Қолымнан келеді бодо шефер менің



Pdf көрінісі
бет93/101
Дата25.10.2023
өлшемі1,09 Mb.
#188249
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   101
Байланысты:
Менің қолымнан келеді

211
210
– Мәселе сен оның өліміне қандай баға беретініңде. 
Әрине, оны үлкен қайғы деп қарауыңа да болады, алай
-
да басқа да нұсқалары бар ғой. Қазір саған түсіну қиын 
болып тұрған шығар, дегенмен мен бір тұжырымды 
айтып өткім келіп тұр, ол маған жақсы көмектеседі. Өлім 
деген – өмірдің бір бөлігі. Өлім мен өмірді бөліп қарай 
алмаймыз. Өзіндік сана бұл фактіге саналы түрде қарау 
керектігін айтады. Ең құрығанда өмірдің бәрі өліммен 
аяқталатынын мойындауымыз қажет. Алайда өлім біздің 
жақсы кеңесшіміз болуы мүмкін. 
– Кеңесшіміз?
– Иә. Біз өлетінімізді білсек, өмірімізді саналы 
түрде сүруге ұмтыламыз. Осылайша өмірімізге мән бере 
бастаймыз. 
– Мән деп нені меңзеп тұрсың? – деп сұрады Карл.
– Егер бірнәрсені саналы түрде жасайтын болсақ, 
ол мәнге ие болады. Екінші жағынан өлімге де мән бере 
қарағанымыз дұрыс. Оны кеңесші ретінде көрсек, оған 
апат деп қараудан аулақ боламыз. 
Бұл жағдайда біз мынау шектеулі өмірімізге қандай 
мән беретініміз туралы ойлана бастаймыз. Біз дарыны
-
мызды айқындап, оған мән беруіміз керек. Мысал ретін
-
де айтайын, Михаэльдің дарыны – оның қорқынышты 
сезінбеуі еді. Мен оған келген сайын менің өзімнің 
қорқыныштарым жоқ болып кететін. Бұл мен үшін өте 
маңызды еді. 
– Иә, – деп келісті Карл. – Менде де солай болған еді. 
Егер ол болмаса, мен ешқашан көрсетілімге келіспес едім. 
Мен қатты қорықтым. Бірақ мен оған уәде бердім ғой... – 
Біраз үнсіздіктен кейін ол:
– Десе де, Михаэльдің өлімі дұрыс емес сияқты...
Мен өзіме үнемі: «неге?» деген сұрақ қоямын.
– Мен оған жауап бере алмаймын, – деді Марк Карл
-
ды аяп. – Мен тек сен Михаэльдің емес, өзіңнің өмірің 
қойған сұраққа ғана жауап бере аласың дегенді айта 
аламын. Меніңше, ол өз өмірінің сұрағына жауап бере 
алды деп ойлаймын. 
Олардың әрқайсысы өзінше қайғыға берілді. Ал өмір 
болса жалғасып жатқан еді. Оқиғалар бірінен кейін бірі 
өтіп жатты. Карл бірінші фильміне түсті, ол өте сәтті 
шыққан еді. БАҚ-та Карлдың атағы жер жарып жатты. 
Оның ойлануға мұршасы жоқ болатын. 
Анна мен Карл бірге тұра бастады. Алғашында олар 
үнемі Михаэль туралы ойлайтын, дегенмен үй жағдайы
-
на алаңдау бұл ойларын шамалы сейілткендей болды. 
Бірнеше ай бойы Карл күлгін күнделігі туралы 
ұмытып кеткен еді. Бір күні ол бірнәрсе іздеп жатып, 
күнделікті тауып алды. Оны оқып отырып, кәрі кемпірдің 
де, сиқырлы жазбалардың да ұмытыла бастағанын түсінді. 
Ол Аннаға автотұрақтағы қызыл свитерлі әйелмен 
кездескені туралы және күлгін күнделік жайлы айтып 
берді. Әйелге қатысты, өзі сенбесе де, әйтеуір бір түсіні
-
гінің бар екенін біледі. Бұның түпсанасы көмек беру 
үшін елес ретінде жіберсе керек. Мұндай оқиғалар болып 
тұратыны белгілі. Ол Маркпен осы туралы сөйлескен
-
де, оның да осындай жағдайды басынан кешкені белгілі 
болды. Өзінің әңгімесін Карл былай аяқтады:
– Бірақ күнделік туралы тіпті не ойларымды да 
білмеймін.
– Оны көруге бола ма? – деп өтінді Анна.
– Әрине. – Карл оған күлгін күнделікті ұсынды. 
Анна оған үңіліп, ұзақ оқыды.
– Мұнда көп ақылды ойлар жазылған екен, – деп 
қорытындылады ол. Сосын оның басына бір ой келді:
– Сен мына фразаны басқа бетке көшіре аласың ба? 
Карл таңқала отырып, оның өтінішін орындады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   101




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет