Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет39/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Антропонимика


41

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

жылдары еніп жатқан кірме есімдерді қалай жазамыз дейтін сұрақтардың жау-

абы әлі де толық жауабын таба алмай отыр. Осы қиындықтардың жауабын көп 

болып  ойланбасақ,  тарихымыздың  бейнесіндей  дәстүрлі  есімдерімізге  теріс 

ықпал ету қаупі бар екені шындық. 

Лексикалық  қоры  атам-заманан  бері  жаңарып,  түрленіп,  толығып  отыруға 

бейім  есімдеріміздің  дамуын  ХХІ  ғасырда  тоқтата  қою  оңай  шаруа  ма  екен?! 

Оның үстіне қазір ат қою десе жұрттың аузында мәтелге айналған Азияда, Сам-

митхандармен  қатар,  көнеден  жеткен  есім  компоненттерін  жаңаша  құрастыру 

арқылы  жасалған  Айсұлтан,  Айзере,  Айсана,  Айтұмар,  Ағұлан,  Білге,  Елба-

сы, Шыннұрт.б. секілді тамаша есімдер қойылып жатыр. Бұл есімдерді қойма 

деп жұртқа қалай талап қоямыз. Әрине Алмагир, Камила-мелания, Кристина, 

Сумая, Сурен, Ян, Яна т.б. секілді есімдердің жөні бір басқа, бірақ оларға да 

тыйым сала алмаймыз. Бір ескеретін жайт ондай кірме есімдер әр кезде болған, 

бола  да  береді.  Бірақ,  олардың  ғұмыры  ұзаққа  созылмайды,  басқаша  айтсақ, 

төл болмысымызға сіңісе алмайтындықтан, бір рет қойылады да қолданыстан 

түсіп қалып отырады. Саны жағынан да дәстүрлі есімдеріміздің он пайызынан 

аспайды, сондықтан замана ағымымен тілімізге кіріп, шығып тұратын мұндай 

есімдерге назар аударудың аса қажеті жоқ деп ойлаймыз.   

Аты-жөнді  ресми  құжаттарда  үш  тілде  жазу  туралы  ұсынысқа  да  ойлана 

қараған дұрыс. Мәселенің екінші жағы бар–қазақ есімі тек қазақша жазғанда ғана 

дұрыс болады.Олай дейтініміз құжаттарда жиі кездесетін сиқы қашқан есімдер 

орыс тілінің заңдылықтарына бейімдей жазудан пайда болған. Күнделікті айты-

лып, ести берсе, өзге емес, адамның өзі де сол қате аты-жөнге үйреніп алып, оны 

өзгертуге аса құлықты бола бермейтін көрінеді.Ал көпшіліктің оған көзі мен еті 

үйренгелі қашан. Умыт, Гуляй, Карбуз, Молдыр, Ляззят, Куттыкыз, Кожухова, 



Трусова,  Траисова  т.б.  толып  жатқан  «жаңа  есімдер  мен  фамилиялар»ойымыз 

бен тілімізде қалыптанып та үлгерген сыңайлы. 

Біраз бұрын баспаханалардың бірінде жұмыс істейтін қыз баланың фамилия-

сын қазақшалауға зорға көндіргеніміз бар.Былай екен: құжаттағы нұсқасы Тру-

сова болғандықтан, бойжеткен үшін ол өзгертуге болмайтын құндылық сияқты. 

– Қалқам, қазақшасы Тұрыс қой, осылай жазайық, – деймін. 

– Жоқ, мен осылай жазып, айтуға үйренгенмін, сондықтан тұра берсін. Какая 

разница!


– Өзің ойлап көрші, орысша жап-жақсы білесің, «трус» деген сөз намысыңа 

тимей ме?!

– Даже ол туралы ойланып көрмеппін. 

Шамамыздың  келгенінше  түсіндіріп  жатырмыз.  Ақыры  айтқан  уәжімізге 

тоқтап,  кітап  соңында  техникалық  редактор  ретінде  Тұрысова  қылып  жазуға 

келісті. Аты-жөніне мән бермейтін азаматтар арамызда қаншама.Мән беретін-

дерінің  өзі  мәселенің  күрделілігіне  байланысты  уақыты  да,  төзімі  де  жетпей, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   98




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет