Ойын мектепке дейінгі балалар үшін қызықты шаруа бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады



бет2/18
Дата06.01.2022
өлшемі122,06 Kb.
#110325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Жас ерекшелік топ
Сүлеймен Мадияр 2 сроп, тригонометриялық формулалар, тригонометриялық формулалар, 2 Невро Инсульт
Қимылды ойындарды негізінен 5 топқа бөлуге болады.

Жүріп және жүгіріп ойнайтын ойындар : «Мүйізді ешкі келе жатыр», «Шіркейлер» , «Жасырынбақ» , «Тауық пен жабайы мысық», «Самолеттер», «Ұста-ұста».

Секіріп ойнайтын ойындар: «Алтын өт», «Допша секір», «Допты әкел», «Аю жүреді» , «Мысық пен торғайлар».

Еңбектеп және өрмелеп ойнайтын ойындар: «Бақшада», «Ойыншыққа еңбектеп жет», «Қақпадан өт» , «Сызықты басып кетпе».

Лақтыру және ұстап алу ойындары: «Төрт кезек» , «Кім мерген?», «Алысқа лақтыр» , «Допты лақтыр», «Дөңгеленген доп».

Кеңістікті бағдарлауға үйрететін ойындар: «Мысық пен тышқан», «Ақ қоян», «Қоңырау қайда?» , «Өз жолаушаңды тап», «Орныңды тап» т.б.

Сонымен ойын балаларды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту құралы

болып табылады.

Материалды жүктеу

Сертификатты жүктеу

Сертификатты “Менің материалдарым” бөлімінде де жүктей аласыз

2-тапсырма

Қимылды ойындар жинағы

Жарияланды 27-08-2014, 23:14 Категориясы: Бала-бақша

Денсаулық білім саласы бойынша дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде қолданылатын қимылды ойындар жинағы.

«Паравоз» №1

Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету.

Мазмұны: Қатар - қатар тұрайық,

Кәне, кәне, сұрайық.

Кімнің болса бойы ұзын

Паравозы пойыздың

Кімнің, апай, бойы ұзын

Паравозы ол пойыздың?!

Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала

паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соның

артынан ұстап тұра бастайды.

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқар да!

Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік

Жүрісті біз гулетіп

Жүрісті біз гулетіп

Гу - гу, гу - гу, гуілдеп

Қалып қойма біріңде

Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік жүрісті біз үдеттік.

«Ұшты - ұшты» №2

Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.

Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы

Ойынды былай жүргізеді.

Ұшты - ұшты сұңқар ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты қарға ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты арба ұшты

(қол көтермейді)

Ұшты - ұшты дауыл ұшты

(қол көтермейді)

Ұшты - ұшты ұшақ ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты торғай ұшты

(қол көтереді)

Ұшты - ұшты жылан ұшты

(қол көтермейді)

Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.

«Ақ қоян» №3

Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.

Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.

Ақ қоян - ау, ақ

Орныңнан тұрсаңшы

Шашыңды тарасаңшы

Бетіңді жусаңшы

Әй - әй көйлек кисеңші.

Біреудің қолын үзсеңші -

Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет