Орындаған: Еменшеева. А тексерген



Дата07.02.2022
өлшемі18,17 Kb.
#94163
түріСабақ
Байланысты:
Мән жазба 2 каллиграфия
2016 кун жоспар, ДТжС-жеңіл-атлетика, 2016 кун жоспар

С.Баишиев университеті

Тақырыбы: 1. Кері дизайн 2. Оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау мен шарттар
Орындаған:Еменшеева.А
Тексерген: Пиримжанова.А
2020 жыл
Кері дизайн оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. (1,37-б) Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда reflexio- кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия- адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын оқытуда «Бас. Жүрек. Қол» рефлексиясын жүргіздік. Оқушылар баспен Ақсақ Темірдің тарихтағы орнын, жорықтарын еске түсірді, жүрекпен баллададағы оқиғаларды сезінгенін және сыныптағы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтты, ал қолмен тапсырмаларды орындағандарын жеткізді.
2. ОҚУ ҮДЕРІСІН РЕТТЕУДЕГІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ МЕН ШАРТТАР
Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдеріс қатысушыларын оқу сапасын арттыруда жаңа ақпараттармен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Күнделікті оқу барысындағы оқу үлгерім көрсеткіші. «Білім беру бағдарламасын тұрақты жетілдіруде өзіндік орны бар» бағамдау үдерісін сипаттау үшін «қалыптастырушы» деген терминді алғашқы болып Майкл Скривен қолданған (Скривен, 1967, 41-б.) деген факті кең тараған.Мұғалім тәжірибесінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді алға қояры сөзсіз. Атап айтсақ:
• оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну; • білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
• білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;
• білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
• білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады.Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі мына кезеңдерде жүзеге асады: жоспарлау, ұйымдастыру, әдістерді таңдау, нәтижені бағамдау, кері байланыс орнату.Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінде оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамти отыра жоспарлайды:оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен таныса отыра, әр оқу мақсаттарына талдау жасай отыра сәйкестендіріп, оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;Сонымен қатар тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу; бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру; әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру. Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы қажет,себебі қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге жағдай жасайды.Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім өз тәжірибесінде рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның кері байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау жүргізу қажет.Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет