Ойлау мәдениетінің анықтамасы



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі21,01 Kb.
#79430
  1   2   3
Байланысты:
Ойлау мәдениетінің анықтамасы


  1. Ойлау мәдениетінің анықтамасы.

Ойлау мәдениеті - адамзат мәдениетінің талаптарына сай адамның өзіндік ойлау тәсілдерін саналы дамытумен анықталатын адам ойлауының жоғарғы деңгейі мен сапасы. Оны ұйымдастыруды, оңтайландыруды және жетілдіруді көздейді. Бұл қабілет - білімді, адамзаттың ғылыми жетістіктерін, ойлаудың логикалық реттілігін, оның өзекті мәселелер мен міндеттерді шешуге бағытталғандығын оңтайлы пайдалану қабілетін білдіреді. Ойлау мәдениетін дамыту үшін адамға үнемі интеллектуалды жұмыс, стихиялы, ситуациялық, стереотипті ойлау тәсілін жеңуге бағытталған іс-шаралар қажет. Ой қозғау, психикалық іс-әрекеттің мазмұнын жүйелеу, сынға алу және жүйелеуді үйлестіре отырып, ойлау процесін мәдени әдіс ретінде жүзеге асырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ойлау мәдениеті туа бітетін қасиет емес. Ол адамға дайын күйде берілмеген, қоршаған орта шындығы, алған білімі мен өмір тәжірибесінің нәтижесі арқылы құрылады. Адам иелігінде оны дамытуға мүмкін деген көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, жеке ой тәжірибесін толықтыруды әдеби және ғылыми кітаптар оқу арқылы жүзеге асыруға болады. Бірақ барлық жағдайда бұл тәсіл іске аса бермейді. Өйткені, кітап оқу, қалыптасқан пікір бойынша, жүйесіз, тұрақсыз мінезге алып келуі мүмкін. Логиканың заңы мен талабын жеткілікті деңгейде меңгермейінше, ойлау мәдениетін елестету де мүмкін емес. Бұл ұғымдар бір – бірімен тығыз байланысты. Ойлау мәдениетін дамытудың тағы бір әдісі – сыни ойлау. Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе немесе ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау. Кезінде Сократ «Таным негізінде күмән жатыр» деп бекер айтпаған. Біз әр нәрсеге байыппен қарап, оны екшеп-текшегеннен кейін, күмәндану негізінде туындаған сұрақтарымызға жауап іздестіріп, тапқанда ғана сол зат туралы түсінік пен пікір қалыптастырамыз. Мәселе сол затты жоққа шығаруда емес, мұнда негізгі әрекет – сол затты жан-жақты қарастыру: оған күмәнмен терең үңілу, оны күмәнмен өз тәжірибемізбен салғастыру (ол туралы не білетіндігімізді, оның қажеттілігі мен тиімділігін саралау). Сыни ойлау әр адамды табиғатындағы менмендіктен және ортаға тәуелділіктен арылтады: адам басқалармен тиімді қарым-қатынасқа түседі, қоғамдағы беделдердің пікірлерін ақиқат ретінде қабылдамай, оларға күмәнмен қарай бастайды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптай біледі. Осылайша сыни ойлаушы өзін-өзі шектей біледі, басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салғастырады, қоғамда кеңінен таралып, көпшіліктің қабылдаған көзқарастарды мойындамай, олардың дәлелдері мен тұжырымдауларын іздестіреді. Алайда бұл күмәндану жоққа шығаруды білдірмейді: осындай әрекеттер арқылы ойлау қабілетін дамытуға болады. «Сыни ойлау» ұғымында «сынау», яғни «кемшіліктерді айқындау» мағынасы жоқ. Сыни ойлаудың мәнін «байыбына үңілу», «терең бойлау», «зерделеу», «екшеп-текшеп, жан-жақты қарастыру», «өзіңе сұрақ қойып, соның жауабын іздестіру» деп те келтіруге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет