Өмірдің өлшемі өлім. Кімнің кім екені өлгенде белгілі болады



Дата09.01.2022
өлшемі17,84 Kb.
#110452
Байланысты:
Бейсен Құранбек


Өмірдің өлшемі - өлім. Кімнің кім екені өлгенде белгілі болады.

Бейсен Құранбек


Халықтың қажетіне жарап, қызмет ету әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың белгісі.  Шынында да жарқ еткен Бейсен Құранбек ұлтын сүйген ұл, асыл азамат, қазақ үшін жаратылған перзент еді.

Бейсен Құранбек Абайұлы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, журналист. «Жыл таңдауы», «Қазақстан барысы», «Айтуға оңай», «Қарекет», «Шеберлік сағаты», тіпті кенже дамыған Айкидо спорт түрінің Қазақстанда дамуына күш салып, федерациясын өркендеткен.

Бейсен ағаның қазақ журналистикасында өзіндік орны бар, кәсіби қолтаңбасын қалыптастырған азамат, өзі жүргізген «Айтуға оңай» арқылы қалың елге танымал болған. Әр қазақ менің жалғызым деп, бүкіл өмірін арнаған, елдің ыстық ықыласына бөленіп, халықтың алғысын алған. Сол «Айтуға оңай» және «Қарекет» бағдарламасына барған әрбір азаматқа құшағын ашып, қолын созып, әрбірінің қуанышымен, мұңын жұдырықтай жүрегіне сидырған, әрбірінің жыртығына жамау болсам деп, жүріп жанын қиған кісі. Дегенмен, әліде өмір сүргенде талай белестерді бағындырар еді. Өкінішті әрине.

Ағамыз ауыр дертпен арпалысып өмірден озды. "Құдайым мені қай кезде аламын десе де дайынмын. Алланың маған нәсіп еткен өміріне де, сынағына да разымын. Мен жақсы өмір сүрдім. Маған Алла тағала жақсы ата-ана, жанашыр бауыр, адал жар, сүйкімді бала сыйлады. Он екі мүшемді сау қылып, бойыма қуат берді, миыма сана, жүрегіме рух берді. Басыма бақ қондырды. Ел-жұртыма маңдай терімді сыпырып жүріп қызмет етуге мүмкіндік берді. Тағы уақыт берсе, тағы да аянбай қызмет етуге даярмын. Мені жақындарыммен, балаларыммен сынамай, жеке басыма дерт беріп, өз денеммен сынап жатқанына тағы да шексіз ризамын. Ризамын!"деп, жазған екен парақшасында.



Осы жылдың 18 мамырда Бейсен Құранбек ағамыз дүниеден өтті. Қысқа ғұмыр, мағыналы ғұмыр. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз ағып түсті..... Халқыңыз сізді еш ұмытпайды Бейсен аға! Жаныңыз жәннатта болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет