Қорытынды Қолданылған Әдебиеттер Кіріспе



бет4/17
Дата21.10.2022
өлшемі168 Kb.
#154458
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ref 1388
0001d066-4e2948d3, 0001d066-4e2948d3, 6 сынып тапсырма №1, 5-с деңгейлік тапсырмалар, Экономикалық география сөж, Ақсеңгір ОМ
ПАРЛАМЕНТ
ҚР-ның Парламенті 1995 ж. 30-тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Конституцияға сәйкес, заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган болып табылады. ҚР-ның Жаңа Негізгі Заңына сәйкес Парламент екі рет – 1995 ж. және 1999 ж. сайланды.
Парламенттің құрылымы екі палаталы: жоғарғы палата – Сенат, төменгі палата – Мәжіліс.
Сенат депутаттары әрбір облыстан, республикалық мәндегі қаладан және ҚР-ның астанасынан екі адамнан, осы облыстағы, республикалық мәнге ие қаладағы және ел астанасындағы барлық өкілетті органдар депутаттарының біріккен мәжілісінде сайланады. Сенаттың жеті депутатын Парламенттің өкілеттік мерзіміне Президент тағайындайды.
Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың әкімшілік-территориялық бөлінісін ескеріп құрылған және сайлаушылар саны шамамен бірдей болатын бір мандатты территориялық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат тең дәрежелі өкілеттілік және біртұтас жалпы ұлттық сайлау округі территориясы бойынша партиялық тізім негізінде сайланады.
Әрбір Палатаның өзінің өкілеттік күші жүретін қызмет аймағы бар, сонымен бірге бірқатар өкілеттіліктерді бірге отырып жүзеге асырады.
Конституцияның 55-бабына сәйкес Сенаттың тікелей құзырына мыналар жатады: Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы сот төрағасын тағайындау және қызметінен босату; Президенттің Бас прокурорды және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру; Бас прокурорды, Жоғарғы сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергілікті өкілетті органдардың өкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату; Президентті қызметінен босату туралы Мәжіліс көтерген мәселені қарау, т. б.
Мәжілістің жеке құзырына мыналар жатады: тиісті заңдар жобаларын қарауға қабылдап алу және қарау; Парламент қабылдаған заңдарға Президенттің қарсылығы бойынша ұсыныстар дайындау; Президенттің ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы төрағасын, төраға орынбасарларын, хатшылары мен мүшелерін сайлау және босату; Президенттің кезекті сайлауын жариялау және оның кезектен тыс сайлауын өткізуді тағайындау, т. б.
Парламент Палаталарының біріккен мәжілістерінде: Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар қабылдайды; республикалық бюджетті және Үкімет пен бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Санақ комитетінің есептерін бекітеді; Палаталардың әрқайсысындағы депутаттардың жалпы санының үштен екісінің дауыс беруімен, Президенттің ұсынысы бойынша, оған бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығарушылық өкілеттік беруге құқылы; Президенттің Премьер-министрді, Ұлттық банк төрағасын тағайындауын бекітеді; Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіре алады; соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешеді; республикалық референдум белгілеу туралы ұсыныс енгізеді, т. б.
Тұтастай алғанда, Парламенттің қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметінің пікір алшақтықтарын барынша азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс істеуін мақсат етеді: палаталар бір-біріне бағынбайды, бір-біріне тәуелсіз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс режимінде қызмет атқарады, өздерінің қызмет саласы мен міндеттері бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бірлесе қызмет етуге міндетті.


ҮКІМЕТ
Үкімет атқарушы биліктің жоғарғы органы болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің ерекше тармағы ретінде, министрліктерден, агенттіктерден, комитеттерден, жергілікті атқару органдары – облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктерден тұратын атқарушы органдар жүйесін басқарады. Президент Парламенттің келісімі бойынша Премьер-министрді қызметке тағайындайды, оны қызметінен босатады, Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және оларды қызметінен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды. Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қуатының, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіптің сақталуының негізгі бағыттарын белгілейді, Парламентке республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы есепті ұсынады, Мәжіліске заңдар жобасын еңгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, сыртқы саясатты жүргізу жөніндегі шараларды қабылдайды. Премьер-министр Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық етеді, оның жұмысына жауап береді, Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкімет мүшелері өз өкілеттіктері шегінде дербес шешімдер қабылдайды. Олар өздеріне бағынатын органдардың жұмысы үшін Премьер-министрдің алдында жауап береді. Парламенттің әрбір Палатасы Үкімет мүшелерінің қызметтері жөніндегі есептерін құқылы. Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметінен босату жөнінде Президентке мәлімдей алады. Үкімет, өз құзыры шегінде , бүкіл мемлекет территориясында міндетті күшке ие қаулылар қабылдайды. Жаңадан құрылған Үкімет өз қызметінің бағдарламасын жасап, бұл тұралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкіметтің бағдарламасын қабылдамаса, Үкімет екі ай ішінде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер парламент депутаттарының жалпы санының үштен екісінің дауыс беруімен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіреді. Үкімет зандық ұсыныстар енгізуге құқылы. Үкімет заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес Парламент Мәжілісіне заңдардың жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшін жауапты болатын министрліктер, мемлекеттік комитеттер, бірінші басшылар қатысады. Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобаларын еңгізу жөніндегі тапсырмаларын орындайды. Үкімет сыртқы қызметтерді де атқарады. Ол халықаралық келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою жөнінде шешім қабылдайды, сауда, қаржы, білім беру, ғылым, т.б. салаларындағы сыртқы қатынастарды дамыту шараларын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде қызмет етеді және жаңадан сайланған Президенттің алдында өзінің қызметін тоқтатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет