Орындаған: Азамат Аида



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі21,86 Kb.
#80724
  1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ ҚОӘ
1-ші ДКР анализі 2- курс І жарты жылдық 18-19 Математикадан , 1-ші ДКР анализі 2- курс І жарты жылдық 18-19 Математикадан , 16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8-сын, Күнделік практика, Күнделік практика, Күнделік практика, Knowledge itself is a power 2

СӨЖ
Тақырыбы:

Орындаған: Азамат Аида
431 топ

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері туралы да ғалымдардың пікірлері әр түрлі. М.Балакаев сөз бен сөзді байланыстыруға дэнекер болатын синтаксистік тәсілдерге септік, тэуелдік, жіктік, көптік жалгауларын жэне шылауларды (септеуліктер, жалғаулықтар), сөздердің орын тэртібі мен интонацияны жаткызады да, сөздердін косымшалар арқылы байланысуын синтетикалык тэсіл, ал қосымшаларсыз орын тэртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық тэсіл деп карайды.Р.Әміров синтетикалық тэсілге септік, жіктік, көптік жалғауларын, шылаулар(жалғаулық, септеудік), сөздердің орын тэртібі мен интонацияны аналитикальщ тәсілге жатқызады. О.С.Ахманова, Т.Сайрамбаевтар сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін синтетикалық, аналитикалық, аналитика- синтетикалық деп үшке бөледі.


Біздің ойымызша, оқулыктагы сөз тіркесі туралы түсініктен бүрын койылған сөздердің байланысу тәсілдері де, байланысу түрлері де сөз тіркесі нысанасында каралуы кажет. Себебі қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстыратын амалдар алуан түрлі. Осындай тәсілдердің аркасында сөздер өзара байланыска түсіп, тізбектеліп, сөйлем кұрамына енеді. Сөздер бір-бірімен байланысқанда белгілі бір заңдылыктарға сүйеніп байланысады. Мәселен, жүгіре-жүгіре шаршады тіркесін алайық. Осындағы жүгіре-жүгіре сөзі қосарлану тэсілі арқылы жасалған, яғни қос сөзге тән тәсіл, бірақ нэтижесі сөз тіркесі емес, қос сөз. Сол сиякты Ботакөз, итмүрын, соқыртеке сөздеріндегі байланыстыру амалы — бірігу тэсілі, нәтижесі біріккен сөз. Әрине, біріккен сөздер тарихи тұрғыдан алғанда сөз тіркесінің қатарына жатқаны күмэн туғызбайды. Бірақ тілдің дамуы барысында олар сөз тіркесі құрамынан шыгып, біріккен сөзге айналған. Сөздердін байланысу тәсілдерін окулықтарда: 1/ қосымшалар арқылы байланысуы; 2/ септеулік шылаулар аркылы байланысуы; 3/ орын тэртібі аркылы байланысуы; 4/ интонация арқылы байланысуы деп береді.
Сөз тіркесінің қосымшалар арқылы байланысуын сөз еткенде мынаны нақтылай түсу керек. Байланыстың бұл түріне көптеген еңбектерде көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары жаткызылып жүр. Әрине, септік, тәуелдік жалгаулары аркылы байланысқан тіркестер күмэн туғызбайды. Бірақ көптік жалғаулары әр уақытта сөз бен сөзді байланыстыра алмайды, тек өзі жалганған сөзге көптік мағына үстейді. Қазак тілінде көптік жалғау 2-жакта жіктік жалғауымен қабаттасып келгенде ғана сөз байланыстыруға катысады: сендер оқушысыңдар, сендер келгенсіңдер, отыргансыңдар, сендердің айтқыларың келмейді.Ал жіктік жалғауы арқылы жасалган сөз тіркестері сөйлемнің каңқасын құрайды, себебі жіктік жалғауы арқылы байланыскан сөздер көбінесе бастауыш жэне баяндауыштан тұрады, бір-бірімен қиыса байланысады. Сондыктан қиыса байланысқан сөз тіркестері сөйлемнін аясында қаралуы керек. Себебі, қиысу екі жақты байланысқа негізделеді, яғни бірінші сөз атау септігінде тұрып, екінші сыңары атау септікте тұрған сөздің кай жақта тұруына қарай сол жақтағы жіктік жалғауда жұмсалады. Сол жіктік жалғаудың жак түріндегі тұлғасына карай бірінші сөз де семантикасы арқылы белгілі жақта тұрады. Бірақ бұл байланыс субъектілік-предикаттық қатынаста жұмсалатындықтан сөз тіркесі болмай, сөйлем болады. Міне, сондықтан да көптік жалғауы сиякты жіктік жалғауы да сөз тіркесінің байланысу тәсілдерінің катарына ене алмайды.Кейінгі кездері ғалымдар косымшалар аркылы байланысу тәсіліне көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланысқан сөз тіркестерін де жатқызып жүр. Мэселен, мен етпеттей жыгьілдым (Ж.Тэшенов). Андамай сөйлеген ауырмай өледі (Мақсиі). Жапырақ көгермей солды, жастық гүлденбей влді (Макал). Сөйлемдеріндегі етпеттей жыгылдым, аңдамай сөйлегенаУырмай өлер, квгермей солды, гүлденбей өлді тіркестері көсемшенің -й *¥рнағы арқылы өзінен кейінгі сөзбен байланысып тұр. Алайда, сөз тіркестеріндегі сөздердің жұрнактар арқылы байланысуы жалғаулар аркылы байланыскан сөздердей актив құбылыс емес. Дегенмен тіл фактілерінде кездесіп отырады.
Сөздердің орын тәртібі аркылы байланысу тәсілінің қосымша тәсілінен өзіндік ерекшелігі бар. Яғни косымшалар аркылы байланысқа түскен сөздер орны жағынан біршама жылжымалы, еркін болатын болса, косымшасыз байланыскан сөздердің орны тұракты, орныкты болады. Орын тәртібі арқылы байланыскан биік тау, үлкен бөлме, алтын сагат тэрізді тіркестерді тау биік, бөлме үлкен, сагат алтын деп өзгертетін болсақ, онда бұл тіркестер предикаттык катынасты білдіреді. Демек, сөздердің орын тәртібі тэсілі сөз тіркесіне катысты грамматикалык мағыналарды айкындауда жетекші кызмет аткарады. Орын тэртібі аркылы байланысқан сөз тіркестерінің күрделі сөздер мен тұракты тіркестерге өте ұксас екенін айта кету кажет, мәселен, жүрек жапгау, қол көру, Аяз ата, т.б.
Интонация тәсілінің есім сөздерден жасалған сөйлем мен анықтауыш сөздерден жасалған сөз тіркестерінің жігін ажыратуда аткаратын кызметі зор. Мысалы, Бұл — мұғалім, бұл мұгалім. Бірінші сөйлемде бұл сөзінен кейін кідіріс жасап айтсак, сөйлем болады, себебі, бастауыш баяндауыштык кұрылым бар. Ал екіншісінде кідіріс жасамасақ, аныктауыштық катынастағы сөз тіркесі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет