Орындаған:Қаметова Елназ Тексерген: Еркежан Жанатбековна



Дата07.02.2022
өлшемі356,32 Kb.
#90360
Байланысты:
Гепатиттер
Гепатиттер

Орындаған:Қаметова Елназ Тексерген:Еркежан Жанатбековна


ГЕПАТИТТЕР
Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.
Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды.
Вирустық гепатиттер
Вирустық гепатиттер – гепатиттің вирустары қоздыратын адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, бірінші кезекте адманың бауырын залалдайды. Гепатитің ең көп тараған белгісі терінің және көздің ағының сарғаюы болғандықтан, оны көбінше сары ауру деп атайды. Сары аурудың эпидемияларын біздің дәуірден бұрын Ү ғасырда Гиппократ сипаттаған, ал гепатиттің қозғаушысы тек өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. «Гепатит» деген ұғым қазіргі медицинада тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді. Гепатит, немесе бауырдың қабынуы сары ауру қызбасының, қызамықтың, ұшықтың, ЖҚТБ және кейбір басқа аурулардың белгісі. Сонымен қатар, уланудан болған гепатит бар, оның мысалы, ішімдіктің салдарынан бауырдың зақымдануы.
Вирустық гепатиттер бір-бірінен этиологиясы мен аурудың дамуына байланысты өзгеше болады, алайда оларды кейбір белгілері бір-біріне ұқсас.
Вирустық гепатиттің көптеген белгілері бойынша классификация жасау мүмкін:Этиологиясы бойынша гепатит A, B, C, D, E, G болып бөлінеді.
Аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел, жай өрбітін және созылмалы түрі болып бөлінеді. Дене қызуының көтерілуі (37,5 С)
Гепатиттің ауырлығына байланысты ауыр, орташа ауырлықтағы және жеңіл түрі болады.
Зақымданудың орнығуы бойынша, гепатиттер ошақты, мезенхималдық, паренхиматоздық гепатит болып бөлінеді.
А гепатиті
А гепатиті немесе Боткин ауыруы – ол вирустық гепатиттің ең кең тараған түрі.
Аурудың жасырын кезеңі (заладанғаннан бастап, гепатиттің бірінші белгілері байқалғанға дейін) 7 күннен бастап 50 күнге дейін созылады.
Ауру әдетте жоғары температурамен басталады, және кейбір беогілермен гриппке ұқсайды. 2-4 күн өткеннен кейін аурудың зәрі қоңырланады, сыраның немесе қою шәйдің түріндей юолады, оның пайда болады, оның пайда болуымен аурудаң жағдайы жақсарады. Аурудың ұзақтығы бір жұмадан 1,5-2 айға дейін, ал аурудан кейін қалыпқа келі уақыты жарты жылға дейін созылуы мүмкін. А гепатитінің диагнозы аурудың белгілері, науқастан мәліметтер жинау (гепатит А мен ауырған адамдармен қатынады болғандығы) және басқа да анықтаулар арқылы қойылады.
Вирустық гепатиттердің ішінде А гепатиті юолжам бойынша жәйлі болып саналады, аурудың салдары ауыр болмайды, көбіншк ауру өздігінен емдеусіз-ақ аяқталады. Қажет болса А гепатінің емі ауруханада ойдағыдай жүргізіледі. А гепатитімен ауырған кезде төсекте жату керектігі ұсынылады, арнаулы емдәм және гепатопротекторлар – бауырды қорғайтын дәрілер тағайындалады.
А гепатитінің өзіндік таралу жолдары – тұрмыстағы адамдар арасындағы қарым-қатынас және вирустармен заладанған тамақ пен суды қолдану арқылы таралады. Сонымен бірге кір қол арқала берілетіндіктен, А гепатитімен көбінше балалар ауырады. А гепатитінің алдын алудағы негізгі шара гигиеналық норманы сақтау. Сонымен қатар, балаларға вакцинация жасауды ұсынамыз.
Гепатит В
В гепатиті немесе қан арқылы берілетін гепатит өте қауіпті ауру, бауырды қатты залалдауымен сипатталады.
В гепатиті қан, жыныстық қатынас арқылы және анадан іштегі балаға жұғады. Әдеттегі жағдайда В гепатиті Боткин ауруы сияқты дене қызуының көтерілуінен, әлсіздіктен, буындардың ауруынан, жүректің айнуы және құсудан басталады. Мынадай белгілердің болуы мүмкін: зәр түсінің қоңыралуы және үлкен дәреттің ағаруы. Денеге бөртпе шығуы мүмкін, бауыр мен көкбауыр ұлғаяды.
В гепатитінде сарғаю өте сирек кездеседі. Бауырдың зақымдануы өте ауыр болуы мүмкін және қиын жағдайларда цирроз бен қатерлі ісік ауруыына шалдырады.
В гепатитін емдеу кешенді көзқарасты талап етеді және оның стадиясына, ауырлығына байланысты ем қолданады. Емдеу кезінде иммундық препараттар, гормондар, гепатопротекторлар (бауырды қорғайтын дәрі-дәрмек), антибиотиктер колданылады.
В гепатитінің алдын алу үшш нәрестелерге бipre толғанша вакцинация жасату керек.
Гепатит С
Вирустық гепатитінің ең ауыр тypi С гепатит немесе қан құйылғаннан болган гепатит. Бұл атты гепатит қан аркылы, қан кұю кезінде немесе зарарсызданбаган шприцтерден жуғатындыктан алды. Kaзipri уақытта бүкіл донорлық қан С гепатитінің вирусына тексерілінеді. Жыныс жолы арқылы және ауру анадан іштегі балага С гепатитінің вирусынын берілуі өте сирек.
С гепатитімен ауыратын адамдардын шамамен 70-80% аурудың созылмалы түpi дамиды. Онын ең үлкен қayіпі — цирроздын пайда болуына себепкер болады және катерлі ісікке әкеліп соқтыруы мүмкін.
С гепатит баска да вирустық гепатиттермен организмде бірігe жүрсе аурудың жағдайы кенет темендейді аурудың барысы асқынады және өлімшілікке әкеліп соктыруы мүмкін.
Бул аурудың қауіптілігі, қазіргі кезде cay адамды С гепатитін жұктырудан қоргай алатын нәтижелі вакцинанын жоқтығы.
Гепатит D
Д гепатиті немесе дельта-гепатит вирустық гепатиттердің баска түрлерінен айырмашылығы вирустың адам организмінде жеке өніп-өce алмайтындығы.
Ол үшін «көмекші-вирус» В гепатитінің вирусы керек. Сондықтан дельта-гепатит дербес ауру деп есептелмейді, ол В гепатитінің бағысын асқындыратын cepiктес – ауру. Бұл екі вирус, ауру адамның организмінде катар өмір сүргенде, аурудың ауыр түpi пайда болады, оны дәрігерлер супержұқпа деп атайды. Бұл аурудың барысы В гепатитінің барысына ұксайды, бірақ аурудың асқынуы жиі кездеседі және аса ауыр болады.
Гепатит Е
Ол езінің белгілерімен А гепатитіне ұқсайды.
Бірақ вирустық гепатиттердің басқа түрлерінен айырмашылығы Е гепатитінің ауыр түрінде бауырмен коса бүйрек те зақымданады. Е гепатиті А гепатиті сияқты, нәжіс-ауыз жолы арқылы жұғады, ауа райы ыстық және халқы сумен нашар камтамасыз етілген елдерде тараған, және бұл аурудан сауығу жөніндегі болжам бойынша, көбінше сәтті аяқталады.
Е гепатитін жұқтыру, аурулардың жалғыз ғана тобына — босанар алдындағы әйелдер ушін өте қауіпті. Бұл ауру мен ауырған әйелдердің өлім-жітімі 40 % - ға дейін болады, ал ішіндегі баласы өлі туады .
Гепатит А-ның негізгі белгілері:
Тәбеттің төмендеуі;Оң қабырғаның астының ауруы;Дене қызуының көтерілуі (37,5 С);Жүректің айнуы, кейде құсу;Әлсіздік, дімкестік;Зәрдің түсінің қоңырлауы;Үлкен дәреттің түсінің ағаруы;Таңдайдың, көз ағының сарғаюы, кейінірек терінің сарғаюы, кейде ауырған адамда сарғаю болмауы мүмкін.
Вирустық гепатит А ауыруының бірінші белгілері пайда болса, бірден дәрігерлерге барыңыз.
Қорғану шаралары
Жеке адам гигиенасын сақтау:
Қайнатылған, немесе өз шөлмегіңдегі суды ішу
Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен кейін қолыңызды сабындап жууды әдетке айналдырыңыз
Қоғамдық гигиенаны сақтау:
Әдейілеп бөлінген жерде суға шомылыңыз, шомылған кезде суды жұтпаңыз
Ашық су айдындарынан, өзеннен алған суды ішуге, тамақ жасауға және ыдыс-аяқ жууға қолдаңбаңыз
Көкөністер мен жемістерді қолданар алдында жақсылап мұқият жуыңыз
Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңда
Ол адамнан - адамға тез жұғып, тарайды. Әсіресе жаз айларында дендеп кетеді. Кесел ауру қоздырғыштары бар тамақтардан, ішетін судан, кір ыдыс - аяқтан, лас ойыншықтардан, көбіне тазаланбаған жеміс -жидектерден, қауын - қарбыздан, көбірек тұрып қалған қолдан жасалған салаттардан, қаймақ және сүзбелерден жұғады. Сондай-ақ әр адамның жеке басының гигиеналық тазалығын дұрыс сақтамауынан да болады.
Ауру аяқ астынан басталады. Ең бірінші белгісі – үлкен дәреттің сұйық түрінде бірнеше рет өтуі.Сонымен қатар дене ыстығы 38-39 градус шамасына дейін көтеріледі. Алғашқы кезде әлсіздік пайда болып, асқа тәбеті төмендейді, онан соң аздап іші ауыра бастайды. Аурудың ішінің өтуі 3-5 рет,кей жағдайда 8-10 ретке дейін болады. Науқас 2-3 күн емделмесе, ұлы дәреті ірің және қан аралас болады. Іштің ауырғаны кіндіктің айналасы, қуықтың сол жағында байқалады және әрбір үлкен дәретке отырған сайын сол жер оқтын - оқтын бүріп ауырады.Үлкен дәретке отырып болғаннан кейін іштің ауырғаны қоймайды. Науқас кідірмей дәрігерге көрінгені және ауруханада емделгені жөн.
Алдын-алу шаралары
Тамақ ішердің алдында және әжетханадан кейін қолды сабындап жуу керек. Көкөністерді, жеміс-жидектерді пайдаланар алдында мұқият тазалап жуған дұрыс. Тоңазытқышта сақталмаған кеше кешкілік дайындалған тағамдарды ертеңіне ішпегеніңіз жөн. Жаз айларында қайнатылған суды ішу керек.
Ауруды емдеу жолдары
Егер ауру жеңіл түрінде болса, науқас үйінде емделеді. Диета сақтауы керек, майы көп, қуырылған, тұздалған тағамдарды пайдаланбағаны жөн. Күріш көжесінің суы, кисель, газсыз минералды су, қант салған шәй тиімді. Егер адам денесі белгілі мөлшерде су жоғалтса, онда регидрон, тұзды қоспа суларды пайдаланған жөн. Оны әрбір он минут сайын 1 қасықтан ішіп отыру керек. Егер науқастың жағдайы өте нашар болса, онда оны міндетті түрде ауруханаға жатқызған дұрыс. Науқас өз бетімен емделсе, көп жағдайда ауру асқынып, созылмалы іш ауруына шалдықтырады немесе ішіне ас тұрмайтын күйге ұшырайды. Сондықтан науқас кідірмей дәрігерге көрініп, емханада немесе ауруханада дәрігердің бақылауымен жөнді ем алғаны дұрыс.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет