Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі негіздері


Сүйек сынуы,сіңірдің созылуы



бет3/5
Дата05.05.2020
өлшемі30,48 Kb.
#65859
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тж ошағында хирургиялық бейінде зақымданудың диагностикасы мен емінің

5.Сүйек сынуы,сіңірдің созылуы.

Сүйектің сынуы бұл оның тұтастығының бұзылуы. Ішінара (сүйектегі жарқын-шақ) немесе толық сынуы мүмкін. Ашық сынық өте қауіпті, ашық сыныққа қоздырғыштар енеді де асқынады және іріңдеу-қабыну процессінің дамуымен ушыға түседі.

Сүйектің сынуының белгілері:

Жабық сыну кезінде сүйек сынған жердің сырқырауы, аяқ-қол саусақтары бастарының қысқаруы, сүйек сынған жердің қанталауы мен домбығуы, аяқ-қол қызметінің бұзылуы, буын дар арасындағы аяқ-қол төңірегінің бойындағы қозғалыстың қалыпсыздығы. Ашық сынықкезінде аяқ-қол бармақ бастарының қысқаруы мен қисаюы, жарада сүйек жарықшақтарының болуы, жарақаттанған жердегі қалыпсызқозғалыс, аяққолды қозғалтқан кездегі сырқырауы, жарадан қанның ағуы. Қол сынықтары, иық белдеуінің сынықтары, иық басының өсігі сынған кезде иық буынының қозғалуы қиындап, шамалы ісініп және иық өсегін басқан кезде сүйек сырқырайды.

Абайсыз қозғалу нәтижесінде табаны қайырылып, саусағы шығып кетсе, құлаған кезде білек буынындағы білезік сүйегі зақымданса, сіңірі созылғанын болжауға болады. Басында қатты аурымаса да, біраздан кейін ауру өршиді, буынның айналасы көгере бастайды. Алғашқы көмек көрсету кезінде қатты бекітетін таңғышпен орап, зақымданған жерге суық басады. 

Аяқты қайырып алған жағдайда, табанды жіліншікке перпендикуляр қойып, осы күйінде бекітетін таңғышпен сегіздік түрінде орайды. Яғни кезекті ораудан кейін дәкені екінші жағына аударып, онымен кезектеп біресе табанын, біресе жіліншігін орай бастайды. Табан жіліншікке перпендикуляр жағдайда бекітілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет