Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы, анасы және ұрпақтары туралы



бет4/4
Дата25.12.2016
өлшемі490,26 Kb.
1   2   3   4

Әмір Темір жаңа жорыққа дайындалып жатқанда, бұл жолы Қытай жерін жаулап алмақшы болып, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Темір станциясы жерінде тоқтағанда, күн суық болып, оған суық тиіп ауырған көрінеді. Өзінің қайтып оңалмасын, ажал жеткенін сезіп, Әмір Темір жанына аздаған сенімді сарбаздарын жинап, өсиетін айтқан екен. Екі үлкен терек ағашын кесіп алып, оны көлденеңінен қиып тор жасаңдар да, ортасына мені қойып алдыңғы жағынан екі, соңынан екі ат жегіп Самарқантқа жеткізіңдер деген екен. Сөйтіп, қаланың оңтүстік қақпасындағы үлкен мешітке барып, песін намазын оқып отырғанда, ақпан айында кенеттен қайтыс болады. Сол заманның өзінде омарташылар болған көрінеді, мәйітті балға орап, Самарқандтқа жеткізіп, қазіргі Гүр-Әмір кесенесі тұрған жерге жерленген екен.

ХХХХ


Әуелде Қожа Ахметтің басына кесене орнату Әмір Темірдің ойына келмеген жайт. Бұған әсер еткен сарай ақыны Кермани. Басқалар азуы алты қарыс Әмір Темірге қарсы бір ауыз сөз айта алмайтын. Ал Кермани: «Хандар, патшалар дүниеге өлім себеді. Олар – өмірдің жауы. Дүниеге өмір ұрығын себушілер – аналар. Оларсыз өмір жоқ. Бәріңнің де аналарың, балаларың бар, кілең бұқадан бұзау тумайды. Балаларды тауып, өркенімізді өсіріп, көсегемізді көгертіп отырған аналар ғой. Ана болмаса, хан мен патша қайдан шығады», - дейтін.

Бірде көңілі тасып, ойы шалқып отырған Әмір Темір оған:

- Кермани, егер мен сатылатын болсам, сен қанша берер едің? - деп сұрағанда, ол: - Жиырма бес мың әскер, - деп жауап беріпті.

- Мынау не дейді! Бұл менің белбеуімнің ғана құны емес пе? - деді қатқыл дауыспен қатал әмірші.

- Мен сенің белбеуіңді ғана ойлап отырмын. Ал өзің түкке де тұрмайсың, - дейді Кермани.

1381 жылы Әмір Темір Герат қаласын жаулап алады, содан соң бүкіл Персияны жаулап алу үшін жорыққа аттанарда кеңес құрады. Мұны Кермани ұнатпай:

- Уа, ханым, сонау Қаратау мен Алтайдан бастап, қалың еліміз жатыр, бөтен елдерді жаулаймыз деп жүргенде солтүстік жақтағы көршілеріміз және басқалары елімізді шауып, жерімізді жаулап алмасына кім кепіл, - дейді. Әмір Темір үнсіз, ұзақ ойланады, содан соң: - Иә, солай болуы да ғажап емес. Бірақ бағымыз жанып, ісіміз ілгері басып тұрғанда ат басын кері бұрғанымыз қалай болар екен? -деп сәл ойланып алып: - Менімше жат діндегілерді өз еріктерімен бізге келіп қосылатын, бас идіретін бір амал ойлап табуымыз керек. Ол үшін шекараға жақын жерден көркі көз тартарлық сымбатты ғимараттар, сағаналар, қасиетті таңбалар, кесенелер салумыз керек. Олар ата-бабаларымыздың рухын асқақтатып, дұшпандарымыздың мысын басып тұрсын. Сонда олар бізге ез еріктерімен келіп бағынатын болады. Осыған сен не дейсің? - деп Керманиге қарайды.

- Сөзіңіз орынды. Әуелі Ахметтің басына кесене орнат, - дейді.

- Осы Ясы қаласындағы зиратқа үш Ахмет жерленген. Солардың қайсысының басына кесене орнатқан жөн, - дегенде, Кермани Қожа Ахметтің атын атайды.

Оның осы пікірі Әмір Темірді ойға шомдырды, үш Ахметті ой таразасына салып, таразылайды, үш Ахметтің бірі – сұлтан болған Ахмет, екіншісі – Құбылайхан Ханбалықты алғанда әскерінің оң қанатын басқарған атақты қолбасшы Ахмет, ал үшіншісі – олардай мансабы зор, билік иесі емес, қатардағы ислам дінін насихаттаушы сопы Ахмет. Оны бүкіл халық жақсы көреді. Хикметтерін қолдан-қолға түсірмей оқып жүр, қаза болғанына екі жүз жыл өтсе де, басына келіп дұға жасаушылар әлі толастар емес.

Сөйтіп Алланың құлы, Мұхаммед (с.ғ.у.) пайғамбардың үмбеті, ислам дінінің насихаттаушысы Қожа Ахмет Ясауидің басына кесене тұрғызғанды жөн деп табады. Оның үстіне туған шешесі Сақыпжамалдың мәйіті осы жерде.

Кесене салу оңайға түскен жоқ. Бір қиырдағы Персиядан бастап, Самарқаннан, Отырардан, тағы басқа жерлерден он саусағынан өнерлері тамған хас шеберлерді жинады, мамандықтары жоқтарды көмекші жұмысқа жекті.

Құрылыс жұмыстарын Темірдің ең сенімді адамдары – Мәулен Убайдолла, Садыр мен ирандық Хасан басқарды.

ХХХХ


Темірдің туған шешесі Сақыпжамал осы баласына екіқабат кезінде түс көріпті. Түсінде ол бала емес, жылан туыпты. Сол жылан көз алдында үлкейіп айдаһар болыпты. Алдымен ол өзінің туған анасын жұтыпты, артынша сол кездегі Сырдария (бұл өзеннің түрікше атауы, ал македондықтар «Яксарт», арабтар «Сейхун» деп атаған) билеушісі Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат келіншек үйіне кездейсоқ қонақ болған жолаушы кемпірге жорытыпты. Кемпір сатқындық жасап, бүл түсті Тоқалаққа айтып қойған. Қатал хан екіқабат келіншекті алдырып, өз қолымен ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастатқан. Сақыпжамалдың туған сіңілісі Теккене жеті айлық, тірі жатқан баланың кіндігін тісімен қиып, баланы алып кеткен. Шешесінің ішіне пышақ салған кезде кішкентай баланың оң аяғына зақым келіп, ақсақ болып туған. Әлгі он алты жасар әлі беті ашылмаған бейкүнә қыздың емшегінен сүт шыққан. Баланы өсірген. Ақсақ Темір өмір бақи шешем, анам Теккене деп кетті. Бірақ шын тарихын өскесін естіген. Демек, Ясы қаласында, Қожа Ахметтің шикі кесектен тұрғызылған мазарының қасында Ақсақ Темірдің өз шешесінің сүйегі жатты, бұл жерге оның өзінің кіңдік қаны тамған еді.

ХХХХ


Күндердің күнінде Әмір Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастаған кезінде Қожа Ахмет Ясауи түсінде аян беріпті. «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің әруағым сені демеп жүреді», – депті. Сонда Әмір Темір: «Мен сені қайдан табамын?», – дегенде, «Жолды мен өзім көрсетіп отырамын», – деген екен. Сонымен [тәуекелге] бел байлап, Әмір Темір Қожа Ахметті іздеп шығыпты. Ұзақ жүріп, Түркістан шаһарына келгенде, түсінде аян беріп, жатқан жерін айтады. Таңертең ертерек барып қараса, шынында да, кішкене ғана мазарат тұр екен. Құран оқып, ертесіне іс бастапты. Кешке дейін біраз дуал қалап қойған екен, таңертең барса, бұзылып жатқанын көреді. Басына қарауыл қояды. Таң алдында ұйықтап кетіп, кімнің бүзғанын білмей қала береді. Болмаған соң үшінші күні өзі барады. Таң алдында ұйқы қысады, ұйқыға бой алдыра берген соң қолын қанжармен тіліп жіберіп, ұйықтамау үшін тұз сеуіп қояды. Сонымен бір кезде қараса, үлкен өгіз келіп, дуалды майқандап жатыр екен. Не істерін білмеген Әмір Темір ойланып қалады. Түсінде Қожа Ахмет тағы да аян беріп, былай депті: «Ол көк өгіз Арыстан баптың аруағы, саған қапаланып бұзып тастап жатыр. Ол – менің ұстазым, сен оның аруағын аттап өттің, сол үшін алдымен оның басына ғимарат тұрғыз. Содан соң маған қайта келерсің», – депті. «Мен оны қалай табамын?» – дегенде, «Мен өзім жол сілтеп отырамын», – деп жауап береді. Сонымен ерте тұрып, Отырарға бет алады. Кешке сонда жетіп, ұйықтап жатқанда, түсінде аян беріп, жатқан жерін көрсетеді. Таң ата, ерте басына барып, Құран оқып, құрылысты салуға кіріседі. Басталған құрылыс ойдағыдай аяқталған соң, демалып жатқанда және түсінде аян беріп: «Міне, енді сәтті болды, енді келіп менің басыма ғимаратыңды салдыра бер», – дейді. Сонымен Түркістанға қайта келіп, Қожа Ахмет мешітін (кесенесін) салуды бастаған екен. Бірақ құрылыс жұмыстары жақсы жүріп жатқанда, Самарқанда басқа бір қауырт жұмыс шығып, құрылыс салып жатқан ұста сол жаққа кетіп, көптеген себептермен қайта оралмаған-ды. Содан ғимарат құрылысы толық бітпей қалады. Сол кезден бастап Әмір  Темір   жорыққа   шығар   кезінде   үнемі   Түркістанға  келіп, Ахмет Ясауидің басына зиярат етіп, ас беріп, тайқазаннан дәм тату әдетке айналған екен. Сондай бір сапармен келгенде, қатты сырқаттанып, осы жерде қайтыс болған деседі. Оның айтқан өз өсиеті бойынша, ол Самарқанға қайтуы керек еді. Бірақ халық арасында шу шықпасын деп, білдірмей, «әмір науқас» деп, жол жүріп кетеді. Сол жолда Отырардан бері жайласқан Темір стансасына келгенде, бір демалыс жасаған көрінеді. Соның құрметіне «Темір» аталып кетіпті. Содан Темірлан деген жерге барғанда, халық Әмір Темірдің қайтыс болғанын біліп қойып, сыр ашылған көрінеді. Міне «Темірлан» аталуы содан шыққан екен деп ел аңыз етіседі.
 

(Материалдар “Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар” кітабынан алынды.  Құрастырған ф.ғ.к., Б.Қорғанбек. Алматы: “Эффект”, 2011ж. )



 
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет