Организмнің ішкі ортасы


Тірек сызбаны дәптерге көшіру



бет2/2
Дата17.02.2017
өлшемі484,56 Kb.
#9646
түріСабақ
1   2
 

2. Тірек сызбаны дәптерге көшіру.

3. Үйге тапсырма: Тірек сызбаны - жаттау. § 29 - 35 оқу.
СӨЙЛЕСУ БӨЛІМІ

3 сабақ.



Тақырыпты меңгерту. Оқулықпен жеке және жұптық жұмыстар

Мақсаты : Организмнің ішкі ортасы, Қан,лимфа. және олардың құрамы маңызы,

Иммунитет тақырыптары бойынша алған білімдерін өздігінен оқып меңгеруге ықпал ету.



Шарты : 1/ І-ІІ варианттарға тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша оқулықпен жұмыс жасап , жауап жазады.

2/ 15 минуттан соң І-ІІ вариант тапсырмалары ауыстырылып беріледі.

3/ Жауап парағы бойынша өзін-өзі бағалайды.

І вариант

1 - тапсырма

Қанның қызметін тап.

1. құрылыс 4. гуморальді

2. тасымалдау 5. тірек

3. катализатор 6. қорғаныш



2 - тапсырма

Қан құрамы бойынша схеманы толтыр


Қ А Н


3 – тапсырма

Қан түзілетін мүшелерді ата.

1/ -----------------------------------------------

2/------------------------------------------------

3/ -----------------------------------------------

4/ ------------------------------------------------

5/ - ----------------------------------------------



ІІ – вариант

1 - тапсырма

Берілген /1-10/ терминдер бойынша анықтамасын тап /І-ХІ/

1. Су І. Плазмадағы органикалық зат

2. Ақуыз ІІ. Плазманың 90-92 % алып жатыр

3. Май, көмірсу ІІІ. Қоректік зат

4. Гемоглобин ІҮ. Қан ұюына керек зат

5. Ас тұзы Ү. Қан ұйығанда түзіледі.

6. Ыдырау өнімдері ҮІ. Плазмада 0,9 % кездеседі.

7. Фибриоген ҮІІ.Қанға ішектен сіңіріледі.

8. Фибрин ҮІІІ.Қанға жасушадан сіңіріледі

9. Қан сарысуы ІХ..Қанға қызыл түс беретін ақуыз

10. Гармондар Х. Қанның ерігіш ақуызы

ХІ. Жарақаттанған жерді бітеп қалатын, ерімейтін

ақуыз.


2тапсырма

1.Лимфа құрамы,айналымы

2.Иммунитет, түрлері, ЖИТС

3 – тапсырма

Ерекшеліктері

Эритроциттер

Лейкоциттер

Тромбоциттер

Пішіні, құрылысы










1мм3 қандағы мөлшері










Тіршілік ұзақтығы










Қызметі










2.Үйге тапсырма: Тірек сызбаны - жаттау. § 29 - 35 оқу. Қан құрамы, қан құю тақырыптары бойынша рольдік ойынға дайындалып келу.

4 сабақ



Тақырыпты дамыту. Топпен жұмыс. Қан институтына саяхат .Рольдік ойын.

Мақсаты : Қан тақырыбы бойынша алған білімдерін дамыту. Шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету.

Шарты: 1/ Әр рольдегі оқушылар өзі дайындап келген жұмысын қорғайды.

  1. Гемотолог- қан туралы деректер келтіруге болады, қан қызметін баяндайды.

  2. Биохимик- қанның құрамын түсіндіреді.

  3. Физиолог – қанда өтетін физиологиялық процестер.

  4. Кардиолог-жүрек – қантамырлары туралы

  5. Фельдшер қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы айтады.

  6. Қан құю лабораториясында қан құю жолын түсіндіреді.

Мұғалім әркімнің еңбегіне қарай оқушыларды бағалап, сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма. § 29-35 қайталау. Тірек сызбаны жаттау.
5 сабақ

Тақырыпты пысықтау. Танымдық ойындар
Мақсаты : Тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау. «Блиц-турнир», «Алтын қақпа» оқыта үйрету ойындары.

Шарты: 1/ Тарау бойынша негізгі терминдер айтылады. Оқушылар жауап береді. Кім жылдам, көп жауап береді сол жеңеді.

2/ Алтын қақпада - термині айтылады, оқушы жауап береді.

А/ Темір қақпа - ІІІ деңгейлік сұрақ

В/ Күміс қақпа - ІІ деңгейлік сұрақ

С/ Алтын қақпа - І деңгейлік сұрақ
«Блиц – турнир» сұрақтары.

1/ лейкоцит 5/ гемоглобин 9/ рецепиент

2/ көкбауыр 6/ фибрин 10/ эритроцит

3/ тромбоцит 7/ донор 11/ темір

4/ фогоцитоз 8/ салатамыр 12/ көктамыр
«Алтын қақпа» сұрақтары

ІІІ – деңгей

1/ Қанның маңызы

2/ Иммунитет түрлерін ата?

3/ Қанайналым мүшелері



ІІ – деңгей

1/ Фагоцитоз.

2/ Лимфаға тән қасиет

3/ Лейкоцит қайда түзіледі?



І – деңгей

1/ Резус –фактор, аггютинация деген не?

2/ ЖИТС ауруының белгілері.

Мұғалім әркімнің еңбегіне қарай оқушыларды бағалап, сабақты қорытындылайды.



Үйге тапсырма. § 29-35 қайталау. Ғасыр дерті тақырыбына реферат жазып келу. Тірек сызбаны жаттау
6 – сабақ

Тақырыпты бекіту. ЖИТС – ғасыр індеті

Семинар сабақ.



Мақсаты : Қан , ЖИТС , ЖИТС-тің алдын алу туралы оқушылар білімін бекіту арқылы салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Шарты: Қан, ЖИТС , ЖИТС-тің алдын алу туралы оқушылар дайындап келген рефератын қорғайды, өз ойларын ортаға салып талқылайды.

ЖИТС – ғасыр індеті

ЖИТС – жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы, қазіргі кезде көпшілікке СПИД деген атпен кеңінен таралған. СПИД (синдром приобретенного иммунодефицита). Оны тарататын вирусқа 1986 жылы АИВ (адамдағы иммундық тапшылық вирусы) деген ат берілді. Оның орысша аты – ВИЧ (вирус иммунодефицита человека).

АИВ-ына алғаш 1938–1939 жылдары американдық Роберт Галло мен француздық ғалымдар Люк Монтанье сипаттама берді.

1981 жылы АҚШ-ның Калифорния штатында алғаш рет есірткі пайдаланатындардан ЖИТС ауруы тіркелді. Американдық ғалымдар бұл аурудың қоздырғышын тарататын вирустарды Африкадағы адамдардан тапты. Дәл осыған ұқсас вирус кейіннен шимпанзе маймылының қанынан да табылды.

ЖИТС қазіргі кезде дүниежүзінің 190-ға жуық мемлекеттерінде індетті ауруға айналып отыр. Қазір ЖИТС ауруының үш қоздырғышы (АИВ-1, АИВ-2, АИВ-3) белгілі. Вирус қоздырғыштары әсіресе Африкада кеңінен таралғандығы анықталып отыр. АИВ-тары өте өзгергіш келеді, олар тұмау вирустарынан 100 есе көп өзгереді. Вирустардың өзгерген бір тобына әсер ететін дәрілер олардың екінші тобына әсер етпейді. ЖИТС ауруынан жазылған дүние жүзінде бірде-бір адам тіркелген емес.

АИВ-ның құрылысы электронды микроскоп арқылы анықталды. Оның сыртқы пішіні гүлге ұқсас. Сыртқы қабығында бүртікті өскіндері бар. Өскіндері арқылы иесінің жасушасына бекінеді. Вирустың қабығы ерекше нәруыз бөліп, жасуша жарғақшасымен қосылады. Вируспен зақымданған жасушалардың жарғақшалары өзара қосылып, көп ядролы жасуша пайда болады. Вирусы бар жасушаға ағзада түзілген қарсыденелер әсер етпейді.

АИВ-ынан лимфоцит жасушалары зақымданатындықтан ағзадағы иммундық жүйенің қызметі бұзылады. Ол ағзада ұзақ уақыт ешбір өзгеріссіз сақтала береді. Вирустың өсуіне қолайлы жағдай туған кезде, оның белсенділігі артады. Вирус Т-лимфоцит жасушаларын көптеп жоятындықтан, ағзада иммундық тапшылық пайда болады. Қанның құрамындағы Т-лимфоциттері жасушалық және гуморальдық иммунитеттерді қалыптастыратыны өздеріңе бұрынғы тақырыптан белгілі.

ЖИТС ауруларының белгілері. Аурудың алғашқы кезеңінде денеде безгек ауруына ұқсас діріл пайда болады. Лимфа түйіндері ісінеді. Тері бөртіп бірте-бірте жараға айналады. Вирустың әсерінен адам азады, дене температурасы көтеріледі, іш өтеді. Қаназдық байқалып адам шаршайды, буыны сырқырап, бас ауырады. Өкпе қабынады, теріде пайда болған жаралар қатерлі ісікке айналуы мүмкін.

АИВ-тың таралу жолдары. ЖИТС ауруы көбіне жыныстық қатынас арқылы таралады: біріншіден – ЖИТС ауруымен ауырғандармен жыныстық қатынас кезінде; екіншіден – АИВ-ның қоздырғышы бар адамдармен жыныстық қатынас кезінде жұғады. АИВ-ның таралуы қан арқылы да жүреді. Бұл көбіне қан құю, ұлпалар мен мүшелерді ауыстырып салған кезде таралады.

АИВ таза емес медициналық құралдарды (инелерді, шприцтерді және т. б.) пайдаланғанда жұғады. Мұндай жағдай көбіне есірткі пайдаланушылар арасында жиі кездеседі.

АИВ жезөкшелік арқылы кеңінен таралатыны анықталған. Вирустың жалпы таралуының 40% осы жолмен жүзеге асады. Африка мемлекеттерінде вирус қоздырғышының 90% жезөкшелер арқылы таралады.

АИВ анасы арқылы баласына ұрықтың даму кезінде, туғанда қанмен, емізгенде сүтпен таралады. Жоғары айтылған АИВ-ның таралу жолдарынан өте сақ болу қажет. Әрбір саналы адам ЖИТС ауруының аса қауіпті індет екенін естен шығармауы тиіс.

АИВ жөтелгенде, түшкіргенде ауа арқылы таралмайды. Күнделікті қол алып, құшақтасып амандасу кезінде, моншаға түскенде вирус жұқпайды. Жәндіктер шаққан кезде де таралмайтыны анықталған.

ЖИТС ауруы қазіргі кезде дүние жүзінде өте қарқынды таралып жатқан індет. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ – всемирная организация здравохранения) мәліметі бойынша қазір Африкада – 2,5 млн, Америкада – 2 млн, Европада – 500 мың, Азия мен Мұхит аралдарында – 100 мың адам АИВ-ын жұқтырған. Дүние жүзінде күніне ЖИТС ауруымен ауырғандардың 7000 өмірімен қоштасады, ал 16000 адам АИВ-ын жұқтырады.

Қазақстанда нақты деректер бойынша 2004 жылға дейін 4000-нан астам адам ЖИТС ауруымен ауырған. Олардың 24-і 14 жасқа дейінгі балалар. Елімізде ЖИТС ауруынан 123 адам қайтыс болды.

Қазіргі ғылым жетістіктері тек АИВ-тарының өсуін ғана баяулатады. ЖИТС қоздырғыштарын химиялық заттар (хлорамин, хлорлы ізбес), спирт, қайнату арқылы залалсыздандыруға болады.

ЖИТС ауруын емдеп жазу шаралары әлі анықталған жоқ. Сондықтан бұл ауруға қарсы тек алдын алу жұмыстары ғана жүргізіледі. ЖИТС ауруының алдын алу шараларын жалпымемлекеттік және жеке адамның сақтану шаралары деп бөледі. 

Жалпымемлекеттік шаралар:

1. Қан беретін адамдарды және ағзаға құйылатын қанды мұқият тексеруден өткізу.

2. Есірткіге және жезөкшелікке қарсы күресті барынша күшейту.

3. Емдеу мекемелерінде санитарлық ережелерді қатаң түрде сақтау.

4. Тұрғындарды жүйелі түрде медициналық тексеруден өткізіп тұру.

5. Көпшілік арасында санитарлық үгіт-насихат жұмыстарына ерекше көңіл бөлу. 



Жеке адамның сақтану шаралары:

1. Әрбір адам өзінің жеке басының гигиеналық ережелерін сақтау.

2. Салауатты өмір сүру салтын ұстану.

3. Оқтын-оқтын қан тапсырып, тексеруден өтіп тұру.

 

Үйге тапсырма. § 29-35 қайталау. Тест , сынаққа дайындалып келу.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

7 сабақ



Т Е С Т

І - вариант

1. Қан қай ұлпаға жатады?

а/ дәнекер; ә/ бұлшық ет; б/жабын; в/ жүйке; г/май



2. Қан дене салмағының қанша проценті?

а/ 7%-і ; ә/ 10%-і в/ 15%-і; в/20%-і; г/25%-і



3. Плазма қанның қанша проценті?

а/ 60% ; ә/ 75% ; б/ 80% ; в/ 85% ; г/ 90%



4. Қан плазмасының құрамы:

а/ сарысу; ә/ эритроцит; б/ тромбоцит; в/ лейкоцит; г/фибриноген



5.Эритроциттер қай мүшеде түзіледі?

а/ бауырда; ә/бүйректе; б/ сүйектің қызыл майында ;

в/ көк бауырда ; г/ лимфа түйіндерінде

6. Эритроциттер қай мүшеде ыдырайды?

а/ қызыл майда; ә/ бауырда; б/ көк бауырда; в/ бүйректе



7. Лейкоциттер қай мүшеде түзіледі?

а/ бауырда; ә/бүйректе; б/ сүйектің қызыл майында ;

в/ лимфа түйіндерінде ; г/ көк бауырда

8. Ядросы бар қан жасушалары:

а/ лейкоциттер; ә/ тромбоциттер; б/ сарысу; в/ плазма;

г/ эритроциттер

9. Ұлпа сұйығының қасиеті:

а/ жасушаны жауып жату; ә/ тасымалдау; б/ лимфаны сүзу;

в/ СО2 тасу ; г/ О2 тасу.

10. Қан тазартатын мүше :

а/ өкпе; ә/ бауыр; б/ бүйрек; в/ асқазан; г/ жүрек


І І - вариант

1. Бөгде бөлшектерді жұту және қорыту:

а/ фагоцитоз; ә/ иммунитет; б/ пиноцитоз



2. Егу дегеніміз не?

а/ өлген не әлсіреген ауру қоздырғышын енгізу; ә/ дайын антиденелерді

енгізу ; б/ дәрі препараттарын енгізу.

3. Қанұйық /тромба/ негізін құраушы:

а/ фибриноген; ә/ фибрин; б/тромбопластин; в/ тромбин; г/ протромбин



4. Қан аздықтың себебіне не жатады?

а/ эритроциттер санының азапюы; ә/ гемоглобиннің азаюы;

б/көп қан кету; в/ сүйек қызылмайы қызметінің өзгеруі;

г/ мүшелердің қанайналымының ұлғаюы.



5. Эритроциттер қызметінің ұзақтығы :

а/ 3 -4 ай ; ә/ 3-5 ай ; б/ 15 күн ; в/ 7 күн ; г/ 20 тәулік



6. Қандағы лейкоцит мөлшері :

а/ 4,5-5 млн; ә/ 10 млн; б/ 9-10 мың ; в/ 6-2 мың ; г/ 300-400 мың



7. Ересек адамдағы қан мөлшері :

а/ 1 л қан; ә/ 10л қан; б/ 5л қан; в/ 7л қан; г/ 11л қан.



8. Ұлпа сұйығының орны:

а/ ұлпа мен жасуша арасында; ә/ ұлпалар арасында;

б/ қан тамырларында; в/ қан плазмасында; г/ көк бауырда

9. Лимфа неден түзіледі?

а/ ұлпа сұйығынан; ә/ қаннан; б/ қан плазмасынан;

в/ қан элементтерінен.

10. Лимфа қайда құяды ?

а/ қолқа, б/ қуыс көктамыр, в/ оң жақ жүрекше



Дұрыс жауаптары :

І вариант: 1 - а , 2-а, 3-а, 4-а, 5-а, 6 –б, 7-а,б,в, 8 –а, 9-бәрі, 10 а,ә,б.

ІІ вариант: 1 - а , 2-ә, 3-ә, 4-а,ә,б, в, 5-а, 6 – в, 7-б, 8 –а, 9- а, 10-б.



С Ы Н А Қ


1 – билет

1/ Қан, құрамы , маңызы қандай ?

2/ Қан қысымы дегеніміз не?





2 – билет

1/ Тромбоциттер, маңызы

2/ Фагоцитоз дегеніміз не?





3 – билет

1/ Қан қандай қызмет атқарады ?

2/ Салатамыр, көктамыр, қылтамырлар құрылысының ерекшелігі неде?




4 – билет

1/ Иммунитет дегеніміз не, қандай түрлерін білесің ?

2/ Резус – фактор дегеніміз не?




5 – билет

1/ Лейкоциттер, маңызы.

2/ Қанның ұю механизмін түсіндір.





6 – билет

1/ Темекі, алкогольдің зияны неге негізделген ?

2/ Емдік сарысу дегеніміз не?



Үйге тапсырма : Жүрек, қан тамырлары жүйесіне дайындалып келу.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Әлімқұлова Р , Р. Сәтімбеков Биология Алматы «Атамұра» 2004 жыл

2. Анисимова В.С. т.б. Адам анатомиясы бойынша оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы. Алматы «Мектеп», 1980ж.

3/ Биология және салауаттылық негізі журналы №1-4. 2003 ж.

4. Жөкебайқызы С. Тәнтану. Алматы «Рауан», 1998ж.

5/ Энц.словарь юного биолога. Москва «Педагогика» 1986 г.



6/ Юсопова М.М.. Адам анатомиясының практикумы. Алматы «Мектеп», 1979 ж.




Каталог: bake portfolio -> jana tehnologia
bake portfolio -> §48. Мәдени өсімдіктердің және үй хайуанаттарының пайда болу орталықтары. Саңырауқұлақтардыжәне ұсақ ағзаларды
jana tehnologia -> Сабақтың мазмұны Уақыты Кіріспе бөлімі 1 сабақ Модуль құрылысымен таныстыру
jana tehnologia -> Тыныс алу жүйесі Ағыбаева Бағила
bake portfolio -> Шиелі аудандық білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті
jana tehnologia -> Биология 8 – сынып Ас қорыту жүйесі
bake portfolio -> Аудандық білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті әдіскер Әбішев Бауыржан Әлтайұлының 2010-2011 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс
bake portfolio -> Білімі: жоғары Санаты: ІІ еңбек өтілі: 10 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет