Оразақын Асқар "Шетте жүрген бауырларға" өлеңі



бет2/2
Дата15.03.2023
өлшемі17,33 Kb.
#172528
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
document name

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)

Ұйымдастыру кезеңі Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? Қанеки, белгі берейік, кім дайын, үш рет қол соғайық. Жарайсыңдар! Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ?!- деп шығыс ақыны Назым Хикмет жырлағандай, бүгінгі сабақта лапылдап білімнің алауын жаға берейік, балалар! Ширату жаттығуы: «Туған жер» әнін шырқау Оқу мақсатын презентация арқылы таныстыру. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе отырып анықтау. Ой қозғау. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін ширату кезеңінде орындалған «Туған жер» әнін еске түсіру. Жетекші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. 1. Ән не туралы? 2. Мына әннен не түсіндіңдер? 3. Қазақ диаспорасы дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болмақ? Жарайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

https://www.youtube.com/watch?v=d933RjSHnJ8 PowerPoint таныстырылымы

Сабақтың ортасы
(31)

Алдыңғы білімді тексеру 1-тапсырма «Тазарған тақта» әдісі арқылы сұрақтар қою. Тақтада әр оқушының фотосы ілінеді, артында деңгейлеріне байланысты сұрақтар берілген. 1. Өлең не себепті «Шетте жүрген бауырларға» деп аталған? 2. Өлең оқиғасын қара сөзбен баяндаңыз. 3. Не себепті ақын шетте жүрген қазақтарды жинағысы келді? 4. Оразақын Асқар қай жылдары өмір сүрді? 5. Қазақтар шетелге қандай себептермен барған? 6. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы қашан құрылды? 7. Өлеңде көтерілген мәселе бүгінгі заманмен үндесе ме? 8. Оразақын Асқар неше жасында Қазақстанға көшіп келеді? ҚБ: «Комментарий» әдісі: оқушылардың жауаптарына комментарий беру арқылы бағалаймын. Саралау: оқушылардың деңгейін ескере отырып,әр фотоның астына сұрақтар жазып қоямын. 2-тапсырма Бұл тапсырма топпен істеледі, сол себепті топқа оқушы партасының астына жапсырылған, «Атмекен», «Туған жер» сөздері жазылған стикерлер арқылы бөлемін. Шығарманы жазған автордың қасиеттерін кестеге түсіріп, өлең арқылы дәлелдеп жазыңыз. Ақынның қасиеттері Менің дәлелім 1 2 3 4 5 ҚБ: топтар «Айналмалы бекет» әдісі арқылы бір-бірлерінің жұмыстарын тексереді, «Микрофон» әдісі арқылы бағалайды. Саралау: Баяу және төмен деңгейлі оқушыларға тапсырма орындау барысында қолдау көрсетемін (скаффолдинг) 3-тапсырма «Кластер» әдісі арқылы адамгершілік құндылықтарды тақтаға жазады. Соның барысында эссеге жол ашылады. Өлеңнен алынған үзінділерді қолданып, өлеңнің идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында әдеби эссе жазу. (баяу ән немесе күй орындалады) І. Кіріспе ( шамамен 4-5 сөйлем) 20-25 сөз ІІ. Негізгі бөлім І тезис + 2 аргумент + пікір ( 40 сөз ) ІІ тезис + 2 аргумент + пікір ( 40 сөз ) ІІІ тезис + 2 аргумент + пікір ( 40 сөз ) ІІІ. Қорытынды ( шамамен 4-5 сөйлем ) 20-25 сөз Бағалау критерийі Дескрипторлар 1. үзінділерді әдеби эссе жазу барасында қолданады 1. өлеңнің мазмұнын біледі 2. әдеби эссе жазу барысында өлеңнен үзінді келтіреді 2. өлеңнің идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады 1. кіріспе бөлімді жазады 2. негізгі бөлімді жазады 3. қорытынды бөлімді жазады 4. өлеңнің идесын адамгершілік тұрғысынан талдайды5. мысалдар келтіре отырып, түсініктерді анық және толық қарастырады 6. қолданылған түсініктері тақырыпқа сай жазады 7. сыни тұрғыда талдай отыра әдеби эссе жазады Кері байланыс:Оқушылар дескрипторларға сүйене отырып, көршісінің жұмысын тексереді. «Менің ойым» әдісі арқылы ауызша бағалайды. Оқушылар эссе жазып жатқан кезде, мұғалім үш оқушының иығына қолын қояды, сол үш оқушы «Автор орындығына» отырып жұмысын оқиды. Саралау: 1. Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында эссенің жазу құрылымын тақтаға іліп қоямын. 2. Ыстық орындыққа төмен, орта, жоғары деңгейдегі оқушылардың жұмыстарын шығарамын.



Сабақтың соңы
(1 минут)

Үйге тапсырма: жаттау

кесте

Рефлексия
(3 минут)

Кері байланыс: «Бүгін мен не білдім?» кестесін толтыру. 1 Аты-жөні 2 Сабақтың тақырыбы 3 Сабақтың мақсаты 4 Бүгін маған не оңай болды? 5 Бүгін маған не қиын болды? 6 Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттім/жетпедім, себебі...

кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет