Оқытудың инновациялық Әдістері мен формалары дәрістің мақсаты


ІІ кезең. Талдау. Бұл дербес жүргізу, ақпарат алу және талдау кезеңі болып, мыналарды орындауды талап етеді



бет10/10
Дата04.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#194967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ПВШ топтық жұмыс
Дәріс ЖМП

ІІ кезең. Талдау.

Бұл дербес жүргізу, ақпарат алу және талдау кезеңі болып, мыналарды орындауды талап етеді:

1) Жобаға қатысушылардың әрбіреуінің міндеттерін дәлдей түсу және анықтау;

2) Ақпаратты іздеу және жинақтау. Ақпаратты жинақтау тәсілін оқушы мен мұғалім бірлесіп таңдайды. Оған бақылау, анкеталау, социологиялық сауалнама, интервью, эксперимент жүргізу, әдебиетпен жұмыс жатады. Оқушы зерттеу әдістерін пайдалануда мұғалім кеңес беріп отырады. Бұл кезеңде оқушылар ақпаратты іздеудің, оны салыстырудың және класификациялаудың, байланыстарды орнатудың және аналогияны жүргізудің, талдау мен синтезді тжүзеге асыру, топта жұмыс істеу дағдысын меңгереді; жеке бақылу мен эксперименттен, басқа адамдармен қарым-қатынастың, әдебиетпен, жұмыстан алған пікірлерді үйлестуре үйренеді.

ІІІ кезең. Ақпаратты жалпылау.

Бұл кезеңде алынған ақпаратты құрылымға келтіруге және алған білім, іскерлікпен дағдыны жинақтау жүзеге асырылады.

ІV кезең. Зерттеуден алынған нәтижені көрсету.

Бұл кезеңде оқушы алынған мәліметтерді және нәтижеге жетудің тәсілдерін ұғынады. Оқушылар ақпаратты алуының және талдануының әдіс-тәсілдерін суреттейді, алған білімі мен іскерліктерді көрсетеді.

Таным процесінің барысы

 

Біз білімнің

10% - тін оқығанда,

20% - тін тыңдағанда,

30% - тін көзбен көргенде,

50% - тін көзімізбен көріп, тыңдағанда,

70% - тін пікір таластырғанда,

80% - тін тәжірибе жасағанда,

95% - тін басқаларды үйреткенде игереміз.

Вильям Глассер

Оқытудың интербелсенді әдістемесі бойынша сабақ ЖОСПАРЫ

- Пән

- Курс

- Тақырып

- Мақсаттар

- Сабақ түрі

Сабақ барысы

І. «Проблема айқындау» кезеңі

- студенттерге берілетін (қойылатын) сұрақ немесе тапсырма;

- берілген тапсырманы шәкірттер қандай тәсіл көмегімен орындайды?

ІІ. «Проблема шешу» кезеңі

- студенттерге берілетін (қойылатын) сұрақ немесе тапсырма;

- берілген тапсырманы шәкірттер қандай тәсіл көмегімен орындайды?

ІІІ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі

- студенттерге берілетін (қойылатын) сұрақ немесе тапсырма;

- берілген тапсырманы шәкірттер қандай тәсіл көмегімен орындайды?

Бағалау. Жазу тәсілі.

СӨЖ (Үй тапсырмасы).


Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет