Орындаған: Сабырхан Аружан



бет3/4
Дата14.02.2023
өлшемі17,85 Kb.
#168670
1   2   3   4
Байланысты:
Орындаған Сабырхан Аружан-melimde.com (1)
4 Human-computer interaction.
Тәрбие механизмінің мәні болып оқушыларға әлеуметтік рольдерді меңгеруі мен орындауына педагогикалық көмек көрсету арқылы әлеуметтік мұра формалары мен тәсілдерін мақсатты бағытта қолдану табылады. Бала бұл рольдерді меңгере және орындай отырып, ең алдымен оны өзіне «көшіреді» немесе оларды өзіне «меншіктеп алғандай» болады, содан кейін өзінің жасампаз іс-әрекетімен оны әрі қарай көбейтеді.
Мұндай тәрбие механизмінің әсері тек педагог тәрбие қызметтерін ойдағыдай жүйелі іске асырғанда пайда болады:
а) диагностикалық (оқушыларды, олардың тәрбиелілігі мен тәрбиеленуін, тәрбие жағдайы мен ортасын зерттеу);
ә) мақсатты бағыт (тәрбие мақсатты мен міндеттерін таңдап алу);
б) жоспарлау (тәрбие процесінің ұйымдастырылу мазмұны мен тәсілдерін, жоспарланған жұмысты орындаушылармен оған қатысушыларды, өткізілу мерзімін анықтау);
в) ұйымдастырушылық (тәрбие процесін ұйымшылдықпен қамтамасыз ету);
г) жұмылдыру - қозғаушылық (оқушылардың қойылған міндеттерді шешуге дайындығын қалыптастыру);

д) қарым-қатынастық (психологиялық байланыспен қамтамасыз ету және педагог пен оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауы);


  • д) қарым-қатынастық (психологиялық байланыспен қамтамасыз ету және педагог пен оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауы);

  • е) қалыптастырушылық (тәрбие мақсаттарын оқушылар іс-әрекетінің мақсатына айналдыру);

  • ж) бақылау - талдау және бағалау (тәрбие күштерінің тиімділігін, жеке тұлғаның қалыптасу барысын бақылау, талдау және бағалау);

  • з) реттестіру және түзету (тәрбие процесіне қатысушылардың тәрбие жұмысын келісіп алуы және оған түзету енгізулері)

  • и) жетілдіру (тәрбиенің жаңа формалары мен әдістерін шығармашылықпен іздеу);


Тәрбие процесінің мазмұнын әлеуметтік рольдер жиыны мен оларға сәйкес келетін әлеуметтік құндылықтар құрайды.

Н. М. Таланчуктың пікірінше, тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімін, мұратын, адамдар арасындағы тәртіп пен қатынас нормаларын меңгеруін педагогикалық қамтамасыз ету табылады.
Оқу орындары ұжымын еңбек қатынасының бір түрі деп есептей келе, профессор Н. М. Таланчук оны балалардың кәсіптік-еңбек саласында әлеуметтік ролін орындауға дайындығын қалыптастыру үшін өте ыңғайлы және тиімді «жаттығу» деп қарастырды.
Профессор Н. М. Таланчук халықаралық әлеуметтік тәрбие міндетті түрде білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесінің құрамдас бөлшегі болуы керек екендігіне сенімді. Халықаралық әлеуметтік тәрбие баланы жалпыадамзаттық құндылықтар мен қызығушылықтар рухымен жеке тұлға етіп қарастырады деп есептейді және оның себебін түсіндіреді:
1. Халықаралық әлеуметтік құндылықтар рухымен жеке тұлға қалыптастыру – бұл қажеттілік заңды құбылыс: адам өмір сүргісі келсе, онда ол жалпыадамзаттық құндылықтар, қызығушылықтар, мақсаттар негізінде бірігуі керек.
2. Қоғамдық тәрбие міндетін халықаралық әлеуметтік тәрбие міндеттерімен толықтыру – бұл оның үйлесімділік табуы және одан әрі дамуы немесе еш дәлелдеусіз-ақ тек аясы тар әлеуметтік құндылықтар мен қызығушылықтарға құрылған тәрбие жүйесі бір жақтылықтан зардап шегетіні белгілі. Өйткені, ол жалпыадамзаттық тәжірибе мен дамудан бөлініп қалған.
3. Жалпыадамзаттық және нақты әлеуметтік құндылықтар үйлесімділігімен тәрбиеленген жеке тұлға, өзі үйлесімділікке қожалық етеді, керісінше, жалпыадамзаттық бастаудан кейін қалған адам еш уақытта үйлесім таба алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет