Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы



бет2/62
Дата06.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#30070
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
ТУЫНДАУ СЕБЕПТЕРІ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2008 жылы «Балалар суициді» тақырыбында жүргізген арнайы зерттеуінде балаларды осы жолға итермелейтін негізгі себептер ретінде баланың күрделі әлеуметтік-психологиялық жағдайы, одан кейін – отбасылық тұрмыстың қолайсыздығы мен қолдаудың болмауы сияқты факторларды атап көрсетеді [3].


Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға сүйенсек, кейбірінің ақыл-ойы кем адамдар, бірінің жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.
Сонымен қатар, суицидальді мінез-құлық балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен, отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуы, отбасылық жылу көрмеген балалар арасында жиі кездеседі.
Деректерге сүйенсек, көктем, жаз мезгілдерінде суицид жасау жоғары болады екен. Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өз өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір мәселені шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата-аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.
Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді.
Ғалымдар суицидальді мінез- құлықтың туындау себептерін төмендегідей типтерге бөліп көрсетеді:
1) протест;
2) өзгелердің жанашырлығын туғызуға әрекеттену;
3) қайғыдан қашу;
4) өзін-өзі жазалау;
5) өмір сүргісі келмеу.
19 ғасырдың бірінші жартысында жан аурулары өзін-өзі өлтірудің негізі болып табылған. Ал осы ғасырдың соңына қарай, өзін-өзі өлтіру тек индивидуалды әрекет ретінде тұлғалық және әлеуметтік факторлардың салдарынан деп дәлелденуде. Соңғы уақытта елімізде өзін-өзі өлтірудің өсуі көпшіліктің алаңдаушылығын тудыруда. Осыған орай суициденттердің, кейбір психологиялық және клиникалық, аспектілері мінез-құлық жағынан көптеп зерттелуде.
Өзін-өзі өлтірудің мотивтерін зерттеген отандық психологтар, суициденттік тұлғаның мағынасы туралы айтқанды жөн санайды. Өзін-өзі өлтірудің тұлғалық мағынасы бір жақты еместігі белгілі және жалпы түрде келесі типтерде көрініс табады. Олар: кек, көмекке шақыру, қиындықтан қашу (жазалау немесе қайғыру); өзін-өзі жазалау «жауының өшін өзінен алу», кінәні өтеу, ақиқаттан бас тарту, наразылық жатады. Бірақ бұл жағдайда да ұғыну мүмкіншілігі өмір тәртібінде әлі де қызмет ететін тұлғаның ең соңғы қорғаныс механизмімен анықталады. Жеке мотивтерді жете түсінуден «жылжу» тіпті субъект өлімнің мақсатына бағытталып әрекет еткен жағдайда екі психикалық субстанциялар: 1) өзіндік сана 2) өлім мотивтері - толықтырғыш принципінің таралуы туралы ойлауға мәжбүр етеді.
Өмірдің барлық мағынасының жоғалуы, үміттің үзілуі, жалғыздық, мұқтаждық, ауру, әлеуметтік жағдайдың кенеттен өзгеруі, адамның жоғары топтан жай қарапайым деңгейге түсуі. Мұның барлығы өзін-өзі өлтіруге қолайлы жағдайлар, яғни өзін өлтіргісі келген адам әлеуметтік акт жасап, басқаларды соған итермелеп, психикалық атмосфераға құлдырау туғызады. Адам өзін-өзі өмірден кетіргісі келуі, ол өзінен шыға алмау себебінің салдары. Ол бұл жағдайдан тек өзін өлтіру арқылы шыға алады. Өзін-өзі өлтіру психологиясы - бұл адамның өзінде тұйықталуы, яғни өзінің жеке караңғылығында қалып қоюы десе де болады.
Н.Бердяевтін пікірінше, өзін-өзі өлтіруші өзінің материалды болмысымен күйттелген, сыртқы шарттарға қанағаттанбаған, өмірде қатты уайымшыл, сөйтіп осынын бәрінен бірдей құтылғысы келген адам. Бердяев бойынша, өзін өлтіруші - үміт, сенім, махаббатын жоғалтқан адам.
Франкл бойынша, өзін өлтіруші - ол адамды дамуынан ажырататыны сияқты емес, сонымен қоса басқаларға істеген қайғысы жуылмайды, күнәсі ақталмайды. Франкл үшін қайғырудың мағынасын іздеу, жеке өмір мағынасын іздеу баламасы, жалпы экзистенционалды вакуумның жеңуі.
Адамның суицидалды шешім қабылдауы күйзеліс немесе стресстік ауыр жағдайдағы сәттерде болады. Өзінен-өзі оқиға суицидалды сипатта болуы мүмкін емес. Оның суицид тектілігі тұлғаның оқиғаны қабылдауы мен бағалауына дайындығымен анықталады. Мұндай дайындық, өз кезегінде тұлға нұсқауының динамикасына, тұлғалық құндылықтар жүйесінің әсеріне және қалыптасуына және сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне жауап беру түрлерінің жүйесі және тұлғаның өзіне, мінез-құлық жүйесіне және әрекет түріне тәуелді болып келеді.
Көптеген бақылаулар шын мәніндегі өзін-өзі өлтірудің жанама мақсаты - өмірін қию мен көп жағдайда өзін өлтірушінің мінез-құлқының мотивтерімен сәйкес келмейтіндігін тұжырымдайды.
Суицидология жетекшілерінің пікірінше, өзін-өзі өлтіру мен қастандық, жасау екеуі екі принципиалды әр түрлі әрекетті көрсетеді. Өз табиғаты бойынша суициалды әрекеттің аяқталған және аяқталмаған түрін ажыратуға болады. Аяқталған суицид - бұл тек қана суицидалды әрекеттің үлкейтілген формасы емес, бұл өзін-өзі өлтіру. Аяқталған суицидте агрессия өзіндік "Мен"-ге қарсы болса, онда қастандық кезінде ол өзінің қолдануын өзгертеді және соңғы мақсаттың сөнуіне әкеледі.
Аяқталмаған суицид кейде өмірге қайта туу, аурудан жазылу секілді нәтиже береді. Адам өзін шын мәнінде өлтіргісі келмейді, ол бір сәттегі қиындықтар мен тосқауылдардан өзін алып шығу мүмкіндігін көздейді. Өзін-өзі өлтіру психологиясы, яғни басқа адамдарға көңілі қалу, ренжу болып табылады. Адам өз өмір жолында өте ауыр және қайғылы, жан күйзелісі адамға нағыз жанталас болуы мүмкін. Әдетте күйзелістердің эмоционалды элементі интеллект және ерік-жігері теңдес болған адамдарда жеңілірек өтеді. Өзін-өзі өлтіру әрекеті кезінде адам көпшілік жағдайда психикалық; тепе-теңдік, реалдықты ажырату функциясы ыдырайды, құндылық иерархиясы жоғалады және қандай да бір басқаша құндылық басым болады, сана тұманданады, есі өте көп нәрселермен шектелген жағдайларда болады. Өзін-өзі өлтіру ең алдымен санасыздықтың көрінісі.
Ғалымдар негізгі суицидалды мінез-құлық ерекшеліктерінің бірқатарын бөліп көрсетеді. Олардың қатарында: эгоцентристік, аутоагрессия, болашаққа деген тұлғалық пессимистік нұсқау, суицидент тұлғасының параноялдылығы басым сипат алады.
Суициденттің өзіндік санасы парадоксалды мағынада эгоцентризм элементтерімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда адам тек өзінде тұйықталады. Дюркгеймнің классикалық, анықтамасында: суицид - жете түсініп шешілген өмірден кету жағдайы. Эгоцентристік суицидент өзін-өзі төмен түсіріп, негативизм басымдылық көрсетеді.
Аутоагрессия - суициденттің өзіне деген шектен тыс негативизмі (З.Фрейд, А.Адлер).
Д.Н.Узнадзе және оның шәкірттерінің айтуы бойынша, белгілі бір әрекетке дайындықтағы психофизиологиялық күй. Бұл үш компонентті құрайды. Танымдық, эмоционалды-мотивациялық және мінез-құлықтық. Суициденттік нұсқауға: суицидалды ойлар мен ниеттер жатады (депрессия, қорқыныш, үрей, кінәлілік сезімі т.б.).
Параноялдылық акцентуациясы жүйке жүйесі үдерістерінің (қозу, тежелу) ригидтілігімен сипатталады. Мұндай жағдайдағы суициденттер жиі кездеседі. Мұнда бір ғана жоғары құндылық орын алады. Егер осы жоғалса, онда бүкіл өмір мағынасы жоғалады.
В.А.Тихоненконың бөлуі бойынша мотивтер жүйесінде:
1) наразылық;
2) қашқақтау (физикалық немесе жан қайғыларынан);
3) өзін жазалау,
4) өзін қабылдамау.
Суицидалды мінез-құлық типтері нақты жағдайға, жас ерекшелігіне, тұлғалық ерекшелігіне байланысты. Мәселен, 13 пен 30 жас аралығындағы наразылық және қайғы шақыру формалары, ал 30 жастан кейін қайғыдан қашу, өзін жазалау және тұлға ретінде өзін қабылдамау басым болады.
Суицидалды мінез-құлықтың наразылық және қайғы шақыру формалары инфантильді құрылым түріндегі адамдарда және эгоцентризмге бейім, негативизм, эмоционалды тұрақсыз адамдарда кездеседі. Мұнда осы көрсетілген мотивтің біреуі басым болады да қалғандары қосымша болып келеді.
Мотивтер жүйесі әрқашан суицидтік мінез-құлықта қысылған динамикада болады. Мұнда виталды және антивиталды, деструктивті мотивтер күресі жүреді. Адамның кез-келген қажеттілігінің жүзеге асуы, ішкі (тұлғалық) және сыртқы жағдайға жанасады. Бұл факторлардың көптүрлілігі және олардың әр адамнын қайталанбайтын өмір жолын анықтайды [29].
Сонымен қалыпты жағдайда адам өлім түрткілерін ұғынуға қабілетсіз және оны қаламайды. Бірақ адам соңғы қадамға шешім қабылдағанда экстремалдық жағдай болады. Өлім мен өмір шекарасында таңдаудың өзі ең маңызды, құнды түрткілерді дәл белгілейтін болып көрінеді. Өлімнің түрткілері өзін-өзі өлтірудің себебін, сонымен бірге басқада әртүрлі саналы өзіне қастандық жасау себептерін түсіндіруші деп таппайды.
Субъектінің дәлеліне тұлға аралық жанжалдар, кәсіби немесе оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздіктер, денсаулық жағдайы, қаржыдан қиналу, қылмыстық жауапкершіліктен қорқу негіз болып табылады. Психикасы бұзылған, ауыр депрессияға өзін-өзі кіналау, галлюцинацияға ұшыраған адамдардың өзін-өзі өлтіру себептерін түсіндіруі ерекше орын алады.
Соңғы уақытта өзін өлтіру жағдайларында аяқталған және аяқталмаған суицид әрекеттерін жасау көбеюде. Психологиялық күйзеліс шарттары отбасылық, жалғыздық, шығармашылық, құлдырау сияқты мәселелерге тіреледі. Бірақ өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаушылардың ешқайсысы өзін мерт қылу тілегін өлімге ұмтылу деп түсіндірмейді. Барлық дәлелдер өлімге кұштарлықпен емес, керісінше тікелей өмірлік оқиғалар мен келіспеушіліктерге байланысты.
Суицидалды жүріс-тұрыстың, қалыптасуының жақын этапынан ертерек этапына ауыса отырып, дағдарыстық оқиғалардың әр түрлілігін біз ситуацияның дамуына әкелетін, шектелген варианттар жиынтығына қосуға болатынын аңғарамыз.
Психологиялық мағынада олар әртүрлі сферада тұлғааралық және ішкі тұлғалық келіспеушілікті көрсетеді. Отбасылық, жыныстық, кәсіптік, құқықтық, әкімшілік және т. б.
Тұлға мұндай келіспеушілік жағдайында қарқынды түрде жағымсыз эмоцияны бастан кешіреді (сағыныш, қорқыныш, қамығу, үрейлену) көбінесе бұл «жан ауруы» деп түсініледі.
Этикалық мағынада өзіне қастандық жасау туралы шешім өзінің әрекетіне жауапкершілік көрінісімен байланысты субъективті таңдау нәтижесі. Жеке адамның, болған оқиғаға жауапкершілікті кімге аударғысы келсе де, соған тәуелді, ол суицидке жауапкершілік жүктейді. Нәтижесінде, бұл оның конфликтіде мағыналық, тұлғалық бағытын анықтайды. Суицидалды шешім қабылдау және моральды жауапкершіліктің тарылыуы, қоғамдық, моральдық сананың, қоғамдық пікір сферасында пайда болған өз-өзіне қастандық жасау туралы елесі және осы құбылысқа қатынасымен байланысты. Қазіргі өркениет үшін адам өмірінің құндылығының өсуімен осы құндылықтардың мораль, мұрат, талап, жазалау, нормалар жүйесінде бекітілуі тән. Себебі, суицидалды шешім тұлғалық және қоғамдық, моральдық сана факторларының күрделі әрекеттестігінің нәтижесі болып табылады.
Адамның дұрыс өмір сүруіне биологиялық және әлеуметтік факторлардың керісінше әсер етуінен көптеген күйзелістер салдары адамнын әрі қарай қажеттілігінен қол үзуіне себепші болады. Осындай адамзат дамуының өте маңызды кезеңінде оның өзін-өзі бағалай, өзіндік "Менін" тани білуі өте қажет. Өзіндік ерік-жігерге қабілетсіздік, өзіне және басқалар алдындағы ішкі жауапкершіліліктің әлсіздігі және т.б. Адамның кез-келген қажеттілігінің жүзеге асуы, ішкі тұлғалық және сыртқы жағдайға жанасады.
Суицид - алдын-ала өзін өмірден құрбан етуге ниет етіп бағытталған әрекет. Бірақ, өлім деген ұғымның өзі категория ретінде, өмірдің соңын білдіреді. Өлім мен өмір туралы ойлану ертегілер мен өмір оқиғаларымен байланысты болса да, мектеп жасына дейінгі балаларда мұндай тұрақты ниет жоқ
Кіші жасөспірімдік кезеңде өмір мен өлімнің шектелген ұғымы пайда болады, өлімге эмоционалды қатынасы дерексізденеді. Өз өліміне қоршаған адамдардың реакцияларын көруге тырысу немесе «екінші рет дүниеге келу» үміті басым жасөспірім жасындағы суициденттерге тән сипат.
Суицидалды мінез-құлықтың даму механизмдерінде суицидалды тенденциялар пайда болатын механизмдер басты орын алады. Жасөспірімдерде бұл мағынада негізгі фактор отбасындағы оны суицидтік әрекеттерден сақтайтын себептер барынша маңызды. Жасөспірім үшін отбасы ересек тұлғаға қарағанда өте маңызды және көп роль атқарады. Себебі, бұл кезде отбасы «қоршаған орта» функцияларымен шектелмейді, керісінше, бағыттаушы және рухани-әлеуметтік жағынан баланы қоректендіруші болып табылады.
Жасөспірімдерде суицидтік әрекеттер көбінесе «шынайы емес», «суицидалды жанжал» жариялылық сипатта болады. Бірақ тек осы кезеңде шындық және жариялылық аралығын ажырату қиын болады. Олар үшін өлім - бұл оның кемегімен біреуден кек алу, біреуді жазалау, өзінің дұрыстығын дәлелдеу, жазалаудан қашу болып табылады.

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет