Орындаған: Нұрбақыт Дина ммок-213 Тапсырма: Математикалық (компьютерлік) модельдеудің ғылымда маңызы қандай? Жауабы



Дата17.02.2022
өлшемі16,9 Kb.
#132167
Байланысты:
эссе .Нұрбақыт Дина
29337, Бақылау Геом Ордабай М

Орындаған: Нұрбақыт Дина ММОК-213
Тапсырма: Математикалық (компьютерлік) модельдеудің ғылымда маңызы қандай?
Жауабы:
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың адам өмірінде де,ғылымда да кең таралғаны баршамызға мәлім.Осы орайда 21-ғасырды ақпараттық технологиялар ғасыры деп айтсақ қателеспейміз.Эссе тақырып бойынша математикалық және компьютерлік модельдеудің маңыздылығын мысалдар келтіру арқылы дәлелдеуге бағытталған.

Қазір кез келген пайдаланушы өз мамандығын тиімді іске асыруда Excel,Mathcad,Avtokad және т.б дайын қолданбалы программаларға жүгінеді.Алайда бұл программалардың мүмкіндіктері шектеулі деуге болады.Себебі, есептеу барысында кездесетін есептердің барлығын дайын программалармен шығару мүмкін емес.Сондықтан болашақ маман ретінде дайын қолданбалы программалармен қоса компьютер көмегімен жаңа өзіндік программа жасап,өз саласына байланысты жаңа есептерді тұжырымдай білсе “білікті маман” болудың алғы шарты болмақ.Осы орайда білім беру салаларында,соның ішінде математика сабақтарында оқушыларға есептерді дәстүрлі әдістермен қоса компьютерлік модельдеу арқылы түсіндіру және оларға өзіндік модель құру арқылы есептер шығаруды көрсету білім сапасын арттыра түседі деп ойлаймын.


Сонымен қатар,кез келген құбылыстарды немесе күрделі физикалық процестерді және ақпаратты зерттеуде математикалық модельдеу өте тиімді және ыңғайлы тәсіл деуге болады.Мысалы, күрделі объектілерді (соның ішінде басқару объектілерді) өңдегенде, жобалағанда және жасағанда қарастырып отырған объектілердің сандық және сапалық қасиеттерін білу қажет. Өзара және қоршаған ортамен үздіксіз байланысатын материалды денелердің жиыны объектілер мен жүйелер болып табылады. Әдетте көп деген жағдайлар себебінен күрделі объектілерде орындалатын заңдылықтарын практикалық тексеру мүмкін емес. Сонымен бірге осындай тексеру көп материалдар шығындарын және көп уақытты талап етеді. Осы себептерден қарастырып отырған күрделі объектілердің қасиеттері мен заңдылықтарын модельдеу әдістері негізінде зерттеу өте тиімді болып табылады.


Қорыта айтқанда,математикалық модельдеу-кез келген маман үшін тиімді болып табылады.Сонымен қоса білім беру сапасын арттыратын бірден бір құрал болмақ.Әр түрлі салаларда математикалық модельдеу әдісін қолдану уақыт пен материялдарды үнемдейтін тиімді тәсіл екенін байқау қиын емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет