманық негізгі идеяларын оның кейіпкерлерінің мінез-


41 
құлқымен, жүріс-тұрысымен салыстырады, өзінің сөзі мен ісіне ойлана қарай 
бастайды. 
Осы 
әдісті әдеби шығармаларды, сахналық қойылымдарды, 
кинофильмдерді, сәулет өнері, саз өнері шығармаларын және адамның мінез-
құлқын талдау үшін қолдануға болады. Бұл әдісің тиімділігі ең алдымен 
шығармаларды іріктеуге, мұғалімнің оқушыларды әсерлендіре білуіне, 
оқушылардың өз ойын басқалармен бөлісе алуына байланысты. 
Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы 
жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады. 
Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рөлдерде 
ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы болулары
қарапайым 
шығарманы 
сахнаға 
лайықтап 
қоюы. 
Мұғалім экспрессивтік әдіс арқылы топқа және жеке оқушыларға сурет 
салдырып, мүсін жасатады, қысқа метражды фильм шығартады. Оқушылар 
жұмысының көрмесі, тарихи оқиғаларды сахнаға лайықтап қою да 
экспрессивтік 
әдіс 
арқылы 
жасалады. 
Адамдардың қарым-қатынасын әнмен айтылатын қысқа комедиялы 
пьеса немесе психологиялық драма түрінде көрсету оқушыны жақсы болуға 
тәрбиелейді. 
Бала тебірене, толғана отырып рухани құндылықтарға баға береді. Бұл 
баға өзгермейді. 
Экспрессивтік 
әдіс оқушылардың шығармашылық белсенділігін 
туғызады, фотоаппарат, ұнтаспа, радио, теледидар, ұлғайтқыш аппараттар, 
кинокамера, күйтабақ, бейнемагнитафондар адамдар жасап шығарған рухани 
мәдениетті көруге, үйренуге көмектеседі, тәрбиеленушілердің біліктілігін 
арттырады. 
6.Ынталандыр әдісі Қызығушылықтың үш түрі: 
• іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы 
• танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі; 
• іс-әрекеттің баланы ынталандыруы. 
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. 
Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң 
қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді. 
Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, 
әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі 
деп көрсетеді. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың 
адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушыларға талдатады. Қызықты 
мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне кереғар келетін айғақтар оқушының 
түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға ынталандырады. "Тұрмыстағы физика", 
"Ертегілердегі физика" деген тақырыпқа мысалдар жинату да пайдалы 
жұмыс. 
Атақты ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі 
туралы кештер, көркем әдебиеттен үзінділер оқу танымдық қызығушылықты 


42 
арттырады. 
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық 
тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал. 
Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да 
оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен 
жетістігіне 
қуанту 
да 
олардың 
оқуға 
ықыласын 
арттырады. 
Жауапкершілікті 
қалыптастыру 
әдістері. 
Тәсілдері: 
• оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру; 
• талап қою; 
• талаптарды орындауға үйрету; 
• өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау; 
• керек жағдайда жазалау әдісін қолдану; 
• оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу.
Оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұғалім 
өндірістің дамуына ғылымның қалай әсер еткенін айтып, білімділік еңбек 
өнімділігін 
арттырып, 
жаңашылдыққа 
әкелетінін 
дәлелдейді. 
Оқушыға оқудың пайдасын түсіндіру. Жаратылыс-математика бағытын 
таңдаған балаларға қоғамдық ғылымдардың, қоғамдық бағыттағы пәндерді 
тереңдетіп оқитын оқушыларға жаратылыс-математика бағытындағы 
пәндердің пайдасын түсіндіру үшін өндіріске экскурсияға, мәдени 
орталықтарға, 
кітапханаларға 
экскурсияға 
апарудың, 
Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің дарынды балаларға жасап отырған қамқорлығын
түрлі олимпиадаларға қатысудың, мамандығын растайтын құжаттардың 
тіршілік 
үшін 
маңызын 
түсіндірудің 
пайдасы 
зор. 
Оқуға байланысты талаптар қою әдісі арқылы оқушыларға барлық пәндер 
бойынша бағалау өлшемдері, мектептің ішкі төртібі, оқушылардың 
құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Оқушыларды оқу жұмысының алуан 
түрін орындауға үйрету, жаттықтыру борыш пен жауапкершілікті 
қалыптастырады. Үлгілі оқушылар мен мұғалімдердің де бала оқуына 
ықпалы зор. 
Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері. 
Мадақтау түрлері: 
• баға қою; 
• тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу; 
• оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге 
көмекші етіп алу; 
• топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бөлімшелерді басқарту; 
• үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару; 


43 
• білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау; 
• жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі, 
т.б. 
Жазалау түрлері: 
• сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау; 
• күнделікке, дәптерге "қанаттанғысыз" баға қою; 
• қателерін 
айтып, 
қосымша 
жұмыс 
істеуді 
талап 
ету. 
Ойын - оқыту әдісі.Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың 
түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына 
дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер 
ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда 
да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген 
теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын 
арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін 
демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны 
шығару, 
К.Крус 
тіршілік 
үшін 
күреске 
әзірлеу 
ойындарының, 
С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. 
Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол 
баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге 
бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. 
Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, 
ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. 
Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған 
оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды. 
Симулятивтік ойындар кезінде оқушылар өз бетімен күрделі мәселелерді 
шешеді. Бұл ойындар алғаш рет әскери училищелерде кескілескен 
шайқастарды бейнелеу үшін қолданылған. XX ғасырдың 60 жылдарының 
басында көптеген елдердің білім беру ұйымдарында іскерлік ойындар 
қолданыла бастады. 
Іскерлік ойындар арқылы бала түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, 
отбасылық, қоғамдық қатынастарға енуге әзірленеді. Енді отбасындағы 
өмірді түсінуге көмектесетін іскерлік ойыннан үзінділер келтірейік. 
Бірінші кезең "Жас отбасының бюджеті" деген жағдаят. Жоғары сынып 
оқушылары "отбасыларына" бөлінеді, әр отбасында жас жұбайлар мен 
олардың туысқандары тұрады. Эксперттер құрамына мұғалімдер, ата-аналар, 
жоғары сынып оқушылары енеді. Эксперттердің міндеті - ойыншыларға 
"тұрмысқа" керекті қаржы, құқықтық мәселелер жөнінде кеңес беру. 
Мысалы, бір жұп тамаққа күніне 200 теңге жұмсаймыз дейді. Ал эксперттер 
оған қандай тамақтың түрлерін сатып алатындығын айтуын сұрайды. Азық-
түлікті сатып алған соң, ойынның екінші кезеңі басталады. Ойынға 
қатысушылар бір-бірімен пікір таластыра бастайды. Қалған ақшаға "әйелі" 
өзіне киім алғысы келеді, ал "ері" жинақтау қорына салғысы келеді. 


44 
"Ата-аналары" нені сатып алу жөнінде ақыл айтып, жас жұбайларға 
ақшалай көмек беретіндіктерін айтады. Эксперттер оларға өздерінің 
мүмкіндіктерінді ескердіңдер ме? Балаларыңыз сендерге неге көмектеспейді? 
"Масылдарды тәрбиелеу жақсылыққа әкелмейді" деген пікірлер айтады. 
Кейін жоғары сынып оқушыларының келісімімен ойынға ата-аналар 
қатысады. Бұл ойын болғанмен, ондағы жағдаят өмірде болатын жағдайға 
жақын. Ойында оқушылар түрлі шешімдерге келіп, әрекет жасайды. Олар 
үшін отбасылық экономика, отбасындағы психологиялық ахуал деген 
ұғымдар анық бола бастайды. Бұл мысалдан іскерлік ойында нақты жағдай 
көрсетілетінін білдік. Біз отбасылық өмірдің бір сәтінен үзінді келтірдік. 
Ойын барысында жасалған шартты үлгі өмірде болатын жағдайлар. 
Осылайша тарихи оқиғаларды балаларға іскерлік ойындар арқылы 
меңгертуге болады. 
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне 
жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, 
негізгі әдістерінің бірі. Олар оқушыны ңысым жасамай оқытуға мүмкіндік 
береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады. 
Мұғалімдер көптеген танымдық ойындар өткізеді. Ойын түрінде болатын 
саяхат, электрлендірілген викториналар арқылы белгілі бір ауданның 
жануарлар дүниесі, ұшақ, корабльдердің түрлері оқылады. 
Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, 
логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады. 
Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші", "Хоккей" ойындары тез 
санауға үйретеді. "Бағдаршам", "Дым білмес"ойындары арқылы жол жүру 
ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, 
"Футбол", "Хоккей" ойындары еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен 
таныстырады. "Ағашты кім тез отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға 
тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері 
болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді. 
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір міндет 
қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар 
айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл 
әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар 
айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар 
таңдалып алынады. 
Ой майданы әдісін 1939 жылы А.Ф.Осборн бірінші рет қолданған. Ол 
балаларға ұнаған, себебі олар өздеріне қызықты мәселелерді шешіп отырған. 
Ой майданының ұзақтығы 1-2 сағатқа созылған. Бұл әдіс арқылы өткен 
сабақтың нәтижелі болуы мұғалімнің біліктілігіне, топтың даму деңгейіне 
байланысты. Топта он адам болғаны жақсы, бірақ топ мүшелерінің санын 
көбейтуге болады. 
Бұл әдіс арқылы педагогикалық бөлімнің студенттері шағын топтарға 
бөлініп, мектеп оқулығынан бір тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ 


45 
береді, содан кейін сабақ талқыланады, бағаланады, оны келесіде жақсы 
өткізу жолдары белгіленеді. Сабақты түгел бейне жазбаға жазу оны талдауды 
жеңілдетеді. Бұл әдіс мұғалімдік жұмысқа дағдыландырады. Оны шет тілін 
оқытуда пайдалануға болады. 
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. 
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен 
тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз 
беріледі. 
Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді 
қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып 
оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда 
әр түрлі әдістерді қолдану қажет. 
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен 
көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы 
мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап 
алады. 
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар: 
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және 
таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану; 
2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру; 
3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде 
оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп 
жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару; 
4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі 
өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын 
баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, 
оқыту мақсатына жету мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет