Орындаған: Сейтова Камила Тексерген: Утебалиева. Д



Дата16.02.2022
өлшемі121,49 Kb.
#131988
Байланысты:
макро срсп
sabaq-kz attachment saba-zhosparyn-blum-taksonomiyasy-negznde-rudy-erekshelkter

СОӨЖ 12: . Ашық экономикадағы тіркелген және өзгермелі айырбас бағамы жағдайындағы IS-LM үлгісі
Орындаған: Сейтова Камила
Тексерген: Утебалиева .Д.
IS-LM үлгісі (инвестиция-жинақтау, өтімділік-ақша) – экономиканың нақты жəне ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының эко номикалық тепе-теңдігін сипаттайды. Бұл үлгі тауар жəне ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдіктің орнауы үшін қажетті табыс көлемі (Y) мен нарықтық пайыз мөлшерлемесі (R) арасындағы үйлесімділікті табуға мүмкіндік береді. Сондықтан да IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.
IS-LM үлгісі:
1. игіліктер мен ақша нарықтарының өзара байланысын жəне өзара тəуелділігін көрсетуге;
2. осы нарықтардың жекелеген тепе-теңдіктерін қалып тасты руға жəне біріктірілген тепе-теңдігін де қалыптастыруға əсер ете тін факторларды анықтауға;
3. осы нарықтарда орын алатын тепе-теңдіктің өзгеруінің экономикаға əсерін қарастыруға;
4. фискалдық жəне монетарлық саясаттардың тиімділігін талдап көрсетуге;
5. жиынтық сұраныстың функциясын салуға жəне оған əсер ететін факторларды анықтауға;
6. экономикалық циклдің əртүрлі фазаларына сəйкес тұрақтандыру саясатының жолдарын талдап көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен, IS-LM үлгісі кейнстік тұрпаттағы үлгі болып табылады, экономиканы қысқа мерзімді кезеңде қарастырады жəне жиынтық сұраныстың қазіргі теориясының негізгі қызметін атқарады.
IS қисығы (инвестициялар-жинақтар) игіліктер нарығының тепе-теңдігін сипаттайды жəне сол игіліктер нарығында туындайтын нарықтық пайыз мөлшерлемесінің R жəне табыс деңгейі Y арасындағы өзара қатынасты бейнелейді.
IS қисығын құру үшін:
1. жиынтық шығындар үлгісі;
2. автономдық жоспарланған шығындардың пайыз мөлшер- ле месіне деген тəуелділік функциясы негіз болады.
IS қисығын инвестиция мен жинақтау функциялары арқылы құруға болады. IS қисығының бойындағы кез келген нүкте жинақтау мен инвестицияның тепе-теңдігін көрсетеді.
LM қисығы (өтімділік-ақшалар) ақша нарығының тепетеңдігін сипаттайды, яғни ол ақшаға деген сұраныс пен ақша ұсынысының теңдігі болып табылады.
LM қисығының графигі ақша ұсынысының (MS ) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сəйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың (ұлттық табыстың) арасындағы байланысты көрсетеді.
LM қисығының бойындағы кез-келген нүктеде ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысы тең болады
Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік деңге - йіне сəйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.
IS жəне LM қисықтары белгілі бір факторлардың өзгеруі салдарынан оңға немесе солға жылжиды.
IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады. IS-LM үлгісі ақша-несие жəне бюджет-салық саясаттарының қысқа мерзімдегі өзгерістерінің ұлттық табысқа əсер етуін талдау үшін қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет