Өмірбаяны Дүниеге келген жері мен қайтқан уақыты Атауы, берілгені туралы мәліметтер Саны



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі476,44 Kb.
#34559
түріӨмірбаяны
1   2   3

26

Жанұзақов Абдулла

Кеңес Одағының батыры. Невель қаласы мен елді мекенінде жанқиярлық ерлікпен көзге түскен. Батыс Двина өзенінен өту кезінде қаһар­ман­дықпен қаза тапқан. Ұлы Отан соғысы жылдары майданға 1 миллион 700 мың қазақстандық аттанғанын, бұл соғысқа дейінгі ел халқының бестен бір бөлігі екенін атап көрсетті. Қазақстандық құрамалардың жорығы 1941 жылы Мәскеу түбінде басталып, 1945 жылдың соңында Берлинде аяқталып еді. Беларусты азат еткен алғашқы құрамалардың қатарындағы Орталық майдандағы 13 – ші армияның 15 – ші атқыштар корпусының 8 – ші дивизиясы Қазақстанда жасақталған болатын.

Ақтөбе облысы Қобда ауданында 1918 жылы дүниеге келген. 1944 жылы қайтыс болған.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Қобда ауданы бойынша – 2

3

27

Үргенішбаев Ідіріс

Кеңес Одағының батыры. 1943 жылдың 10 шілдесінде Курск доғасындағы шайқастың қызған шағында жау жағы 260-шы биіктікті жанталаса қорғауға көшеді. Біздің бір рота әскер шабуылға шыққанымен, қарсыластар беріле қоймайды. Осындай қиын сәтте Ідіріс өзінің пулеметімен қапысын тауып, немістерге тұтқиылдан соққы берді. Осы ерлігі үшін І. Үргенішбаевқа «Қызыл жұлдыз» ордені беріледі. Днепр маңындағы ұрыста өзінің автоматымен он үш немісті өлтірген жерлесіміз әскери басшылықтың назарына ілігіп, оны бөлімше командирі етіп тағайындайды. Немістер біздің батальонға қарсы жиырма екі рет шабуылға көтеріледі. Осындай шақта Ідіріс жаудың тоқсан солдаты мен офицерінің көзін жояды.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында 1912 жылы дүниеге келген. 1944 жылы қайтыс болған.

Шалқар қаласы бойынша – 4, қаласында көше, ескерткіш бар

4

28

Байтақ мақсым

Діндар, Таймас Ишанның туған ұлы Байғанин ауданы. Байтақ мақсым Байғанин ауданының қадірлі мақтанышы.



Байғанин ауданында дүниеге келген







29

Таймас Ишан

Көріпкелдігімен аты шыққан атақты әулие. Таймас Ишан Байғанин ауданының қадірлі мақтанышы.

Байғанин ауданында дүниеге келген







30

Тапалова Нұрсұлу Елубайқызы

Балет артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 1936 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрында соло-биші болып, Дариға (И.Н. Надировтың "Көктемінде"), Зарема (Б.В. Асафьевтің "Бакшасарай фонтанында", 1942 - 43, Г.С. Улановамен бірге), испан биі (П.И. Чайковскийдің "Аққу көлінде"), т.б. балеттік партияларды биледі. Сондай-ақ, ұлттық опералардағы (Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі", А. Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайы", М.Толебаевтың "Біржан Сарасы") жеке билерді нақышына келтіре орындады. 1953 жылдан "Қазақконцерттің" солисі қызметін атқарып, эстрадалық ән-би, миниатюра жанрында еңбек етті. Киноға түскен. «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.


19.09.1923 жылы

Ойыл ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен



Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Ойыл ауданы бойынша – 1

2

31

Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев

Ақын, драматург, әнші, сазгер. 1958-1974 жылдары Қазақ опера және балет театрында бөлім меңгерушісі. Алматы облысы халық шығармашылығы үйінің директоры. Қазақ театр қоғамында кеңесші-әдіскер болды. 1974 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы шығармалары 1956 жылы жарияланған. "Қара торғай" тұңғыш жинағына (1967) новеллалары енген. "Сал сері- Қыз қосан" (1956), "Ана жүрегі (1960), "Қарагөз қарындасым" (Ж.Жұмақановпен бірге, 1962), "Ақтау әні" (1970) пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды. "Қамар сұлу" операсы либреттосының, 150-дей әннің авторы. Бірқатар әндері ("Жас дәурен", "Ақбұлақ", "Әппағым-ау, әппағым", "Гүлсің-ау", т.б.) Қытай, Моңғолия, Түркия, Ауғанстан, Иран, т.б. елдерде тұратын қазақтар арасында кең тараған.

15.05.1926 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. 8.11.1994 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен.








32

Шығанақ Берсиев

Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы "Құрман" колхозының звено жетекшісі, тары өсірудің әйгілі шебері. Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы «Құрман» колхозының звено жетекшісі, тары өсірудің әйгілі шебері. Ол әуелі «Құрман» колхозында мұрап, 1938 жылдан звено жетекшісі болып істеді. Шөлейтті аймақтың ауа райына қарамастан, ұзақ жыл бойы Берсиев тарыдан мол өнім алды. Оның звеносы әр гектардан: 1939 ж. 25,5; 1940 ж. 155,8; 1941 ж. 165; 1942 ж. 175; 1943 ж. 201 ц өнім жинады.

1881 жылы Ойыл өңірінен шыққан текті тұлға. 1944 жылы дүниеден өткен.



Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Әйтеке би ауданы бойынша – 1, Алға ауданы бойынша – 1, Мұғалжар ауданы бойынша – 1, Темір ауданы бойынша – 1, Ойыл ауданы бойынша – 4, Ш.Берсиев атында Ақтөбе қаласында мұражай, ескерткіш, Ойыл ауданында мектеп, селолық округ бар

9

33

Нұрпейіс Байғанин

Халық ақыны, жырау. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Эпостық жырларды айтумен қатар, дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған “Ақкенже”, “Нарқыз” сияқты өз туындаларын шығарды. “Ақкенже” дастанында қазақ әйелдерінің тағдыры сол кезеңдегі нақты өмір мәнімен үндес, жан-жақты суреттеледі. “Нарқыз” — қазақ әйелдерін бостандыққа шақырған, идеясы анық, көркемдігі жоғары шығармаларының бірі. Байғанин Нұрпейістің дастан, эпостық жырларынан басқа да сатиралық өткір, қысқа өлеңдері және “Кектің дауысы”, “Қазақбаймен айтыс” сияқты көлемді шығармалары бар.

20.06.1860 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген. 9.04.1945 жылы дүниеден өткен.

Алға ауданы бойынша – 1, Темір ауданы бойынша – 2, Мәртөк ауданы бойынша – 1, Мұғалжар ауданы бойынша – 1, Ақтөбе қаласында ескерткіш бар

5

34

Сақтаған Бәйішев

Ірі ғалым-экономист, қоғам қайраткері.

Ол елімізде ғылыми кадрлар даярлау, жаңа ғылым салаларын қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосты. Қазақстандағы социал - демократиялық қозғалыстың тарихын жазу, марксизм - ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, басып шығару жөнінде үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізді. Оның ұсынысы бойынша Партия тарихы институтында арнаулы аударма секторы құрылды. Мұнда көптеген әлеуметтік - экономикалық ұғымдардың қазақ тіліндегі баламалары тұңғыш рет тілдік айналымға енгізіліп, әлеуметтік - экономикалық әдебиетті ғылыми тұрғыда аударудың негізі қаланды.

1909 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген. 1982 жылы қайтыс болған.

Темір ауданы бойынша – 2, Байғанин ауданы бойынша – 1

3

35

Ақтан Керейұлы

Қазақтың халық ақыны, жырау, жыршы.

Шығармалары — өмір мәні туралы филос., ақыл-нақылдық терме, толғаулар (“ Аяғына қан түссе”, “Біріншіден не жаман” т.б.), тұрмыс-салт тақырыбындағы жырлар (“Той бастар”, “Бата”). Ақтан адамгершілік пен адалдықты (“Біразырақ сөйлейін”, “Замана жайында”,“Тыңдасаңыз сөзімді”, “Қайыспас бұлан нар едім”) өз шығармаларына арқау етіп, ел мүддесі үшін күрескен батырларды (“Ерлік жыры”) жырлаған.

 Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 1850 жылы дүниеге келген. 1912 жылы Шибұлақ мекенінде дүниеден өткен.




Байғанин қаласы бойынша – 1

1

36

Ахмет Жұбанов

Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер, халық әртісі.

А.Жұбанов қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан А.Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт болмысындағы нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті.

Ақтөбе облысы Темір ауданында Қосуатқам шатқалында 1906 жылы 29сәуірде өмірге келген. 1968 жылы Алматы қаласында қайтыс болған

Шалқар қаласы бойынша – 1, Мұғалжар ауданы бойынша – 4, Мәртөк ауданы бойынша – 1, Қарғалы ауданы бойынша – 1, Алға ауданы бойынша – 2

9

37

Қазанғап Тілепбергенұлы

Қазақтың ұлы музыканты, күйшісі.

Кіші жүздің Ресейге бодан болуы, ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә-бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онон соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-ақ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім-түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді.

1854 жылы 1854 жылы Арал көлінің жағасы, Күланды түбегінің Ақбауыр деген жерде дүниеге келген. 1921 жылы қайтыс болған.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1,

Шалқар қаласы бойынша – 1



2

38

Жұбанова Ғазиза

Белгілі композитор, Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор.

Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы. Өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. 

1927 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданы Жаңатұрмыс селосында дүниеге келген. 1993 жылы қайтыс болған.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1,

Хромтау ауданы бойынша – 1,



Ақтөбе қаласында ескерткіш бар

2

39

Шернияз Жарылғасұлы

Халық ақыны.

Кішіжүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836-37) қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. Шернияз жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алады.  Сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған: “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т.б. жырларын шығарды. Шернияздың “Ай, Қазы би, Қазы би”, “Тостағанды қолға алып”, “Ай жігіттер”, “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”, “Көл қылып құдайым талай судай ағын”, т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді.

1817 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. 1881 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында қайтыс болған.

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Алға ауданы бойынша – 1, Қарғалы ауданы бойынша – 1, Ойыл ауданы бойынша – 1

4

40

Түрікпенбай палуан

Кіші жүздің жауырыны жерге тимеген палуаны. Түрікпенбай палуан Байғанин ауданының қадірлі мақтанышы.

1852 жылы Байғанин ауданында дүниеге келген. 1920 жылы қайтыс болған.







41

Құдайберген Жұбанов

Алғашқы қазақ тіл зерттеушісі, филолог. Қ.Жұбанов керемет тіл маманы, тамаша лингвист. Ол сол бір жылдарда түркі тілдерімен түбегейлі айналыса жүріп, сонымен қатар өзге араб, парсы, орыс тілдерін де кәдіксіз игерді. Бұл тілдерде еркін сөйлеп, еркін жаза алады. Бала жасында Құдайберген көркем әдебиетке қатты елікті. Құдайберген әдеби шығармаларды, кітаптарды көп оқитын. Мұсылманша оқып, шығыс тілдерін жақсы игеруі оның Фердоусидің «Шахнамасы», Сағдидің «Гүлстаны», Низамидің «Ләйлә-Мәжнүні» сияқты шығыстың классикалық шығармаларын түпнұсқасынан оқуына көмектесті. Әсіресе Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының профессоры болып істеген кезде, сондай-ақ шығыс халықтарының мәдениеті туралы өтіп жататын түрлі мәдени істерге белсене араласып, солардың басы-қасында жүруге тура келген кездерде араб, парсы тілдерін, сондай-ақ өзге де тілдерге жетіктігі ол кісіге мол көмек етті.

1899 жылы 19 желтоқсанда  Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келген. Ақтөбе облысында  1938 жылы 25 ақпанда дүниеден өткен. 

Ақтөбе қаласы бойынша – 1, Қарғалы ауданы бойынша – 2, Ақтөбе қаласында Қ.Жұбанов атында университет бар

3

42

Марат Оспанов

Саясат қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің спикері болған. М.Оспанов елдегі қоғамдық-саяси процестерге белсенді араласып, республика Парламентінің қалыпта-суына, саяси және экономикалық реформалардың әзірленіп, жүзеге асырылуына үлес қосты. Ол қаржы және бюджет, салық т.б. экономикалық салаларға арналған 100-ден астам ғылыми мақала, 8 монографиясы бар.

1949 жылы 17 қыркүйекте Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2000 жылы 23 қаңтарда  Алматы қаласында қайтыс болған.

Ақтөбе қаласында М.Оспанов атында университет, көше бар, Медицина академия-сында қола бюсті бар,

Қарғалы ауданы бойынша – 2, Мәртөк ауданы бойынша – 1, Алға ауданы бойынша –1

4

43

Тахауи Ахтанов

Қазақтың ұлы жазушысы, драматург.

1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.

1923 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында Шетырғыз селосында туған. 1994 жылы қайтыс болған.

Әйтеке би ауданы бойынша – 1, Алға ауданы бойынша – 1, Қарғалы ауданы бойынша – 2,

Ақтөбе қаласында драм театр бар



4

44

Құлымбетов Ұзақбай

Көрнекті мемлекет қайраткері, қуғын-сүргін құрбаны.

1919-25 жылдары  Ырғыз революциялық комитетінің төрағасы, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында облыстық, губерниялық партия комитеттері мен атқару комитеттерінің төрағасы болған. Сондай-ақ 1925-37 жылдары Қазақ АССР Халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы, Қазақ Өлкелік ішкі және сыртқы сауда халық комиссары, мемлекеттік Жоспарлау комиссиясының төрағасы, Қазақ Өлкелік Орталық Атқару Комитетінің (КазЦИК) Төрағасы қызметтерінде болған.

1891 жылдың 18 наурызында Ырғыз уезі, Аманкөл болысында дүниеге келген. 1938 жылдың 25 ақпанында дүниеден өтті

Ақтөбе қаласы – 1,

Әйтеке би ауданы бойынша – 3, Ырғыз ауданы бойынша – 1



5

45

Досжанова Аққағаз

Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш жоғары білімді дәрігер, қоғам қайраткері. ХХ ғасыр басында қазақ азаматтарының заманға сай білім алуына, соның ішінде кәсіби медициналық білім алуына да үлкен үлес қосты. Қиын кезеңдерде мыңдаған адамдардың денсаулығы үшін, өмірін сақтау үшін күрескен абзал жан.

1893 жылы Орынбор губерниясына қарасты Торғай Облысы Ақтөбе уезінде дүниеге келген. 1932 жылы Шымкент қаласында дүниеден өтті.







46

Қарақұлов Ишанбай

Ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері адамға жұғатын ауруларды зерттеуге және Қазақстанның денсаулық сақтау ісін ұйымдастырды. Ол малдан жұғатын аса қауіпті ауруларға эпидемиологиялық тұрғыдан жіктеу жасап, олардың жұғу жолдарын анықтады, оларға қарсы қолданылатын кешенді шаралардың біртұтас жүйесін ұсынды. Cарыптан сақтану мақсатында адам терісіне алдын ала вакцина егу әдісін тапқан. Оның ұсынған бұл әдісі қазіргі кезде шет мемлекеттерде де қолданылады.

1909 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. 1992 жылы қайтыс болды.

Ойыл ауданы бойынша – 2

2

47

Баймолдин Сәбит

Ақын, жазушы.

1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, өз ауылында мектепте мұғалім, директор болған. «Қазақстан мұғалімі» газетінде Батыс Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілші, «Стальная магистраль» газеті редакторының орынбасары, Ақтөбе облыстық кітапқұмарлар қоғамы басқармасына жауапты хатшы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, Қазақ КСР Баспа және полиграфия жөніндегі Комитетте бөлім бастығы, баспалар жанындағы Литоның Бас редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі болып істеген. Оннан астам жыр жинағы, таңдамалылары жарық көрді.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында Қарабұлақ ауылында 1942 жылы дүниеге келген. 2000 жылы қайтыс болған.







48

Беркімбаев Дербісәлі

Торғай облысының әскери губерниясының аса маңызды тапсырмалары бойынша жоғарғы штаттық шенеунік.

Каталог: sites -> default -> files -> Node 43208
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет