Оралтаева А. С. Аналитикалық химия. Зертханалық практикумы



бет13/155
Дата31.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#116563
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   155
Байланысты:
6 Сын,Қаз. тар .2 тоқ. тжб, ю, C , 7
3.Таразы және өлшеу
Әрбір химиялық лабораторияның ең қажетті құрамы —таразы. Жұмыс жүргізілу түріне байланысты түрлі таразылар қолданылады;

  1. Дөрекі өлшеуге арналған (1 г-қа дейінгі дәлдікте)

  1. Дәл өлшеуге арналған және технохимиялық таразылар

(0,01г-қа дейінгі дәлдікте)

  1. аналитикалық таразылар(0,0002-0,0001г-қа дейінгі дәлдік)

4. арнайы (торсионды, пробиркалық ультрамикрохимиялық және т.б.) Аналитикалық таразылар 0,0002г-нан 100-200г-ға дейінгі салмақты дәл өлшеуге арналған.

Аналитикалық таразы екі топқа бөлінеді; периодты шайқау немесе демпферлі таразылар. қазір таразылардың соңғы тобы кең таралған.

Бүл таразылардың маңызды бөлігі ретінде жақсылап құйылған болаттан немесе аготтан жасалған үш призмамен жабдықталған иінағаш болып табылады.Ортадағы призмаға... жанындағы екі призмаға сырғалары көмегімен таразы табақшалары ілінеді.Иінағаштың ортасында төменгі жағында микрошкаласы бар бағыттағыш бекітілген. Таразымен дұрыс жүмыс істеу үшін үш призманың да қырлары қатаң түрде параллель болуы және бір жазықтықта жатуы шарт. Таразымен жұмыс кезінде призмалар мен таяныш алаңдары жайлап ауытқиды да өлшеу дәлдігі төмевдейді. Ауытқулар аз болуы үшін, таразыны арретирмен жабдықтандырады, ол иінағашты көтеруге мүмкіндік береді немесе былай айтқанда таразыны арретирлеу деп аталады. Арретирдің дисктік түтқасы

Таразының тірегі аготты алаңдар горизонталь жағдайға келтірілетін винтке орналасқан.

Бұл таразылардың негізгі ерекшелігі совда, олар жоғарғы жағы қақпақпен жабылған, ол астыңғы жағы ашық алюминнен жасалған цилиндр тыныштандырғышпен (демпфлер) жабдықталған. Олар сырғаға ілінген Демпферлі цилиндрлер төменгі жағы жабық, үстіңгі жағы ашық диаметрлері үлкен екі басқа цилиндрлерге салынған, олар таразы бағанасына жылжымайтындай етіп бекітілген.

Арретирді жібергенде таразының иінағашы және табақтары және демпферлі цилиндрлер шайқалмалы жағдайға келеді, ал сыртқы цилиндрлердің ішкі жағы тежеліп, тыныштандырылады да, таразының шайқалуы тез тоқтайды. Осыдан соң таразының бағыттағаны белгілі жағдайға келіп нөлдік нүктеде түрады. Иінағаштың оң жақ сырғасына перпендикуляр түрде 10-нан 990мг-ға дейінгі аз өлшемдерді өлшеуге арналған горизонталь ... бекітілген. Бұл өлшеуіш тастары сақина түрінде болады. Оларды рычаг жүйесінің көмегімен таразының оң жақ бөлігінде орналасқан дисктік түтқаның бұрылысына іледі. Олар цифрлармен бөлінген екі жағы бір-біріне тәуелсіз екі айналмалы дисктен тұрады.Сыртқы дисктің айналмасына 90мг-нан 100,200,300мг-ға дейінгі өлшеуіштер ілінген.

Экран шкафтың артқы қабырғасында орналасқан және арретир дискісін бүрағанда автоматты түрде қосылатын арнайы жарық түсіргішпен жарықтандырылады. Вейтограф шкаласының есебін анықталған салмақтың үшінші және төртінші ондық белгілері көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   155




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет