Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет85/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)
34Metod teoriya-veroyatnostey-i-matematicheskaya-statis
4.6.1. Тауық азықтандыру

Тауық азықтандыруынаәсіресежұмыртқалауының бастапқы кезеңіндебасакөңіл аударады. Бұл кезеңде әлі өсіп-жетілуі аяқталмағанжасмекиеннің жұмыртқалағыштығыменқатар өсуінде қамтамасыз етуқажеттігінескеріп, жемімен алғашқыдажеткізілетін- 1,05 МДжАЭмен13,5-14% "шикі» протеинін, біртіндеп- 1,14 МДжАЭмен17% "шикі" протеин көлеміндежеткізілетінсақатауықрационынакөшіреді. Оныжасмекиенқұрамажемніңжұмырткалағыштығы 10-15% деңгейіне болатын жұмыртқалауының 1-аптасында- 25%, жұмыртқалағыштығы 15-20% деңгейіне болатын жұмыртқалауының 2-аптасында-50%, жұмыртқалағыштығы25-30% деңгейіне болатын жұмыртқалауының 3-аптасында - 75%, жүмыртқалағыштығы 30-35% деңгейіне болатын, бірақ35-40% аспаған жұмыртқалауының 4-аптасында - 100%, яғни толық көлемде сақа тауық құрамажемімен алмастырады.


Осыдан бастап содан кейінгі мекиен жұмыртқалағыштығы жоғары деңгейде жүретін 5 айында оларды энергия мен протеин, минералдық заттар мен витаминдерге қаныққан толық рационды құрамажем не жем қосындысымен азықтандырады. Жемге оның энергетикалық куаттылығын арттыратын техникалық май, протеиндік құнарлылығын арттыратын ашытқы, бұршақ тұқымдастар ұнтағы, ет ұны, қан ұны, ет-сүйек ұны, синтетикалық аминқышқылдары, минералдық қоректілігін арттыратын кальций-фосфорлық және микроэлементтік қосындылармен, витаминдік құндылығын арттыратын препараттармен толықтырады. Соларды қосқан мекиен құрамажемі не қосындысы 60-75% астық-бұршақ тұкымдастар дәнінен, 0-7% бидай кебегінен, 5-25% күнжара мен шроттан, 4-6% жануартектес азықтардан, 3-5% минералды қоспалардан, 0-3% азықтық майдан тұрады (4.33-кесте).
Осындай толықрационды құрамажемді жұмыртқа өндіру бағытындағы жұмыртқалағыш мекиен басын тәулігіне... торда өсіргенде- 115 г, еденде өсіргенде - 120 г; ет өндіру бағытындағы етті тұқым мекиеніне - 155 г; тұқымды қоразға - 160 г, жұмыртқалағыш тұқым балапанына... 1-аптада— 7-8 г бастап 22-аптада - 95-105 г, етті тұқым балапанына 12-15 г бастап 26-аптада - 145-155 г береді. 10-11-айда мекиен жемінің қоректілігін 1,13 МДж АЭ мен 16% «шикі» протеинге төмендетіп, 420-430-күндігінде олардың заталмасуда орын алатын өзгерістерді (жұмыртқалағыштығы төмендеп, май жинай бастайтынын) ескере отырып күнделікті нақтылы жұмыртқалағыштық деңгейінде азықтандырады.

4.33-кесте.Жұмыртқалағыш тауық құрамажемі, %



Ингредиенті



Жасы, апта

1-8

9-21

22-47

48-ден аса

Жүгері

37

-

35,3

20

Бидай

30

48

30

40

Арпа

-

30

-

9,2

Күнбағыс шроты

17,7

2

13

10

Азықтық ашытқы

3

3

3

3

Бидай кебегі

-

5

-

-

Балық ұны

6,5

-

5

4

Шөп ұны

3

6

4

4

Ет-сүйек ұны

-

20

-

-

Бор

1,8

1,2

3

3

Әк, ұлу қабыршағы

-

-

4,7

4,6

Ас тұзы

-

0,4

0,4

0,4

Премикс

1

1

1

1

Барлығы:

100

100

100

100

Құрамажемнің 100 грамында

Алмасу энергиясы:
- ккал
- МДж

291,3
1,220



261,0
1,092



270,6
1,133



263,2
1,107



«Шикі» протеин

20,0

14,1

17,2

16,3

«Шикі» май

3,0

2,4

2,8

2,5

"Шикі" клетчатка

5,0

5,1

4,5

4,5

Кальций

1,1

1,2

3,1

5,1

Фосфор

0,8

0,7

0,7

0,7

Натрий

0,2

0,2

0,3

0,3

Лизин

0,83

0,11

0,71

0,65

Метионин+цистин

0,69

0,41

0,58

0,54

Тоиптофан

0,24

0,18

0,20

0,19

Ескерту.1)Құрамажемнің 1 тоннасына - 1700-500 г, 1200-600 г метионин, 50 г Мп, 50 г Zn, 10г Fe, 2,5 г Си, 1 г Со, 0,71 г келетіндей мөлшерде олардың тұздары қосылады;
2)Егерде, құрамажем азықтандыру нормасына теңестірілмеген болса, берілу мөлшері 10% арттырылады.

Жұмыртқалағыштығы түбегейлі төмендегеннен кейінгі 10-14 күннен соң жемінің қоректілігін 1,05 МДж АЭ 14-15% "шикі" протеин деңгейіне дейін шектеп азықтандырады.


Зат алмасуындағы осындай өзгерістерге байланысты етті тұқым балапандарына берілетін құрамажем мөлшері өсуінің 6-шы аптасынан кейін біршама азайтады. Құс азығындағы минералдық жетіспеушілікті қажетті минералдық қосындылармен толықтырады. Мысалы, мекиен азығындағыкальций жетіспеушілігінің жартысына дейін құрамындағы кальцийі - 37% азықтық бор, 33% азықтық әк, 36% қабыршағы (ракушечник) секілді кальцийлі және кальцийі- 23-26%, ал фосфоры — 13-19% азықтық фосфаттар кальций-фосфорлы қосындылармен толықтыруға болады.Құс азығында жануар тектес азықтар аз болған жағдайда игерілімді(ерігіш) анорганикалық фосфор азайып, балапан тек - 30%, ал мекиен - 50% ғана сіңіретін фитинді фосфор көлемі өсетінін ескеру кажет.
1-тапсырма. 30%жүгері дәні, 39,2% арпа дәні, 10% күнбағыс шроты, 3% азықтық ашытқы, 4% балық ұны, 4% жоңышка ұны, 3% азықтықбор, 4,6% ұлу қабыршағынан құрастырылған құрамажемнің энергетикалык, протеиндік, минералдық және витаминдік қоректілігінің, 48-аптадан асқан жұмыртқалағыш тауықазықтандыру мұқтаждығына сәйкестігін бакылаңдар. Құрамажемдегі энерго-протеиндік қатынасты есептеңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет