Ойын элементтері арқылы есептер шығару


ә) Оқулықтардың үйде өздігінен жұмыс істей білуі



бет2/7
Дата20.06.2022
өлшемі2,46 Mb.
#146858
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Инклюзив М-20-1, 9 билет гос емтихан, ТЖБ 3 сынып математика
ә) Оқулықтардың үйде өздігінен жұмыс істей білуі математика курсын игеру процесінің маңызды да қажетті бөлігі. Үй тапсырмасының тиімділігін арттыру үшін оқулықтың тиісті параграфын оқытумен , есебін шығарумен шектелмей, керісінше , оны түрлендіріп отыру қажет.(Мәселен математика тарихы, жеке математиктердің өмірінен мағлұматтар, әр түрлі модельдер жасау , схемалар мен графиктер сызу, қызықты есептер шығару, есеп құрастыру және т. б.)
Жалпы класқа ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйке тапсырма берудің маңызы зор.Матемаитикавға ерекше икемі бар оқушыларға әр түрлі тақырыпқа творчестволық тапсырмалар беріп, зерттеу сипатындағы есептер шығарғанда , баяндама немесе реферат жазғанда ерекше қамқорлық көрсетугдің орны бөлек.
Үйге берілетін тапсырманың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға (кластың даярлығы, жас ерекшеліктері) байланысты оқу жоспарларымен анықталып отырады.
Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі немесе уақытын қөп алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады.
б) Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі – творчестволық жұмыс.Математикадан өздігінен творчестволық жұмыс орындау оқушылардың пәнге ынтасын арттырып, іздегіштік қасиеттерін тәрбиелеп, математикалық ой өрісін дамытады. Творчестволық жұмыстарды орындау барысында оқушы оқып үйренген теорияның не есептің жаңа ақырларын ашады, өз ой-пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша байсалды қорытынды жасауға үйренеді. Мұның өзі оқу процесінде оқушылардың творчестволық қызметіне ерекше мән беру қажеттігін қөрсетеді.
Математикалық шығарма жазу оқушылардан:1) қосымша әдебиеттер оқуды; 2) оқыған материаладарды қорытуды; 3) жазба тілдің қалыптасуын; 4) жазғандарын қөркемдеуді талап етеді.
Сондықтан мұғалім қажетті әдебиеттердің тізімін оқушыларға берумен бірге, оларды зейін қоя оқуға, оқыған материалдарын өз сөздерімен конспектілеуге, түйінді мәселелерін бөліп алуға, оларды рет-ретімен жазбаша баяндауға баулыған жөн.
Оқушыларға шамамен мынадай тақырыптарды ұсынуға болады.
1)Жай санадар. 2) Симметриялы фигуралар. 3) Квадрат теңдеулерді шешутәсілдері. 4) Шеңберді сырттай сызылған паралелограмм. 5) Стюарт теоремасы және оның қолданымдары. 7) Табиғаттағы симметрия және т. б.
Математикалық шығарама жазу мерзімі әдетете 1 – 1,5 айға созылады. Осы уақыт аралығында оқушыға ауық-ауық кеңестер, консультациялар беріп тұрған абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет