Орындаған: Серік Әйбәт



бет3/3
Дата01.06.2022
өлшемі449,47 Kb.
#145739
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
БОтаника тамыр
PM-01


Тамырдың түрөзгеріс-тері

Қысқаша сипаттамасы, атқаратын қызметі.

Жем-тамырлар

Әр түрлі органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасшуаларында қорға жиналады, жуандап түрін өзгертеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Екі жылдық өсімдіктер (редискадан басқасы). Жемтамырлар асханалық (қызылша, шомыр, шалғам, тарна), техникалық(қант қызылшасы, ақжелкен, балдыркөк)

Тіреу тамырлар

Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлпасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.

Емізік тамырлар

Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады

Түйнекті тамырлар

Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамыларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.

Ауа тамырлар

Сабақтан дамиды. Оттегі жоқ, батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет