Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016


Жер-су атаулары: тарихы мен тағдыры



Pdf көрінісі
бет79/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Жер-су атаулары: тарихы мен тағдыры

Жер дауы мен жесір дауының қиындығы әлімсақтан белгілі. Бүгінде қала мен 

дала  атауларының  дауы  одан  да  қиынға  соғып  отыр.  Патшалық,  одан  кейінгі 

кеңестік отарлаудың екпінімен байырғы халықпен есептеспей өзгертілген тари-

хи жер-су атауларын қайтару туралы айта бастағаннан жойқын қарсылыққа тап 

боласың. Бұл қарсылық ұзақ уақыт үстем болып келген ел өкілдерінің тарапынан 

да, өз бауырларымыздың тарапынан да жасалады. Олардың қай-қайсы да мына 

ақиқатты:  тарихи  әділдік  түбі  жеңетіндігі  жөніндегі  шындықты,  қазақ  халқы 

әлемдегі барлық тәуелсіз және өркениетті ұлттар секілді өткенін қадірлеп, салт-

дәстүрін аялап, алыс-жақын ғасырларда сырт ықпалдың салдарынан жоғалған 

және  көмескіленген  рухани  құндылықтарын  қайтарып,  өз  кеңістігінде  еркін 

өмір сүргісі келетіндігін, оған толық құқы бар екендігін түсінбей келеді. Бәлкім, 

түсініп тұрып түсінбеуге тырысады. Қалай десек те, қазақ тарихына әлі де тізе 

батырылуда.

Бұған кім кінәлі? Аталған сауалға жауап іздегенде, атқарушы билікті де, зи-

ялы қауымды да, ұлттық-рухани сұраныстарға сақадай сай емес заңнаманы да 

жазғыра жөнелуге болады. Бұған негіз де жоқ емес. Әйтсе де себеп-салдардың 

түп-төркіні басқада, ономастика мен топонимиканы зерттейтін ғылым мен оның 

қорытындыларын  тарихи  атауларды  қайтарудың  құралы  ретінде  пайдалануға 

лайықты  идеологияның  жоқтығында.  Осының  кесірінен  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың жер атауларының сөздігін жасап, қай атау қандай жағдайда, қандай 

мағынада  қойылғанын,  ол  сөздің  түпкі  мәні  қандай  болғанын  айқындау  және 

қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасы әлі күнге дәйекті орындалған жоқ. Бұған 

басты себеп – осы аса маңызды міндетпен тікелей айналысатын қызметтер дай-

ын емес еді. Аталған көл-көсір шаруаға  Білім және ғылым министрлігінің Гео-

графия институты мен Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттікке қарайтын 

Ұлттық картографиялық-географиялық қоры 2001 жылы ғана кірісті. Соған дейін 

біз Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Әкімшілік-аумақтық бөліну» деп аталатын 

анықтамалығын пайдаланып келдік. Онда он мыңнан астам әкімшілік-аумақтық 

бірліктер мен елді мекендердің атаулары жинақталған еді. Транслитерациялық 

талап бойынша ешқандай сын көтермейтін, тек орыс тілінде жасалған бұл еңбек 

тарихи жер атауларын қалпына келтіруге кедергі болды. Қамтылған атаулардың 

әуелгі нұсқасы бұрмаланды, кейбір тарихи атаулар әдейі енгізілмеді. Сол тұста 

және одан кейінгі жылдарда еліміздегі барлық жер-су және елді мекендер атаула-

ры қамтылған қазақ тіліндегі топонимикалық сөздіктер жасау жоспарланған жоқ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет