Орындаған : Қожахметова Л


Баланың мінез-құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру



бет3/13
Дата07.02.2022
өлшемі67,38 Kb.
#83286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
балаларды саналы тәртике тәрбиелеу

1.2 Баланың мінез-құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру.
Бүгінгі таңда бала тәбиелеуде біздің мұғалімдер мен ата-аналарды толғандыратын мәселе - жасөспірімдерді жаман қылықтан сақтандырып, өмірдегі өз орнын , өз жолын жаңылмай табатын көздеген мақсаты үшін күресе білетін талантты да табанды ұрпақ тәрбиелеп өсіру . Осы орайда бала тәрбиесін қалай жүргізуге болады? Олардың қателіксіз тіршілік етуі үшін мінсіз тәрбие беру жолдары қандай? Оларды саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеуді қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақтар туындайды.
Саналы тәртіп оқушыларға ата-аналармен , оқушылар ұйымымен, жұртшылықпен мектеп жасайтын тәрбиелік ықпалдылық нәтижесі болып табылады . Сонымен бірге оқушылардың саналы тәртібі үшін сабақтың табыстылығы, мектепте қатаң режим мен тәртіптің болуын қамтамасыз ету - өте қажетті міндетті шарт.Мектепте бекітілген оқушыларға арналған ереженің де мәні зор. Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жақсартуға олардың мінез-құлқын бағалау және оқудағы , қоғамдық жұмыстарды атқарудағы табыстарын мадақтап отырудың мәні зор. Бұл бағытта оқушылардың саналы тәртіп пен мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеуді жақсарту педагогтардың бірінші кезектегі міндеті . Бұл міндетті жүзеге асыруға мектептегі «Оқушылар» ұйымы «Болашақ» ұйымы, «Жастар » комитеті , «Жігер» ұлдар ұйымы, «Жауқазын» қыздар ұйымы көмектесе алады . Олардың жоспарлы іс-әрекеті оқушылардың өзін-өзі басқаруын жүзеге асырады.
Өзін- өзі басқару - оқушыларды қоғамдық белсенділікке және саналы тәртіпке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оқушылар тек орындаушығана емес , ұйымдастырушы да бола алады. Ұйымдастыру жұмысы оқушы үшін өте күрделі, сондықтан сынып жетекшінің сынып белсенділеріне үнемі көмек көрсетіп, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруы аса маңызды . Оқушылар үшін сынып жетекшінің әрбір қимылы, іс-әрекетінің тәрбиелік мәні зор. Сондай- ақ тәртіпті мінез -құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыруда сынып жетекшінің әр түрлі , нақты және мақсаттылықпен ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы қызметінің үлкен мәні бар . Өмірде еңбек пен тәртіп қатар жүреді . Оқушылар болашақта қандай мамандық иесі болмасын еңбек тәртібін талап етушілікпен кездеспей қоймайды . Балалардың бойында еңбек ету ынтасын, еңбек ету қажеттілігін ояту , кез келген жұмыстан қоғамдық ойды көре білуге үйрету , оны жігермен , ынтамен орындату өте маңызды. Бұл орайда сынып бөлмесінің тазалығынан бастап кезекшілік атқару , рейдтерге , сенбіліктерге қатысуды атап өтуге болады. Сыныптың мектеп бойынша кезекшілік атқаруы ұйымдастырушылық дағдылар алуға көмектеседі. Саналы тәртіпке тәрбиелеудің маңызды шарты –педагогтар мен оқушылардың өзара қарым -қатынасының дұрыс орнауы.
Оқушылармен жұмыс істей отырып сынып жетекшісі сынып оқушыларында қалыптасқан мінез-құлықтың ұнамсыз тұстарын жоюға , оларды қайта тәрбиелеуге тура келетін жағдайлармен ұшырасып отырады. Мұндай кезде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін жүзеге асырған тиімді.Әрбір жас мінез-құлқының жаман, жақсы сын ой таразысына салып, алдына таудай талаптар қойып, оны орындау жолын қарастырады. Оқушылардың арасында ой-армандарын күнделікке түсіретіндер жиі кездеседі. Күнделік- оқушының өзін-өзі тәрбиелеу ісіне психологиялық жағынан құнды құжаттардың бірі. Өзін-өзі тәрбиелеу бағытында ұлы Абайдың қара сөздері көп көмектесетіні даусыз.
Талап қоюшылықты құрмет көрсетуге қарсы қоюдан сақтану керек. Біздің балаларға қоятын талабымыз -оларға білдірген сенімінің көрінісі. Мектепте , одан тыс жерлерде мінез-құлық ережелерін бұзатын оқушы болса , онымен жеке жұмыс жүргізіліп , оның сынып ұжымымен үнемі байланыста болуын қадағалау керек. Сынып жетекші сыныпты топтастырады, сынып сағатын , сынып жиналысын уақытында өткізеді , белсенді оқушылардың қызметін бақылайды, кезекшілік ұйымдастырады, барлық мұғалімдердің өз сынып оқушыларына бірдей талап қоюын бақылайды, сондай-ақ ата-аналармен тығыз байланыс орнату тиіс. Әрбір пән мұғалімі оқушылардың сабақ үстіндегі мінез- құлқының тәртіптілігін ұйымдастырады, оқу тапсырмаларын бақылайды, сабақта, сабақтан тыс кезде де оларға бірыңғай талап қояды . Сөйтіп мектептегі барлық мұғалімдердің , олардың қоғамдық ұйымдармен келісілген іс-әрекеті оқушыларды саналы тәртіпке, мінез –құлық мәдениетіне тәрбиелеу жөніндегі жұмыстардың табысты болуын қамтамасыз етеді.
Қорыта айтқанда, ата-ана мен мектеп бірлестікте жұмыс жасай отырып, адамгершілігі мол, өз ісіне есеп бере алатын саналы ұрпақ тәрбиелеуге жұмылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет