«Өрлеу» баұО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ баи оқушылардың ОҚу сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар жинағЫ Әдістемелік құрал



бет20/24
Дата07.02.2022
өлшемі3,03 Mb.
#95749
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Оку сауаттылыгын дамыту бойынша тапсырмалар жинагы
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Қымыз –шипалы сусын

Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтімен ашытылады.
Қымызда мынандай минералдық заттар бар: кальций тотығы – 48%, магний тотығы – 3,4%, фосфордың бес тотығы – 21,3%, хлор – 7,5%.
Қан құрауда маңызды роль атқаратын кобальт пен мыс сияқты элементтер сиыр сүтінен гөрі бие сүтінде едәуір көп: кобальт онда 1,5 есе, ал мыс 3,2 есе артық. Бір литр қымызда 1,60 мг мыс болады.
Құрамындағы микроэлементтерінің мөлшері жөнінен бие сүті ана сүтіне жуықтау, бұл жөнінде Донецк медицина институтының ғылыми қызметкері Е. П. Гребникованың және басқаларының деректері дәлел бола алады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.
Солардың негізгі түрлері мыналар:
Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн жиналады.
(Қ.Дүйсенбаев. Қымыз. Алматы. Қайнар, 1968)
50-тапсырма: жауаптарды сұрақтарына қарай сәйкестендіріңіз



  1. Бие сүтінің уыз дәмі таралған

кезде ашытылған қою қымыз

а) қорабалы қымыз



  1. Жаз ортасындағы, шөп әбден

піскен кездегі қымыз –

ә) бал қымыз



  1. Бал, қант секілді тәтті қосып

жуасытқан қымыз

б) сары қымыз

  1. Мол қордың үстіне күн сайын

сүт құя отырып, жинаған қымыз

в) уыз қымыз



51-тапсырма: қазақтың ұлттық сусыны қымыздың ерекшелігін танытып, «Қымыз туралы сыр шертсем» тақырыбында эссе жазыңыз


_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет