Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет8/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

25
24
жатырмын ба?». Қорыққанынан: «Бұл кітапты лақтырып 
тастау керек» деп ойлады. Кітапты қоқысқа лақтырғалы 
далаға жүгіріп шығайын деп тұрғанда қызығушылығы 
оянып, кітаптың алғашқы бетіндегі жазуды оқи бастады:
Егер сен: «Мен өзіме ұнаймын. Өзімді мақтан тұта
-
мын» дегенді анық білсең өзіңді қалай сезінер едің? 
Мұндай жағдайда сен: «Мен ойлағанымның бәріне жете 
аламын» деп сенімді болар едің. 
«Мен табысқа жетемін. Мені ешкім және ештеңе тоқтата 
алмайды» деп ойласаң қандай шешім қабылдар едің және 
не істер едің? 
«Мен өз-өзіме риза болу үшін ұдайы болмаса да жиі дұрыс 
әрекет етемін» дегенді білсе, көп адамның ішкі дүниесі 
тыныштық табар еді.
Саналы түрде болсын, бейсаналы түрде болсын, біз 
бәріміз осы ішкі сенімділікті: «Бұл менің қолымнан
келеді! Және бұны керемет жасай аламын» деген сезімді 
қалаймыз. 
Өз-өзімізге 
деген 
темірдей 
мықты 
сенімділікті
армандаймыз. Бірақ шынайы өмірде бәрі басқаша болып 
жатады. Біз үнемі: «Менің қолымнан келмейді, бірақ істеуім 
керек» немесе «Мен істеуім керек, бірақ қолымнан келмей-
ді» деп ойлаймыз. 
Басқа ештеңе жоқ. Карл күнделіктің барлық бетін 
парақтап шықты, жазу жоқ. Тағы бірдеңе оқысам деген 
ниет бар. 
Карл неден екенін өзі де білмейді, бірақ қобалжулы
еді. Оқып шыққан сөздер әсер етті ме? Түсі ме? Қай 
жерден пайда болғаны белгісіз күлгін күнделік әсер етті 
ме екен? Бұл неткен шалдуарлық? 
Ол ойша оқығанын тағы бір қайталап шықты: 
«Мен 
өзіме ұнаймын ... . Өзімді мақтан тұтамын ... . Ойлаға
-
нымның бәрін іске асырамын ... . Егер мұны анық білсем мен 
табысқа жетем ...». 
Оқығандары маза бермеді. Әсіресе:
«Менің қолымнан келмейді, бірақ істеуім керек. Мен
істеуім керек, бірақ қолымнан келмейді» 
деген сөздер 
ойына қайта-қайта келе берді. 
Бұл оның дилеммасы еді. Ол жақсы адвокат болмай
-
тынын білді, бірақ ата-анасының көңілін қимады. Олар 
бұл үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Карл жақсы 
оқушы бола алмады, сауаты да шамалы еді. Әке-шешесі
онымен бірге отырып диктант жазатын, репетитор 
жалдаған еді. Олардың көңілін қалдыруға кұқығы жоқ 
еді. 
Істеуім керек, бірақ қолымнан келмейді. 
Оқудан ләззат ала алмады, уақытының да көбі соған 
кететін еді. «Өзіме не қалар едім?» деген сұрақты тіпті 
қоюға қорқар еді. Құқықты оқуға мәжбүр болды. Оны 
қалай ма? Мұндай сұрақты өзіне қоймауға тырысатын. 
Қаламаса да, істеуі керек. 
Телефон шырылдады. Бұл Марк болатын. Ол түскі 
сағат бірде кешегі мейрамханада кездесуге қалай қарай
-
тынын сұрады. Карл өзін не күтіп тұрғанын білмесе де 
кездесуге келісім берді. 
Уәделескендеріндей олар мейрамхананың алдында 
кездесті. Марк Карлды қуана қарсы алды. Оның көңіл-
күйі әрдайым жақсы болатын сияқты. 
– Уақытында келгенің жақсы болды. Мен бұл қасиетті 
жоғары бағалаймын. Бұл айналасындағыларға құрметпен 
қарайды деген сөз – деді Марк. 
– Мен қалайша өзіндік сана бойынша жетекші маман 
мен әлемдік сарапшыны күткізіп қоя аламын? – деп кеке
-
те жауап берді Карл.
– Өзіндік сана бәрінен де маңызды қасиет – деп жай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет