Өндірістік гимнастиканың үлгілері



Дата07.02.2022
өлшемі12,69 Kb.
#93562
Байланысты:
Документ 2
Тыныс алу жаттығулары. Ізімберген Ғаламин ОПД - 1923, ma, апгар шкаласы, DOC-20231219-WA0028

Өндірістік гимнастика – бұл ұйым қызметкерлерінің жұмыс орын- дарында орындайтын, жұмыс күні тəртібінде еңбекке қабілеттілікті арт- тыру мен қызметкерлердің шаршауының алдын алу, денсаулықты нығайту мақсатындағы қарапайым дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы. Өндірістік гимнастикаға арналған жаттығулар кешені еңбек үрдісінің өзіне сай ерекшелігін ескере отырып жасалады.
Өндірістік гимнастиканың үлгілері
Тəжірибеде өндірістік гимнастиканың екі түрлі үлгілері бекітілген:
– адамдарды жұмыс күніне дайындайтын жəне жұмыс басталғанға дейін
жасалатын бастапқы гимнастика;
– еңбеккерлердің жұмыс күні барысындағы үзіліс уақыттарында орын-
дайтын, дене шынықтыруға арналған «үзік сəттер» мен «минуттар» - белсенді демалыс.
Жұмыс күнінің ортасы мен соңында дене шынықтыруға арналған «үзік
сəттер» мен «минуттардың» кешенді дене жаттығуларын қолдану рəсімделген үзіліс уақыттарында демалысты тереңдету мен жеделдетуге арналған.
Бастапқы гимнастиканың құрамбөліктері:
– Жаяу жүру;
– Терең тыныс алуды қолдайтын жаттығулар;
– Тұлға мен иық иіні бұлшық еттеріне (еңкею, кеудені үлкен амплитуда-
мен қолдың белсенді қозғалыстарымен бұру) арналған жаттығулар;
– Аяқ бұлшық еттерін созу жаттығулары жəне жалпы əсері бар (жарты-
лай шпагат, отырып-тұру, орында жүгіру жəне секіру) жаттығулар;
– Иық иіні мен қолдың бұлшық еттеріне (мүсінді жақсы сақтауға
арналған созылу жəне бұлшық еттерін күшейту) арналған жаттығулар;
– Қозғалыстың туралығы мен назарды шоғырландыру жаттығулары.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет