Организмнің реактивтілігі


Омыртқа бағанасы ауытқуларынан



бет7/12
Дата07.02.2022
өлшемі53,11 Kb.
#83957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
125 инф(1)

Омыртқа бағанасы ауытқуларынан және остеохондроз дамуынан ішкі ағзалардың жүйкелік реттелулері бұзылып, олардың қызмет атқару қабілеті қалыптыдан өзгереді. Мәселен, остеохондроз кезінде жергілікті көріністермен қатар дербес жүйкелік және нәрленістік бұзылыстар, рефлекстік жүйкелік-қантамырлық өзгерістер байқалады. Кеуде омыртқаларының остеохондрозы кезінде жүрек қыспасына ұқсас төс астында және жүрек аймағында қатты ауыру сезімі болады. Ол коронарлық артериялардың рефлекстік қатты жиырылуы нәтижесінде дамуы мүмкін.
Құздамаға ұқсас полиартриттерді қабынуға қарсы бейстероидтық дәрілермен емдеуден асқазанда ойық жаралар жиі дамиды. Өйткені бұл дәрілер асқазан қабырғасында циклоксигеназа ферментінің белсенділін бөгеп, Е тобындағы простагландиндер түзілуін азайтады. Содан асқазан қабырғасының қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады, тұз қышқылының өндірілуі артады, асқазан сөлінде шырыш пен бикарбонат анионы азаяды.
Нашақорлар мен маскүнемдерде де организм реактивтілігі қатты өзгереді, оларда дерт көптеген ағзалардың бүліністерімен аяқталады.
Ұзақ ашыққаннемесе сапасыз қоректенген адамдарда тағамда нәруыздардың, витаминдердің, микроэлементтердің тапшылығынан тіндерде нуклеин қышқылдары мен нәруыздардың түзілуі қатты азаяды. Тағамда нәруыздардың тапшылығы және олардың сапасыздығы денеде май түзілуін арттырып, гипрелипидемия, дислипопротеидемия, жасуша мембраналарында липидтердің асқын тотығуы дамуына әкелетін майлар мен көмірсуларының алмасуын өзгертеді. Содан организмнің глюкозаға шыдамдылығы және оның сырттан енгізілетін инсулинге сезімталдығы азаяды (Н.Н.Рыспекова). Тағамда нәруыздардың және витаминдердің аздығынан анемия, иммунитеттің әлсіреуі және аурутуындататын ықпалдарға организмнің төзімділігі төмендеуі байқалады, қабыну баяу өтеді, жараның бітуі ұзаққа созылады. Эксперименттік жануарларды нәруыздары өте аз тамақпен қоректендіру кездерінде қантты диабет жеңіл дамиды және ол өте ауыр өтеді (Н.Н.Рыспекова).
Организмнің бейспецификалық реактивтілігіне қазіргі адамдарға тән қимыл-қозғалыстың және қол жұмысының аздығы қомақты әсер етеді. Мәселен, тәжірибелік жануарлардың қимыл-қозғалысын ұзақ шектеуден қантты диабет кезіндегідей көмірсулары мен майлардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде липолиз артып гиперлипидемия, атерогендік липопротеидтердің көбеюімен көрінеті дислипопротеидемия байқалады, глюкоза енгізгенде гипергликемия ұзақ сақталады. Гипокинезия кезінде жануарлардың қансырауға төзімділігі азаяды. Бұл кезде қансырауға жануарлар тыныс алуын және жүрек соғуын жиілетіп жауап қайтармайды (С.П.Лобанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет