Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет46/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Антропонимика


47

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

те  (мифтік  аңызды)  санға  байланысты  оралымдар  («қырық  сан  қырым,  отыз 

сан  ұрым,  он  сан  оймауыт,  тоғыз  сан  торғауыт,  он  сан  ноғайлы»)  біріншіден 

таза  мифтік  ұғымдарды  (киелі  «қырық»,  «тоғыз»,  «он»  т.б.)  меңзейтін  болса, 

этнонимдік атаулар («қырық», «оймауыт», «ноғайлы», «ұрым», «торғауыт») қазақ 

(түркі) халқының түрлі тарихи кезеңдерінен елес береді. Мәселен, қазақ-түркі 

тарихында «Ноғайлы заманы» болғаны, сонымен қоса «қырым», «ұрым» атау-

ларымен байланысты тарихи кезеңдер, саяси-этникалық бірлестіктер болғаны 

белгілі.  Мысалы,  С.  Қондыбай  түркі-қазақ  эпосында,  мифтерінде  орын  алған 

мифонимдердің мифтік астарын егжейлі тексерудің нәтижесінде Ұрым дәуірін 

анықтап  отыр.  С.Қондыбайдың  көрсетуінше:  «Ұрымдық  қабаттың  қалыптаса 

бастау уақыты ретінде б.з. II-V ғасырларын атауға болады. Бұл - халықтардың 

«Ұлы  көшкіні»  басталған  уақыт.  Міне,  осы  кезде  шығыстан  келгендей  дей-

түркілер  мен  қазақ  жерінде  мекендеп  жатқан  тарих  ғылымында  «иран  тілді» 

делінетін,  мен  «дей-түркінің  арийлік  субстратымен  қанығып,  оқшауланған 

тілдік  диалектерінде  сөйлеген»  деп  отырған  усунь,  кангюй,  яньцай,  сондай-

ақ  ақиқатында  иран,  үндіеуропалық  тілді  (тохар  т.б.)  тайпалардың  араласуы 

нәтижесінде II-V ғасырларда қазақ жерінде көп диалектілі, аралас этномәдени 

конгломерат қалыптасады. Олардың ішінде ең негізгісі - II-V ғасырларда өмір 

сүрген Юэбань (Үрмен, Ұрым) конгломераты болды» [4,21].

«Отыз  сан  ұрым»  деген  жалғыз  сөз  оралымның  астарында  жатқан  үлкен 

хронологиялық, этномәдени дәуір - «Ұрым қабаты» өз кезегінде VI ғасырдан 

басталған «ресми түркі» қабатына негіз болды. Ал енді «отыз сан ұрым», «қырық 

сан қырым», «он сан оймауыт» т.б. көне тайпалар «алатайдай бүлінгенде», «Ор-

манбет би келгенде» бүкіл алашты (түрікті), керек десең олармен қоса моңғол мен 

татарларды біріктірген, мемлекеттікті орнықтырған «ала» болып туылған Алаш 

(Алаша хан) болып тұр. «Орманбет би өлгенде» деген ұғым тек қана қазақтың 

емес,  сонымен  қатар  ноғай,  қарақалпақ,  башқұрт,  қырғыздар  ауыз  әдебиеті 

дәстүрлерінде кездеседі. Соған қарағанда осы аталған халықтардың арғы баба-

сы тарихында Ормам (н) бет бимен (кезеңімен) байланысты үлкен, аса маңызды 

тарихи оқиға, меже болған деп топшылауымызға болады. XVI-XVII ғасырдарда 

өмір  сүрген  тарихи  тұлға  -  Едігенің  ұрпағы  Дін  Ахмед  Ұлық-Мұхаммедтің 

үшінші ұлы жөнінде айтылып тұрған жоқ: «Имя Орманбет означает народ или 

персонификацию в одном лице, часто мифицеском. Формула «десятиколенный 

ногай» иногда метафорически звучит как «десятиколенный Орманбет» (он сан 

Орманбет). Это десять народов или племен, потомки демяти детей первочелове-

ка Урумана (ср. инд. Десять стрел - он оқ будун, пешенеги - пеш - он, он огуры - 

венгры) персонификация мифического человечества вообще» [5,191]. Кез келген 

архаикалық мифтер заман оза келе мифсіздену, қарабайырлану, өзгеру үрдісіне 

ұшырайды.  Сол  сияқты  Орманбет  мифі  де,  Алаш  -  Алаша  мифі  де  осындай 

үрдіске ұшыраған, сол себепті осы мифтер мәтінінде кейінгі тарихи кезеңдерге 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   98




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет