Қоры басып шығАРҒан «ОҚУҒа тиіс 10 кітап»



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата23.02.2023
өлшемі241,44 Kb.
#169881
түріМазмұндама
1   2   3   4
Байланысты:
Илон Масктің өмір жолы Мазмұндама қоры
2 5190410411769334363, LBSPJXCJPITA08122022173145
SOLARCITY МЕН HYPERLOOP 
 
2006 жылы Илон Масктің немере бауырлары Питер мен Линдон Рив жаңа 
технология саласына қадам басып, күн батареяларын орнатумен 
айналысатын SolarCity компаниясын құрды. Олар Америкадағы үйлердің 
шатырларын қолжетімді күн панельдерімен жабдықтауды алдарына мақсат 


етіп қойды. Жаңа құрылған компанияның акционері әрі директоры қызметін 
Маск атқарды. 
Әрине, күннен қуат алатын құрылғыларды ойлап тапқан SolarCity-дің негізін 
қалаған ағайындылар емес еді. Олар тек осы құрылғыларды коммерциялық 
тұрғыдан пайдалану жүйесін ғана ретке келтірді. Соның нәтижесінде бұл 
жүйе жаппай қолданысқа енгізілді. 
Ал шындап келгенде, күн панельдерін жасап орнатудың өзі шығыны көп 
шаруа. Бұл кәсіпті дамыту үшін SolarCity-ге де қомақты көлемде қаражат 
жұмсауға тура келді. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа 
инвестициялық техникалар қарастырылды. Осындай құрылғылар өндірісін 
қаржыландыру және жеке инвесторлар алатын лизингілік ұсыныстарды 
арнайы пакеттерге жинақтау үшін Уолл-стриттегі ірі фирмалармен 
келісімдер жасалды. 
Бұл кезде күн батареяларына деген сұраныс жоқ болатын. SolarCity бұл 
мәселенің де шешімін тапты. Ол үшін компания Американың Қорғаныс 
министрлігімен бірқатар келісімдер жасап, күн панельдерін әскери 
қызметкерлердің үйлеріне орнатты. 
Міне, осындай жан-жақты ізденіс пен табанды еңбектің арқасында SolarCity 
күн батареяларын қондырумен айналысатын аса ірі америкалық компанияға 
айналды. Оның қызметі жеке тұлғалармен қатар, Walmart және Intel тәрізді 
фирмаларды да қамтыды. 2014 жылы SolarCity-дің құны 7 миллиард долларға 
жуықтады. 
Илон Масктің кәсіпорындары қоғамға пайдалы озық технологияларды 
дамытумен қатар, бір-бірін толықтыра отырып, өзара үйлесімді жұмыс істеді. 
Мысалы, Tesla шығарған аккумуляторларды SolarCity сатты және керісінше, 
Tesla-ның қуаттандырғыш стансалары SolarCity-дің күн батареяларымен 
жұмыс істеді. 
Жаңа технологияға жаны құмар Масктің идеялары мен жоспарлары 
шынымен-ақ таңғалдырады. 2013 жылдың тамызында ол өзінің Hyperloop 
атты ауқымды жобасын көпшілікке жария етті. Лос-Анджелес пен Сан-
Франциско арасындағы жедел теміржол қатынасының үкімет бекіткен 
жобасына көңілі толмаған Маск мүлде басқа үлгідегі жоғары жылдамдықты 
желі жасауды ұсынды. 
Hyperloop дегеніміз автомобиль, пойыз, кеме және ұшақ тәрізді жолаушылар 
көлігінің мүлде жаңа түрі. Ол жер бетіндегі құбырлар желісі түрінде 
жасалады. Қысымы төмен құбыр ішіндегі ауа қапшығының үстінде 
жылдамдығы сағатына 800 миль- re (1220 шақырым) дейін жететін арнайы 
капсулалар жылжып жүретін болады. Бұл капсулалар электромагниттік 
импульстің көмегімен қозғалады. Ал құбыр желісінің ұзына бойына 
орналасатын, күн батареяларымен жұмыс істейтін қозғалтқыштар оларға 


қосымша қуат беріп тұрады. Мұндай көлік Лос-Анджелес пен Сан-
Франциско арасындағы 600 шақырымдық қашықтықты жарты-ақ сағатта 
жүріп өтеді. 
Қарап отырсаныз, шынымен-ақ адам таңғалатын жоба. Міне, осы жобаны 
жүзеге асыру үшін бірнеше жылдардан бері әртүрлі сынақтар жүргізілуде. 
Бірақ әзірге оның нақты қай күні іске қосылатыны айтылған жоқ. 
ТАМАША ЖОБАЛАРДЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ӨМІР 
Көңілді көкке көтеретін жетістіктер мен еңсені түсіретін сәтсіздіктерден 
құралатын соқтықпалы-соқпақты өмір жолында қуанышыңды бөлісетін, 
қиналғанда демеу болатын отбасының орны бөлек екендігіне ешкім дау айта 
алмас. Илон Маск тәрізді танымал тұлғаның өмірін сөз еткенде оның отбасы 
туралы айтпай кетуге болмас. 
Мінез жағынан алғанда, Маск кез келген жанмен оңай тіл табысып, татуласа 
бермейтін адам екендігі белгілі. Оның отбасылық өмірі соның айқын дәлелі. 
Ол қиялшыл әрі қызба мінезді. Осы кезге дейін үш рет әйел алып, бір әйелге 
екі рет қайта үйленгені де сол мінезінің салдары. 
Илон алғаш отбасын құрған кезде де жүрегі жұмсақ ықыласты отағасы бола 
қоймады. Оның бірінші әйелі Жюстин ерінің осы мінезін: «Бірде қатты 
ашуланған сәтте оған мен сенің қызметкерің емес, әйеліңмін дедім. Сонда ол 
егер сен менің қызметкерім болсаң, жұмыстан шығарып жіберер едім деді», 
деп есіне алады. 
2008 жылдың маусымында Илон Жюстинге қатаң талап қойып, не дәл 
бүгіннен бастап некемізді сақтап қалуға кірісеміз, не таңертең мен ажырасуға 
өтініш беремін дегенді айтады. Жюстин одан бір апта мұрсат беруін сұрайды. 
Ал Маск болса, айтқанындай- ақ ертесінде барып некені бұзу туралы өтініш 
жазады. 
Отбасынан ажырау Илонға өте ауыр тиді. Қатты күйзелген ол жаңсақ 
қадамға барудың аз-ақ алдында жүрді. Оның осы жағдайын жақсы түсінген 
жақын досы Билл Ли бірде оған демалысқа шығып, Лондонға барып көңіл 
көтеріп қайтуды ұсынды. Досының ұсынысын құп алған Илон Лондонда 
жүргенде 22 жасар актриса Талула Райлимен танысты. Содан көп ұзамай- ақ 
Талуламен бас қосты. 
Бастапқыда сырт көзге Илон өзінің жарасымды жұбын тапқандай болып 
көрінді. Әрдайым көңілді жүретін мінезі ашық Талула Жюстинге қарағанда 
басқаша болатын. Соның өзінде бұл некенің ғұмыры екі жылдан аспады. 
Ортақ тіл табыса алмаған ерлі-зайыптылар ақыры 2012 жылы заңды түрде 
ажырасып тынды.


Дегенмен өзара қарым-қатынастарын сақтаған Маск пен Райли 2013 жылы 
қайтадан некеге отырды. Өйткені Илон жұмыс кестесі өте тығыз 
болғандықтан қызбен кездесуге барып жүретін уақытым жоқ деп шешкен. 
Алайда бір жылдан кейін олар тағы да ажырасты. 
Жұрттың көбі Маскті айтарлықтай қатыгез әрі мейірімсіз, мінезі шәлкес адам 
деп санайды. Соның мысалы ретінде онын ең адал көмекшісі Мэри Бет 
Браунға жасаған әділетсіздігін, байғұс әйелді жаны ашымастан жұмыстан 
шығарып жібергенін тілге тиек етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет