Ожсб-ға дайындық Күнтізбелік жоспар


ОЖСБ-ны жоғары білім беру ұйымдарында өткізу



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі21,19 Kb.
#95446
1   2   3   4
Байланысты:
DOC-20181119-WA0002

3. ОЖСБ-ны жоғары білім беру ұйымдарында өткізу

18. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында соңғы курс студенттері үшін жүзеге асырылады.


19. ОЖСБ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысандары бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдаланатын болады.
20. ОЖСБ жүргізілетін жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
21. ОЖСБ өткізу үшін МЖМБС-ның базалық және бейінді пәндерінің циклдары бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.
22. ОЖСБ кешенді тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) нысанында 4 пән бойынша уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.
23. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, ал 4 пән бойынша тест тапсырмаларын орындауға 150 минут (2,5 сағат) бөлінеді.
24. Тестілеу оқыту тілінде, тиісінше қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
25. Білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары және базалық жоғары оқу орындарына жіберілген Министрліктің өкілдері жүзеге асырады.
26. Тестілеудің нәтижелері студенттердің назарына тестілеу аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жеткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет